екі кезеңдегі өзгеру дәрежесін көрсететіндіктен, мұнда салыстырылатын уақыттың дәрежесін, онымен салыстыратын уақыттың мәніне бөлу керек.
Жалпы индекстерді есептеу. Тікелей салыстыруға және қосуға келмейтін
элементтерден тұратын, күрделі қоғамдық
құбылыстардың уақытқа байланысты өзгерісін
жалпы индекстер деп атайды.
Осы құбылыстардың өзгерістеріне талдау жасау жасау үшін, өзара қосуға болмайтын жекелеген белгілерін салыстыратын шама арқылы қосып, жалпы жиынтығын есептеуге болады. Мысалы, ауыл шаруашылығының жалпы өнімін есептеу үшін жиналған астықтың мөлшеріне мал басын қосуға болмайды.
Оны есептеу үшін осы өнімдердің әр бөлігіне өздеріне тән бағаны немесе өзіндік құнды қолдану арқылы олардың жалпы құндық көрсеткіштерін ақшалай есебінде есептейміз.
Сонымен, өнімнің жалпы мөлшерін есептеу үшін бағаны немесе өзіндік құнды негізге алып, барлық көрсеткіштер бір өлшем бірлігіне келтіріледі және ақшалай түрінде көрсетіледі.
Статистикада жалпы индекстерді латынның үлкен «I» әрпімен белгілейді және нені зерттейтіндігіне байланысты осы белгінің төменгі оң жағына оның таңбасы бірге қосылып жазылады:
Iq, Ip, Iz, Iqz, Ipq және т.б.
Егер жиынтық бірліктері жеке бөліктерден немесе жеке топтардан тұратын болса,
онда топтық индекстер деп аталады.
Мысалы, ауыл шаруашылық өнімдері жалпы индекске, ал өсімдік және мал шаруашылығының өнімдері топтық индекстерге жатады. Сондай-ақ топтық индекстерге ауыл шаруашылық салаларының әрқайсысында өндірілген өнімдердің түрлері де жатқызылады.
«қосамыз» деген мағынаны білдіреді.
Мұнда қарастырылып отырған индекстердің алымы мен бөлімі екі көрсеткіштің, яғни сандық және сапалық белгілерінің көбейтіндісінің қосындысына тең.
Егер, осы қосындының алымы мен бөлімі арасындағы айырмашылықты қарастыратын болсақ,
нақты өзгерісті және оған әсерін тигізген себепті анықтауға толық мүмкіндік туады.
Егер, алымы мен бөлімі арасындағы айырмашылық теріс сан болса, онда түрлі себептерге байланысты ақша үнемделгені,
ал оң сан шықса, онда артық жұмсалғандығы көрінеді.
Сонымен, агрегатты индекстер экономикалық жалпы индекстердің негізгі және көп тараған түрі болып саналады.
Оны анықтау үшін осы берілген көрсеткіштердің біреуін екі кезең бойынша тұрақты етіп алып, ал екінші көрсеткішті өзгермелі түрде аламыз.
Мысалы, сатылған тауар көлемінің өзгеруі жалпы тауар айналымына қалай әсер еткенін анықтау үшін, оның екі мерзімдегі көлемін (q1 және q0) тұрақты бір салыстырмалы бағаға (p0) көбейтіп, одан шыққан қосындылардың шамасын бір-біріне бөлеміз.
Демек, тауар айналымының көлемдік жалпы индексін есептейміз:
Iq = ∑q1p0 / ∑q0р0, Мұндағы:
∑q1p0 – ағымдағы мерзімде сатылған тауар санын өткен уақыттағы бағамен есептегендегі шартты құны;
∑q0р0 - өткен мерзімдегі сатылған тауарлардың құны.
Жалпы
Статистикада осы есептелген үш индекстердің арасында мынадай байланыс бар:
Ipq = Ip * Iq Қорыта айтқанда, агрегаттық индекстердің байланысы арқылы есептелінген көрсеткіштердің дұрыстығын тексеруге болады және экономикалық құбылыстардың өзгеруіне әсерін тигізетін себептерді анықтауға болады.
Назарларыңызға рахмет!