Құрамы Тамақ өнімдерінің органикалық заттары және энергетикалық құндылығы Тамақ өнімдерін сақтау



бет100/101
Дата09.05.2022
өлшемі328,05 Kb.
#33323
түріҚұрамы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101
Байланысты:
лаб мет указ новый

Жұмыстың орындалу жоспары:

  1. Типтік құрамын анықтау;

  2. Собықтағы жүгерінің залалдануын анықтау;

  3. Собықтан астықтың шығымын анықтау;

  4. Собықтағы жүгерінің ылғалдылығын анықтау;5. Қалдықтар мөлшерін анықтау;

6. Тұжырым.

Жұмыстың орындалуы

1. Типтік құрамын анықтау:

Собықтағы жүгерінің типтік құрамын собық жəне астық арқылы анықтайды. Собық арқылы типтік құрамын анықтау біріккен сынама бойынша жүреді. Ол үшін 10 немесе 100 собық алынады. Олардан əр типті собықтар бөлініп алынады, саналады, олардың пайыздық мөлшері есептеледі.

Астық арқылы жүгерінің типтік құрамы 50 г орташа сынаманы уатқаннан кейін анықталады.

Негізгі типті жүгерінің өлшендісін талдау кезінде одан басқа типті жүгерінің қалдықтарын алып тастайды. Алынған фракцияларды өлшейді жəне өлшендіге қатысты пайызбен көрсетеді.

Нəтижелерді жазу:

______типтегі собық____________________%_______________

______типтегі собық ____________________%_______________

______типтегі собық ____________________%_______________

______типтегі собық ____________________%_______________

Жүгерінің типі __________________________________________



2. Залалдануды анықтау:

Орташа сынаманы алады (10 собық) жəне барлық собықтарда лупа арқылы мұқият зиянкестердің бар жоқтығын қарайды.

Собықты жүгерінің кенемен залалданғанын анықтау үшін 10 собықты жұп жұбымен қара шынының үстіне соғады да, қара шыны бетін лупаның көмегімен кененің бар жоқтығын анықтайды.

Жəндіктер мен кене табылған жағдайда, олардың санын жазады. Құжаттарда зиянкестердің түрі мен санын көрсетеді.

Нəтижелерді жазу:

Зиянкестің түрі:___________саны____________

Зиянкестің түрі:___________саны____________

Зиянкестің түрі:___________саны____________

Зиянкестің түрі:___________саны____________

3.Собықтан алынатын дəн шығымын анықтау

10 собықтан тұратын орташа сынаманы өлшейді жəне уатады. Уатудан кейін алынған астықты өлшейді. Таза астықты анықтау үшін өзектердің ұсақ бөлшектерімен араласып кеткен астық массасынан 100 г өлшенді бөліп алып, оның ішіндегі өзек бөліктерін алып тастайды да, тазаланған астықты өлшейді.

Астық шығымын

Х=m1*m2/m к

формуласы бойынша анықтайды.

Мұндағы, m1– орта өлшендіні уатқаннан кейін алынған дəн массасы, г; m2 – 100 г өлшендідегі таза дəн массасы, г; m – орта сынама собықтарының уатылғанға дейінгі массасы, г.



Нəтижелерді жазу:

Орта сынама собықтарының уатылғанға дейінгі массасы _______г.

Уатқаннан кейінгі собықтың орта сынамасының массасы _______г.

100 г өлшендідегі таза дəн массасы _________________________г.

Астық шығымы _________________________________________%.

Өзек шығымы __________________________________________%.

Собықтан алынатын дəннің шығымын есептеудің мысалы

Собықтың орташа сынамасының массасы – 2800 г. Уатылғаннан кейін өзек бөліктерімен бірге алынған дəн – 2200 г. Ұсақ бөлшектерден ажыратқаннан кейін 100 г өлшендіден 99 г қалды.



Есептеу:

Жүгері собығынан шығатын дəннің мөлшері:

Шз=2200*99/2800=77,7=77%; Шсаб =100-77=23%.

4. Собықтағы жүгерінің ылғалдылығын анықтау

Біріккен сынамадан үш собықты бөліп алады. Дəннің жəне сабақтарының ылғалдылығын бөлек анықтайды. Собықтарды қолмен немесе жүгеріуақтағышпен уатады жəне алынған дəннен 50 г өлшенді бөліп алады. Оны белгілі бір ірілікке дейін ұсақтайды да, содан кейін осы өнімнен 5 г-нан екі өлшенді бөліп алады, негізгі əдіс арқылы кептіреді немесе алдын ала кептіреді, егер ылғалдылығы 18%-дан жоғары болса.

Өзектердің ылғалдылығын анықтау үшін əрбір өзектің соңғы ұшынан ұзындығы 2 см болатын бөлік кесіп алады жəне лақтырады. Содан кейін өзектің соңғы ұшынан жəне ортасынан 3 см-ден кесіп алады да, бөліктерге бөледі жəне ылғалдылықты екі 5 грамдық өлшендіде негізгі əдіс бойынша анықтайды.

Собықтағы жүгерінің ылғалдығын: алымында дəннің ылғалдығын, ал бөлімінде – өзектің ылғалдығын бөлшекпен көрсетеді:

Ылғалдылықты дəні мен өзегінің салмақтық қатынасына қарай собықтағы жүгерінің барлық партиясына есептейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет