Бақылау сұрақтары
Сүт қышқылы сусындар сапасына қандай стандарт талаптары қойылады.
Сүт қышқылы сусындардың сапалық көрсеткіштерін анықтау әдістері.
Сүт қышқылы сусындар өндірісінің технохимиялық бақылауы.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 17. Сүтті жылумен өңдеу. Оның тиімділігін анықтау; Сүт консервілері өндірісіндегі технохимиялық бақылау схемасын зерттеу.
Қажетті құрал-жабдықтар:
Қажетті шикізаттар мен реактивтер:
Шикі сүт, 0,1 % -тік фенолфталеинфосфат түссіз ерітіндісі, иодкалиилі крахмал; 0,5 %- сутек асқын тотығының ерітіндісі, этил спирті.
Жұмысты орындау әдісі . Шикі сүттің қышқылдылығын, термотұрақтылығын, тазалық деңгейін анықтайды. Әр түрлі режимдерде сүттің жылулық өңделуін жүзеге асырады.
Пастерлеу :
76 ºС температура 15-20 с ұстайды;
86 ºС температура 5-10 мин ұстайды.
Стерилдеу :
120 ºС температура 5-10 мин ұстайды.
Жылумен өңдеудің тиімділігін анықтайды. Ол үшін пастерленген және стерилденген сүттің құрамындағы фосфотаза мен пероксидазаны анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |