Құрамы Тамақ өнімдерінің органикалық заттары және энергетикалық құндылығы Тамақ өнімдерін сақтау



бет30/101
Дата09.05.2022
өлшемі328,05 Kb.
#33323
түріҚұрамы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   101
Жұмысты орындау техникасы

Сиыр етін тазалау кезінде алынған сіңір қабыршығын ет қалдықтарынан тазалайды және еттартқыштан өткізеді. Балықты терісіз, сүйексіз жон етке бөледі, терісін зерттеу жүргізу үшін қолданады.



Балық және ет өнімдерінің коллагенінің дезагрегациясына температураның ықпалын анықтау.

  1. Балық терісі мен еттің жалғастырушы ұлпаларын ет тартқыштан өткізеді.

  2. 25 грамнан 8 сынама алынады және оны сыйымдылығы 200 мл - лық 8 конустық сауытқа салады.

  3. Алғашқы 6 сауытқа 50 мл су құяды,

  4. 7-ші сауытқа 40 мл су мен 6 %-дық лимон қышқылынан 10 мл құйылады

  5. 8-ші сауытқа 40 мл су мен 6 %-дық лимон қышқылынан 5 мл құйылады

  6. № 6,7, 8 сауыттарында индикатор қағаз көмегімен рН анықтау керек.

  7. Барлық сауыттарды қайтарғыш тоңазытқыштарымен байланыстырады

  8. № 1,2,3 сауыттарды тез қайнатуға дейін жеткізіп, әлсіз қайнатуда № 1 сауытты 30 минут, № 2 сауытты 45 минут, № 3 сауытты 60 минут ұстау қажет.

  9. № 4 сауытты 90 ̊С-ға дейін қыздырылған су моншасына қойып, осы температураны ұстап 1 сағат ішінде пісіру керек.

  10. № 5 сауытты қайнау температурада 1 сағат пісіру керек.

  11. № 6,7,8 сауыттарды қайнау температурада 1 сағат пісіру керек.

  12. Уақыты біткен соңсауыттарды тоңазытқыштардан алады.

  13. Сауыттарды тез арада суық су ағысында салқындатады.

  14. Сауыттардың ішіндегісін өлшегіш цилиндрлерге құйып, көлемін дистирленген сумен 50 мл дейін толтырады.

  15. Мақта арқылы сүзеді.

  16. Әрбір сорпадағы құрғақ заттардың мөлшерін рефрактометриялық әдісімен анықтайды.

Сынама массасының пайыздық өлшемінде сынамадан алынған глютин мөлшерін (1) формуласы бойынша анықтайды


х = а • 0,7 • V / m (1)
мұнда а – рефрактометриялық әдісімен анықталған сорпадағы құрғақ заттектің пайыздық өлшемі

0,7 – сорпаның құрғақ заттардың мөлшерін глютинге қайта есептеу коэффициенті;

V – сорпа мөлшері, мл;

m – сорпаны дайындауға алынған сынаманың салмағы, г


Жұмыс бойынша қорытынды жасау.

Қайнату ұзақтығын өзгерту арқылы, сұйықтық коэффициенті мен қышқыл мөлшерін өзгерту арқылы жұмысты түрлендіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет