Құрамы Тамақ өнімдерінің органикалық заттары және энергетикалық құндылығы Тамақ өнімдерін сақтау



бет96/101
Дата09.05.2022
өлшемі328,05 Kb.
#33323
түріҚұрамы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101
Байланысты:
лаб мет указ новый

Бақылау сұрақтары:

  1. Дән анализі дегеніміз не?

  2. Дән анализі қандай жағдайда қолданылады?

  3. Квас суслосын дайындау процесін сипаттаңыз

  4. Квас суслосының ерекшелігін көретіңіз

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ № 38. Крахмал анализі
Жұмыстың мақсаты: жарма зауыттарындағы дайын өнімдердің шығымын есептеу, принцип ережелерін талдау және нақты мысалдар арқылы методикасын игеру.

Жалпы жағдайы. Дәннің сапасы жарманың жалпы шығынына әсер етеді.

Сондықтан өңделген дәннің сапа көрсеткіштері бойынша қажетті дайын өнімнің шығымын есептеуге болады. Есептік шығымды нақты шығынмен салыстыра отырып, кәсіпорындардың жұмысын бағалауға, дәндерді өңдеу арқылы жарманы алу технологиялық процессінің дұрыс жүргізілуін бағалауға мүмкіндік береді.

Жармалық зауыттың жұмыс тәртібін бағалау үшін өндірістік корпусты айына бір реттен кем емес тазарту жұмыстарын жүргізіп отырады.

Қорытындыларды 117 формаға (өндірістік корпусты тазарту және өңдеу қорытындылары актісі) енгізеді. Ол өз кезегінде одан алынған дайын өнімнің және де өңделген дәннің сапасы мен санын көрсетеді.

Методикалық көрсетулер. Бұл лабораториялық жұмысты әрбір студент берілгендері бойынша орындайды. Жұмыс ұзақтығы 2-3 сағат.

Есептеу жұмыстарын жүргізу үшін дәннің сапа көрсеткіштерін қолданады: қауыздың және таза ядроның мөлшерін, қиын ажыратылатын араласпалар мөлшерін, бүлінген және қауыздалган дәндердің мөлшерін, сонымен қатар ылғалдылығын, сонымен қатар сұлы, арпа, жүгері және бұршақ дәндерінде майда дәннің пайыздық мөлшерін есепке алады.

Дән сапасының нақты көрсеткіштерінен басқа сапаның базистік көрсеткіштерін білу қажет. Қауызды дақылдар ( күріш, қарақұмық, сұлы т.б.) үшін базистік көрсеткіштеріне қауыздың және таза ядроның мөлшерін көрсету керек. Жоғарыда айтылған көрсеткіштерден басқа, дәннің қызыл қабықшасының мөлшерін білу керек, ал сұлы үшін майда дән мөлшері.

Қауызды дақылдар үшін базистік сапа көрсеткіштері 59-кестеде көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет