Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағынабайланысқанқұрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады


Сырттағылар тегіс кіріп, 2) орын-орындарына жайғасқан соң



бет2/10
Дата06.01.2022
өлшемі118 Kb.
#11789
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сырттағылар тегіс кіріп, 2) орын-орындарына жайғасқан соң.

Бағыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлеммен байланысуынақарай көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем екіге бөлінеді:

1) жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас; 2) сатылы көп бағыныңқысабақтас.

Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сөйлемдерінің әрқайсысыбасыңқы сөйлеммен тікелей байланысады. Мысалы: Ағайын-туыстары Тілекті ортаға алып, кезек-кезек бетінен сүйіп, қолынан қысып, табысымен құттықтасып жатыр. Сөйлемнің құрамындағы әрбір бағыныңқы сыңары басыңқымен тікелей байланыса алады. Мысалы: Ағайын-туыстары Тілекті ортаға алып, табысымен құттықтасып жатыр; кезек-кезек бетінен сүйіп, табысымен құттықтасып жатыр; қолынан қысып, табысымен құттықтасып жатыр.

Сатылы көп бағыныңқы сабақтастың құрамындағы бағыныңқы сыңарлары басыңқымен тікелей байланыспай, өзара бір-бірімен байланысып барып басыңқымен байланысады. Мысалы: Көк алғаш тебіндеп шығып, жер дегди бастағанда, Құнанбай Қарқаралыдан елге қайтты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет