Жан Расин(фр. Jean-Baptiste Racine, 21 желтоқсан 1639 — 21 сәуір 1699) - француз драматургы, Франция XVII ғасырдағы ұлы үш, Корнель мен Мольермен бірге, драматургтарының бірі, «Андромаха» трагедиясының, «Британик», «Ифигения», «Федра» авторы.
Расин 1639 жылдың 21 желтоқсанында Ферте-Милон қаласында провинциялық сот шенеунігінің жанұясында дүниеге келеді. Әке-шешесінен ерте айырылған ол, әжесінің қолында тәрбиеленеді. Әжесі өз кезегінде немересін Бове қаласының колледжіне, содан кейін Пор-Рояльдегі Гранжа мектебіне орналастырады. Мектеп мұғалімдері янсенистер болды. Ол билік құрған католиктік шіркеуге қарсы діни қауымның бірі еді.
Янсенистер өз діни сенімдеріне адал, мейірімді болды, сондықтан да өз тәрбиелері арқылы Расиннің жүрегінде терең із қалдырды. «Янсенистердің оқыту әдісі иезуиттердің схоластикалық әдістерінен өзгеше болғандықтан, Расин мұнда филологиямен шұғылданады». 1әд Ол өте сезімтал, діншіл, арманшыл болып өсті. Расин поэзияға жастайынан ғашық болды. Софокл мен Еврипидті жатқа білді. 1658 жылдың қазанында Расин Гаркур колледжіндегі оқуын жалғастыру үшін Парижге келеді. Философия ғылымдарына жас ақынның қызығушылығы аз болды.
1660 жылы Париж жас король Людовик ХІҮ-нің үйлену тойын тойлайды. Осы жағдайға байланысты ақын «Сена нимфасы» атты мадақ өлеңін жазады. Шаплен есімді танымал ақын жас Расиннің талантын мойындап, оның дарынды ақын екендігін Людовик ХІҮ-нің беделді министрі Кольберге айтып, ол болса корольге жеткізіп, Расинге әдебиетші ретінде жүз луидор көлемінде пенсия тағайындайды. [1] Расин осылайша ресми түрде танылады.
Көреген Мольер жасырынып жатқан шын дарынды сезіп, оған ақыл-кеңес береді. Расин оның нұсқаулары бойынша жұмыс істей бастайды. 1664 жылы оның алғашқы трагедиясы «Фиваида» қойылады. Бір жыл өткен соң Расин «Александр» трагедиясымен бүкіл Париждің назарын өзіне аударады. Оны француз «трагедиясының атасы» Корнель де байқайды. Кейіннен Расин Мольер театрын тастап, Пти-Бурбон театрына кетеді. Көп ұзамай, Расин ұлттың ең таңдаулы деген қырық мәдени қайраткерлердің қатарына ілініп, Академия мүшесі болып қабылданады.
Расиннің танымал туындылары: «Андромаха» (1667), «Британик» (1669), «Баязет» (1672), «Митридат» (1673), «Авлидтегі Ифигения» (1674), «Федра» (1677), «Эсфирь» (1689), «Аталия» (1691).
Расин арнайы теориялық трактаттар жазған жоқ және өзінің эстетикалық ұстанымдары жөнінде трагедияларының алғысөзінде қысқаша айтып өтті. Бұл ұстанымдар жалпы қабылданған классицистік теорияның шеңберінен шықпайтын.
Расин классицистік театрдың кемшіліктерін де ашық көрсетті, яғни сұмдық оқиғалардың қоюлығы, ұзын сонар декламациялар, сахналық әрекеттің әлсіздігі, бір сөзбен айтқанда ХІХ ғасырда романтиктер классицистік театрға қойған кінәраттардың барлығын сол ХУІІ ғасырдың өзінде-ақ атап көрсетті. «Классицистер эстетикасы қағидаларын негізге алған драматург «үш бірлік» ережесіне бағынады, сюжетті антик әдебиетінен алады. Сахнада билік өкілдері мен оларға жақын тұрған тұлғалар көрсетіледі. Жалпылық көріністерден бас тартады. Қатысушылар санын азайтады. Сахнадағы оқиға қаһармандардың әрекетімен ашылмайды, болып өткен яки болып жатқан оқиғаларды сөз арқылы баяндап берумен шектеледі. Ол қаһармандардың тек жақсы жақтарын ғана емес, сонымен бірге кемшіліктерін де көрсетеді. Расин гуманистік идеяларды қорғап, билік өкілдерінің озбырлығына негізделген саясаттарды сынға алған ең жақсы трагедияларында прециоз әдебиеттің қасаңдығын, классицизмнің шартты маңыздылығын да жеңіп шығады» [2]
Корнель - адам күшінің жыршысы болса, Расин - әлсіздігінің жыршысы болды. Расин бірнеше саяси трагедиялар жаған – «Британик», «Баязет», «Аталия». Мұнда да ол Корнельге мүлдем ұқсамайды. Оның саяси позициясы өзгеше. Расин шығармашылығанда мемлекеттік деспотизм тақырыбы көтеріледі. «Аталия» трагедиясы автордың көзі тірісінде қалың оқырманға жеткен жоқ. Сен-Сира пансионының қыздары бұл пьесаны бірнеше рет король үшін сарайда қойған еді. «Аталия» пьесасы «Эсфирь» секілді інжілдің діни өлеңдерін айтатын хормен сүйемелденіп отырды. Қойылым ғибадат етіп жатқандағыдай салтанатты литургиямен көркемделген еді. Трагедияның сюжеті інжіл мифологиясынан алынған. Расин трагедиялары француз театрларының репертуарына енді, оның кейіпкерлерін Францияның ғана емес, басқа да елдердің мықты актерлары сомдады. ХУІІІ ғасырдағы орыс әдебиеті үшін Расин трагедиялары жоғары классикалық трагедияның озық үлгісі болды.
ШығармаларыӨңдеу
1660 – (фр. Amasie)
1660 – (фр. Les amours d’Ovide)
1660 – «Сенаның нимфасы» (фр. La Nymphe de la Seine)
1685 – «Әлемнің идиллиясы» (фр. Idylle sur la paix)
1693 – «Пор-Рояля туралы қысқаша әңгіме» (фр. Abrégé de l’histoire de Port-Royal)