Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағынабайланысқанқұрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады



бет3/10
Дата06.01.2022
өлшемі118 Kb.
#11789
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сабақтас құрмалас, жасалу жолдары, түрлері, тыныс белгісі. Аралас құрмалас сөйлем, тыныс белгісі

Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы бағыныңқы мен басыңқысөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай алты түрге бөлінеді: 1) шартты бағыныңқы; 2) қарсылықты бағыныңқы; 3) себепбағыныңқы; 4) мезгіл бағыныңқы; 5) қимыл-сын бағыныңқы; 6) мақсатбағыныңқы.

1. Шартты бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдерінің біріншісі екіншісіндегі істің орындалу не орындалмау шартын білдіретін құрмаластың түрі шартты бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Шартты бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдердіңбағыныңқысыңарының баяндауышы тиянақсыз болып, сабақтаса байланысады. Шартты бағыныңқысабақтас сөйлемнің сыңарларыныңарасына үтірқойылады.

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысыңарының баяндауышыныңжасалу жолдары:

1) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің -са, -се шартты рай тұлғасынанболады. Мысалы: Айтқан сөзің дұрыс болса, қалғанын өздері түсіне жатар.

2) көсемше тұлғалы етістіктің -ма+й, -ме+й немесе -майынша/мейінше,

Байынша/бейінше, -пайынша/ пейінше жұрнақтарынан болады. Мысалы: Бұл оқиға дәл осы күндердің өзінде тыным алмай, ұзын құлақ арқылы тамам Тобықтыны шарлап шықты. Шындықтың бетін ашпайынша,жарғақ құлағы жастыққа тимеді.

3) жатыс септігіндегі өткен шақтық есімшеден болады. Мысалы: Мылтығын алып шықпағанда, азулы қасқырдан құтылуы екіталай еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет