Құрастырған Мұхамеджан естеміров әмірсейт қажы Дәулеталиев уағыз (365 КҮнге арналғАН уағыздар) Шымкент, 2015 ж



Pdf көрінісі
бет24/32
Дата06.03.2017
өлшемі1,6 Mb.
#7845
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32

Жәннаттың  атаулары.  Жәннат  –  сөздік  мағынасы  жеміс  ағашы  мол,  ішінде 
өзендер аққан, ағаштарының көптігінен іші көрінбейтін бау.
Құран Кәрімде жәннаттың бірнеше атауы бар. Араб тілінде бір заттың көп атауы болуы 
оның маңыздылығын көрсетеді.
1.Хуснә.  (Мол  жақсылық).  «Жақсы  іс  істегендерге  жақсылық  әрі  артығы  да 
бар...[12]»
2.  Дәр  әс-Сәләм  (Амандық,  бейбітшілік  мекені).  «Оларға  Раббыларының 
қасында бейбітшілік жұрты бар...[13]»
3.Жәннәт Ғадын (ғадын жәннаты). «Алла мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге 
астарынан өзендер ағатын, олар онда мүлде қалатын бақшалар мен Ғадын жәннатында, 
көркем орындар уәде етті...[14]»
4.Жәннәт Нәғим (Рахаттық жәннаты). «...оларды астарынан өзендер ағатын 
Нағым жәннәтінің жолына салады[15]»
5.Дәр Мұттақин (Тақуалар мекені). «...Әлбетте тақуалардың қонысы қандай 
жақсы[16]»
6.Жәннат  Фирдаус  (Фирдаус  жәннаты).  «Расында  иман  келтіріп,  түзу  іс 
істегендер үшін Фирдаус жәннаты  қонақ үй болады[17]»
7.Жәннат Хулд (Мәңгілік жәннаты). «(Мұхаммед (ғ.с.) Осы азап жақсы ма? 
Немесе тақуалар үшін сыйлық әрі барар орын түрінде уәде етілген мәңгілік жәннат 
жақсы ма? -де[18]»
8.Ғұрфат (Бөлмелер). «Міне, бұлар сабыр еткендіктері себепті жоғары сыйлыққа 
бөленеді...[19]»
9.Дәр Муқомә (Мәңгі тұрақ мекені). «Ол өз кеңшілігінен бізді тұрақты орынға 
орналастырады. Бізге бұл жерде шаршау да, жалығу да болмайды[20]»
10.Дәр қарар (Тұрақты Мекен). «...Сөзсіз ақырет, ол тұрақты жұрт[21]».           Әбу 
Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «(Алла тағала ) Ізгі құлдарым үшін көз көрмеген, 
құлақ етімеген және адам баласының ойына келмеген жақсылықтарды әзірлеп қойдым,-
дейді[22]»,-деп айтылған.
[1] Бұхари, Муслим, 
[2] Шарх ақида әт-Тахауиа, 120-бет 
[3] Термизи 
[4] Тур сүресі, 13-аят 
[5] Мағариж сүресі, 15-16 аяттар 
[6] Һумәза сүресі, 4-9 аяттар 
[7] Шура сүресі, 7-аят 
[8] Қариға сүресі, 8-11 аяттар 
[9] Хаққа сүресі, 30-31 аяттар 
[10] Мүддәссір сүресі, 26-30 аяттар 
[11] Муслим 
[12] Юныс сүресі, 26-аят 
[13] Әнғам сүресі, 127-аят 
[14] Тәуба сүресі, 72-аят 
[15] Юныс сүресі, 9-аят 
[16] Нахыл сүресі, 30-аят 
[17] Кәһф сүресі, 107-аят 
[18] Фұрқан сүресі, 15-аят 

176
[19] Фұрқан сүресі, 75-аят 
[20] Фатыр сүресі, 35-аят 
[21] Ғафир сүресі, 39-аят 
[22] Бұхари, Муслим, Термизи, Ибн Мажаһ
Руслан Камбаров
КАҒБА ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ БЕРСЕңІЗДЕР
             Қасиетті Кағба адамзат құлшылық ету үшін тұрғызылған ең алғаш Алла үйі 
екені анық. Бұл жөнінде Құран Кәрімде: «Негізінде адам баласы үшін Меккеде алғаш 
құрылған үй (Кағба) бүкіл әлемге мүбәрак және тура жол[1]»,-дейді.
            Кағба атауы. Алла тағаланың қасиетті үй Кағба деп аталады. Оның себебі «Кағба 
–текше пішімді (куб) болғандықтан осылай аталған[2]»,-дейді. Арабтар текше пішімді 
үйді кағба деп атаған.
Кағбаның салыну тарихы. Кағба тарих бойы бірнеше рет қайта құрылған. Көне 
үйдің[3] кірпішін ең бірінші қалаған кім екендігі жөнінде тарихшылар арасында даулы 
тақырып. Өйткені, Кағба жөніндегі тарихи деректердің басым бөлігі жоғалған. Алайда, 
бұл құрылыс Адам (ғ.с.) ата жерге түспестен бұрын жасалғаны мәлім. Кағба 12 рет 
қайта құрылған. Бұл тарихи хронология бойынша келесі ретпен болған:
1.Періштелер; 
2.Адам (ғ.с.); 
3.Шис (ғ.с.); 
4.Ибраһим (ғ.с.); 
5.Диюлер; 
6.Жұрһумдықтар; 
7.Қусай (Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) 4-атасы); 
8.Абдулмутталиб (Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) атасы); 
9.Құрайыш руы; 
10.Абдулла бин Зубайр (р.а.); 
11.Хажжаж; 
12.Осман сұлтаны Мұрад хан.
         Құрайыш руы құрылыс жұмысын жүргізген кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) отыз 
бес  жаста  еді.  Алла  елшісіне  (с.ғ.с.)  бұл  құрылыста  маңызды  міндет  саналған  қара 
тасты орнына қою тапсырылды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Айша (р.а.) анамызға:  «Сенің 
жұртың Кағбаны қысқартып салды. Егер олар ширк заманынан жақында құтылғаны 
болмаса, мен оны бастапқы қалпына қайтарар едім...[4]»,-деген.
Кағба қасиеттілігі. Құран Кәрімде: «Сол уақытта үйді (Кағбаны) адам баласы 
үшін  орталық  әрі  бейбітшілік  орны  етіп  жасадық...[5]»,-деп  айтылғандай  Кағба 
Алла елшілері әкелі-балалы Ибраһим мен Исмаил (ғ.с.) көтергелі бері ешуақытта өз 
қасиеттілігін жоғалтпаған. Кағба мұсылмандардың жүрегінде қастерлі болғаны сияқты 
Мекке мүшріктері де оны ерекше құрмет тұтты. Сол дәуірлерде діні мен құлшылығы 
бөлек  мұсылмандармен  қатар  мүшріктер  де  өз  рәсімдерін  жасауда  еді.  Олардың 
өз  құлшылығы  болғанымен,  Жалғыз  Жаратқанға  құлшылық  етушілер  мен  пұтқа 
табынушылар бірдей Кағбаны құрмет етті.
Алла  тағаланың  соңғы  елшісі  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  келіп  қасиетті  жерді 
көпқұдайшылық және пұтқа табынушылықтан тазарта бастады. Һижреттің 10-жылы 
Мекке шаһары және Кағба рухани ластықтан толығымен тазарды.

