Бақылауды жүргізу тәртібі
Қамырды әзірлеу
Суды шақтауды және қамырды илеуді су мөлшерлегіші бар У1-ЕТК қамыр илегіш (ол болмаған жағдайда су мөлшерлегіш ДВЛ-3 және қамыр илегіш ТЛ-1-75, ГОСТ 13586.1-68 бойынша пайдаланады) көмегімен жүргізеді.
Мөлшерлегіштегі лимбты реттеу арқылы талап етілетін су мөлшерін бекітеді (кестеге сәйкес) және оны қамыр илегіш кеспекке шығарады. Содан кейін тұтастай тартылған дән өлшендісін кеспекке салады, оны қамыр илегіш басының корпусына қосады және «Пуск» батырмасын басады.
Илеу басының автоматты түрде тоқтатылғанынан кейін кеспекті босатып алады және цилиндр түрде қалыптасқан қамырды шығарады, штифте және кеспекте қалған қамыр кесектерін алып жалпы массаға қосады.
Қамырдың біркелкі иленбегені жағдайында, оны кеспектен шығармай тұрып, қайтадан илейді.
Қамырды илеуге қажет су мөлшері
Өлшенді салмағы, г
|
Су көлемі, см3
|
25
|
14,0
|
30
|
17,0
|
35
|
20,0
|
Дән маңызын жуу
Қамыр иленгенінен кейін, суланған арнайы құрылғымен 1,5-2 мм қалыңдықты пластина қылып жаяды және 10 минутқа жатқызыла тұруға суы бар сиымдылыққа (1 дм3кем емес) салады. Жатқызыла тұру аяқталғаннан кейін қамыр платинасын судан алып шығады, біртекті қалыпқа түскенге дейін қолмен 2-3 рет қысып дөңгелектейді, содан кейін 5-6 бөліктерге қолмен үзіп бөледі және құрылғының (МОК-1, МОК-1М, МОК-2) төменгі декасының дөңгелек ортаңғы бөлігіне алдын ала сумен ылғалданған жұмысшы камерасына салады. Ақаулы (өздік қызған, кепкен, өскіндеген және т.б.), үгіттелмелі, дән маңызы байланыспайтын бидай дәнінің дән маңызын анықтаған жағдайда жууды I нұсқа бойынша жүргізеді. Егер құрылғының тұтып алу елеуіштерінде дән маңызы өте көп қалса және процесс соңында жұмысшы камераны ашқан кезде дән маңызы үгітілген түрде (жгутқа қалыптаспаған) болуы байқалса, вариант жуу процесі кезінде бекітіледі. Жуылған дән маңызын құрғақ алақандар арасында бір рет қысады және өлшейді. Құрылғыдағы жұмысты әзірлеуші-завод нұсқаулығына сәйкес жүргізеді. Талданатын өлшендінің салмағы 30-35 г артық болған жағдайда 1 кезеңнің ұзақтығын 1 минутқа көбейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |