Құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін «депортация», «арнайы қоныс аударылғандар»



бет1/7
Дата28.03.2023
өлшемі391,29 Kb.
#76974
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11-26 Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы[1]


Сабақтың тақырыбы: Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы

Оқу мақсаты:
- Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін «депортация», «арнайы қоныс аударылғандар», «полиэтникалық қоғам», «ұлттық саясат», «интернационализм» ұғымдарын пайдалану;
- Қазақстанда халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу;
- кеңестік кезеңде Қазақстан этностарының өзара мәдени әсерлесу ерекшеліктерін түсіндіру.


Тірек сөздер:



Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Полиэтникалық қоғам

Полиэтническое общество

Polyethnic society

Ұлттық саясат

Национальная политика

National politics



Тақырыпқа шығу:

......Ардақтап анасын, құрметтеп данасын,


Бауырға басқанбыз баршаның баласын.
Татулық, достықтың киелі бесігі-
Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы!



    1. жылдардағы Қазақстан Республикасының Әнұранынан үзінді

1.Өлең жолдарын тақырыппен қалай байланыстыруға болады?


2.Неліктен Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады?


1. ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы Қазақстан халқы. 1917 жылы халық санағы жүргізілді. Санақ бойынша өлке халқының саны 6 млн адамнан асты. 1897 жылғы санақпен салыстырғанда халықтың саны біршама өскендігі байқалды. Республикада жыл өткен сайын этностық топ өкілдерінің құрамы да өсе түсті. Славян текті этнос өкілдері, негізінен, солтүстік, солтүстік-шығыс облыстарда өмір сүрді. Осы жылдардағы демографиялық ахуал көрсеткіші бойынша елімізде жергілікті қазақ ұлтының құрамы басым еді. Дегенмен олардың жалпы халық құрамындағы үлес салмағы айтарлықтай азайған. Оның себебі, ең алдымен, балалар өлімінің өсуі мен халықтың табиғи өсімінің төмендігі және соғыс салдарынан орын алған ауыр зардаптардың әсері болды.
1920 жылы тамызда Қазақ (Қырғыз – авт.) АКСР-і құрылды. Жаңа автономияның астанасы ретінде Орынбор қаласы бекітілді. Қазақ АКСР-і құрамына Семей, Ақмола, Торғай және Орал губерниялары, Маңғышлақ уезі, Красноводск уезінің, Каспий сырты облысының және Астрахан губерниясының, соның ішінде Бөкей Ордасының бір бөліктері енді. 1920 жылы қыркүйекте қазақ автономиясына Орынбор губерниясының бір бөлігі қосылды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет