Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағынабайланысқанқұрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас деп аталады



бет5/10
Дата06.01.2022
өлшемі118 Kb.
#11789
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сабақтас құрмалас, жасалу жолдары, түрлері, тыныс белгісі. Аралас құрмалас сөйлем, тыныс белгісі

Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауышытөмендегідей жолдармен жасалады:

1) шартты райлы етістікке да, де шылауының тіркесуінен жасалады. Мысалы: Екеуінің мақсаты екі түрліболса да, бірге жұмыс істегендеріне он шақты жыл болып қалды.



2) шартты райдың болымсыз түрінен болады. Мысалы: Күн бұлттанғаны болмаса, жаңбыр жауған жоқ.

3) Көмектес септік тұлғасындағы өткен шақтық есімше арқылы жасалады. Мысалы: Ай қараңғы болғанмен,жолды болжауға әбден болады.

4) Есімше тұлғалы етістікке -ша/ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Бұл сөзді естігенше, жерге батып жоғалған жақсы еді.

5) -а/е, -й жұрнақты көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Өз көңіліңді білдіре, менің көңіліме демеу сала келгеніңе ризамын.

6) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы:Терімшілер күннің салқындығын елеместен, бастаған жұмыстарын бітіруге асықты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет