Мадақтау әдісінің негізіне адам әрекетіне оң баға беру жатады. Мораль нормаларын білу және тәжірибесі жеткіліксіз ақылы кеміс балалар үшін кез келген адамгершілік мінез-құлықты үйрету үлкендер тарапынан қолдау мен мадақтау талап етеді. Тіптен жымию, бас изеу сияқты сәл ғана мадақтаулар балада күш-жігер туғызып, сенімділік пайда етеді. Педагогтің құптауы кемтар балада табысқа қанағаттану, жұмысты бұдан да жақсы істеуге ұмтылу, өзінің адамгершілігін сезу сияқты сезімдердің тууына негіз болады. А.Н. Траборовтың айтуынша, тілек пен қарқынды байқамауға, мақтамауға қарағанда әрекетті (қылықты) байқамағаннан келетін зиян аз. Мадақтау түрліше: жымию, мейірімді көзқарас, сыйлық, гүл, сынып алдында, мектеп ұжым алдында, ата-аналардың алдында мақтау. Мақтау ауызша не жазбаша болуы мүмкін.
Жоғары сынып оқушыларына мадақтауда құрметті тапсырмаларды орындауда берілетін сенім сияқты мақтау түрін қолдануға болады. Мұнда тапсырмалардың мәнін түсіндіру керек. Мадақтануды талаптану мен өзін-өзі бағалау деңгейінің барасар еместігі сияқты психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып қолдану керек.
Жазалау – қылықтарға берілетін теріс баға. Бұл әдісті қолданудың психологиялық негізіне болашақта баланы сенімсізқылықтар жасаудан сақтайтын қолайсыз сезімдердің тууы жатады.
Тәрбие жұмысында бұл әдісті абайлап қолданған жөн. Жазаны орынсыз қолдану (айыптау, көпшілік алдында бетіне басу) теріс нәтижелерді күшейтуі мүмкін.
Жазалаудың тәрбие әдісі ретінде өз реті бар: бетіне басып айыптау, әрекетті шектеу, сенімнен айыру, сөгіс (ауызша, жазбаша).
Ұжымның дамуына байланысты мұғалімнің ғана емес, баланың жолдастарының да теріс қылықты айыптауы қажет.
Арнайы мектепте жазалаудың сөздік формасымен қоса, мынадай табиғи шектеу түрлері де бар: коридорда жүгірудің – «тұр, тыныштан»; дөрекі сөз айттың – кешірім сұра; орындықты сындырдың – жөнінде. Мұнда тапсырманы орындауы қолдан келу, келмеуі ескеріледі (мұғалім балаға тапсырманы орындауға көмектеседі).
Жазалау белгілі жағдайларда тиімді болады: 1) егер қылығын оқушы түсінсе; 2) жаза жиі қолданылмаса, себебі ақылы кеміс балалар жазалауға тез үйреніп (еті өліп) кетеді; 3) егер жазалау денені зақымдаса, ар-намысты қорламаса; 4) еңбекпен жазалауға болмайды.
Жазаламас бұрын қылықтың себебі түсіндіріледі, егер себеп дұрыс болып, нәтиже теріс шықса, баланы мақтап, неге теріс нәтиже шыққанын түсіндіру қажет.
Тәрбие әдістерін қолдану үшін кемтар балалардың мінез-құлқының бүлінуінің клиника-психологиялық сипатын да білу қажет.
1. Қосалқы мектепте тәрбие әдістерін қолданудың ерекшеліктері қандай және олар қай жағдайда нәтижелі болады?
2. Қосалқы мектеп пен көпшілік мектептегі әдістерді қолдану ерекшеліктері қандай?
3. Олигофрендердің тәрбиенің мақсат-міндеттерін іске асырудағы қиындық келтіретін психологиялық ерекшеліктерін атаңыз.
Ақыл-ой кемістігі жеңіл түрде бұзылған 5-9-сынып білім алушыларына арналған «Әлеуметтік – тұрмыстық бағдарлау» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің үлгілік оқу бағдарламасы
Достарыңызбен бөлісу: |