Ынталандыру әдісі: мадақтау, жазалау. Бұл әдістер тобы оқушының адамгершілік сезімдеріне бағытталған. Эмоциялық күйзелістерсіз (оң немесе теріс) оқушылардың мінез-құлық дағдылары санасының қалыптасуының негізі бола алмайды. Қоршаған ортаның әрекетіне эмоциялық жауап қайтару балаларда бар өмірлік тәжірибені, мінез-құлық дағдыларын бекітуге жағдай жасайды. Сөз жоқ, бұл әдістер тобын қолданудың ақылы кеміс баланың өмірлік тәжірибесінің төмен деңгейіне және оларда мінез-құлық дағдыларының қалыптасу қиындығына байланысты өз ерекшеліктері бар.
Қосалқы мектепте мадақтау және жазалау әдісін қолданудың ерекшеліктері олигофрендердің өзін-өзі сезінумен анықталады.
1. Ақылы кеміс балалар дені сау балаларға қарағанда айналасындағылардың қодауы мен мақылдауын көбірек қажет етеді. Дегенмен бұл сырттай бағалаулар объективті сипатта болып қосалқы мектеп оқушыларының әрекетінің нәтижесіне сүйенуі тиіс. Керісінше жағдайда екінші теріс белгілер үшіншісін туғызады, баланың бүкіл дамуы бұршаланады.
2. Ақылы кеміс балалар өзіне қойылған талаптарды ұқпайды, өз әрекетінің нәтижесін қойылған талаптармен салыстырмайды. Бұл жағдай спорттық ойын әрекетінде анық көрінеді.
3. 1-кластағы ақылы кеміс оқушылардың практикалық әрекетін зерттегенімізде, олардың жасалған бұйымдарының үлгімен онша ұқсамайтынын байқадық. Дегенмен, өз әрекетінің нәтижесінде риза болып, оны жоғары бағалады. Әрине, бұл балалардың таным әрекетінің төмендігіне байланысты. Ақылы кеміс балалар үлгіні «өзінше» қабылдайды.
4. Дені сау және ақылы кеміс балалар (үлгіні «өзінше») дың даму заңдылықтарының бірлігі олигофрендердің көпшілік мектеп оқушылары сияқты өз ерекшеліктеріне қарағанда айналасындағылардың қылығы мен мінез-құлқын оңай және барабар бағалайтынын көрінеді. Қосалқы мектеп оқушылары өздерінің ақыл-ойы мүмкіндіктеріне сипаттама беруге қарағанда өз мінез белгілерін бағалауда үлкен дербестік танытады.
5. Қосалқы мектептің 8-класында 83% оқушыда өзін-өзі танудың жоғары деңгейі анықталады. Олар аз ақыл кемістігін ұғынып, дұрыс бағалайды. 8-класс оқушылары өз кемістігінің сыртқа орта қойған талаптарға сай еместігін шынайы салыстырады.
6. Зерттеу нәтижелері арқылы кеміс балаларға бір нәрсенің зардабынан туған біреудің күйзелісіне ортақтасу эмоциясы түсінікті болатынын көрсетті. Қосалқы мектеп оқушылары өз сәтсіздіктері мен табыстарына бірдей күйзеледі. Мұнда ақылы кеміс баланы өзінің және айналасындағылардың эмоциясы мен сезімін түсіне білуі үлкен роль атқарады. Эмоциялық күйді түсіне білу өзінің ішкі күйзелістері мен қылықтарын реттеуге ықпал етеді.
7. Мінез белгілері мен қылықтарды бағалауда оқушылар өз пікіріне сүйенеді. Сонымен бірге оқушылар өз ақыл-ойын сипаттай отыра, айналасындағылардың да бағасына арқа сүйейді. Ақылы кеміс балалар мінез белгілерін қылықтардан айыра алмайды.
Сөйтіп, қосалқы мектеп оқушыларына тәрбие әдістерін қолданудың өзіндік белгілері жоғарыда аталған ерекшеліктермен анықталады: эмоция, өзін-өзі ұғыну. Баланың түрлі топтарға енуі бала сана-сезімнің мазмұны мен ерекшелігін байытады. Баланың әрекет өрісі кеңейген сайын өзін-өзі бағалауы да тереңдей түседі. Зерттеу нәтижелері 4-класқа қарай өзін-өзі бағалау әжептеуір өсіп, тұрақты бола түсетінін көрсетеді. 3-4 класс оқушылары 7-8 жастағы балалармен салыстырғанда өздерін жеке тұлға ретінде сапалық деңгейде ұғады. 3-4 кластардағы қыз балалардың өзін-өзі бағалауы ұлдардың өзін-өзі бағалауына қарағанда жоғары.
Оқушылар өзінің практикалық әрекетін дұрыс бағалайды. Әрекеттің бұл түріндегі талаптану деңгейі өзін-өзі бағалаумен салыстырыла қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |