гылыми-зерттеу аппараты беріледі: зерттелетін мэселелердің
өзектілігі, нысаны, пәні, манаты, міндеттері, зерттеу болжамы, зерттеу әдістері, зерттеу көздері. Ғылыми-педагогикалық
зерттеулердің өзектілігі зерттеу
мәселесінің қоғам үшін, тәрбиеленуші үшін мағыналылығымен
бағаланады,
ғылыми
ойға
деген
сұраныстың
дәрежесімен
сипатталады. Мұнда зерттеуші
«Неліктен таңдалып алынган мәселені меңгеру цажет ?» - сұрағына жауап береді. Зерттеу
өзектілігі
кэсііггік
білім
берудің
даму
деңгейімен;
елдегі
экономикалық жағдайлармен; мемлекеттің ғылыми потенциалымен;
қазіргі уақытта қойылып жэне шешіліп отырылған оқыту, білім беру,
тэрбиелеу мәселелерімен тығыз байланысты. Зерттеу
өзектілігінің негізі кейінге қалдырылмайтын шешімдерді талап ететін қоғамдық
мағыналы мәселелер, әлеуметтік тапсырыстар болып табылады.
Зерттеу обьектісі (нысаны). «Зерттеу жұмысы өзінің зерттеу
объектісі
мен құралы анықгалғаннан соң барып басталады»
(Ю.К. Бабанский). Объектіні анықтар алдында мынадай сұраққа жауап берілу керек:
«объектіде не зерттеледі?»
Зерттеу пэні - нысан бөлшегі, яғни бұл түбегейлі зертгеуді
қажет ететін нысанның теориялық жэне практикалық тұрғыдан өте
маңызды сапа-қасиеттері.
Жұмыстың
мацсатын анықтауда зертгеуші зертгеу нэтижесінде
неге қол жеткіземін жэне зерттеудің (ғылыми ізденістің) соңғы
нәтижесі не болады деген сұраққа жауап беруі тиіс. Зерттеу
мақсатына: педагогикалық-психологиялық, ұйымдық, элеуметгік
жэне т.б. шарттардың теориялық негізі;
объектінің немесе құралдың эдістемелік немесе алгоритмдік өңделуі;
педагогикалық құбылыстардың моделдерінің пайда болуы және
сынақтан өтуі; зерттеу құралына немесе объектіге эсер ететін
64
факторлар негізі; белгілі бір педагогикалық құбылыстың ашылуы;
зертгеу объекгісінің немесе құралының дамуы жэне құрылуы
бойынша берілген нұсқауды өңдеу жэне т.б.