Тұтып алу елеуіштеріндегі кебектерге бақылау
Бұл операцияны дән маңызының негізгі массасын жуғаннан кейін жүргізеді. Бұл үшін, тұтып алу елеуіштерінде (жоғары және төменгі) жинақталған кебек бөліктерін құрылғының төменгі декасына салады, камераны жабады және кебектерде дән маңызының қалқындыларының болуын бақылауды нұсқаулыққа сәйкес жүргізеді.
Тұтып алу елеуіштеріндегі кебектерді бақылау дән маңызының түйіршіктерінің толық сұрыпталғанына дейін жүргізеді. Егер кезекті алуда кебектерден дән маңызының түйіршіктері алынбаған жағдайда, онда бақылау процесі тоқталады.
Кебектегі бөліктерден жуылған дән маңызының түйіршіктерін кемарадан алып шығады, құрғақ алақандар арасында бір рет сығады, өлшейді және дән маңызының негізі массасына қосады
Достарыңызбен бөлісу: |