177
Қағба  орналасқан  жер.  Кағбаның  қақ  төбесінде  жетінші  қабатта  періштелер 
құлшылық ететін Бәйтул Мағмур[6] (тұрғызылған үй), ал оның үстінде Аршы бар.
Кағба мұсылман баласының көзі мен жүрегі талпынып тұрады құбыласы. Мұсылмандар 
бес уақыт намазды сол тарапқа бет түзеп құлшылық етеді. Кағбаны Алланың құлдары 
күні-түні тәуеп етеді. Тек намаз уақытында ғана тоқтатады.
Мекке, оның ішінде Кағба барлық пұт пен оның нышандарынан құлан-таза етілді. Сол 
жылдан бастап Кағбаға қажылық етуге кәпір адам келмейтін болды.
Кағба қызметі. Кағба қызметі – хижаба (қақпа күзеті). Ал, кағба қызметкерлері 
– сәнәдә (қасиетті орын қызметкерлері) деп аталады. Бұл Бәну Шәйбә әулетінің атадан 
балаға мұра етіп қалдыратын қызметі.
 Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол әулетке:
  «
Бұл  қызметті  мәңгілікке  ұрпақтан-ұрпаққа  алыңдар.  Сендерден  бұл 
қызметті тек залым таптып алады»,-деген екен.
Мекке қаласы фатх етілген соң, Кағба кілтін пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Осман бин 
Талха мен оның ұлы Шәйбәға табыс еткен. Сол күннен осы абыройлы қызметті атқару 
Бәну Шәйбә әулетінің міндеті.
Кағбаның өлшемі. Арабтарда ұзындық өлшемінің бір түрі зирағ. Ол екіге: қол 
және темір зирағ болып бөлінеді. Қол зирағы (Саусақ пен шынтақ арасы) – 46-50см 
арасы (ең дұрысы 48см);  Темір зирағ 56.5см. Ибраһим Рафғат паша кітабында Кағбаның 
зирағы  1м.,  деп  төмендегідей  деректер  келтірген:    Биіктігі  15м.,  солтүстік  бұрышы 
ұзындығы  9.92м.,  батысы  12.15м.,  оңтүстігі  10.25м.,  шығысы  11.88м.[7],  Ибраһим 
Рафғат  шамалап  өлшегені белгілі. Меккедегі  «Умму Қура» университеті жанындағы 
Қажылық Зерттеулер Орталығы бұған қатысты мынадай мәліметтер келтіреді:
1.Қара бұрыш пен Шам бұрышына дейін (Кағба есігімен қоса) 11.68м., 
2.Йемен және Батыс бұрышы арасы 12.04м.,
3.Қара және Йемен бұрышы арасы 10.18м.,
4.Шам мен Батыс бұрышы арасы 9.90м.[8],
 
[1] Әли Ғимран сүресі, 96-аят 
[2] Мұжаһид тәпсірі 
[3] Көне үй – Кағбаның атауы. Хаж сүресі 29-аятқа қараңыз 
[4] Бұхари 
[5] Бақара сүресі, 125-аят 
[6] «Тұрғызылған үйге (Көктегі құбылаға) серт» (Тұр сүресі, 4-аят) 
[7] Мират Харамайн 
[8] «Умму Қура» университеті, ҚЗО (қажылық зерттеулер орталығы)
ИБРАҺИМ (Ғ.С.) ПАЙҒАМБАРДЫң ҰЛТЫ КІМ?
Ибраһим (ғ.с.) – «пайғамбарлар атасы».
Ибраһим (ғ.с.) өзінен кейінгі барлық пайғамбарлар оның ұрпағынан болғандықтан 
«пайғамбарлар атасы» деп аталады. Құранда есімі аталған жиырма бес пайғамбардың 
сегізінен басқасы Ибраһим (ғ.с.) ұрпағы болып табылады.
Ибраһимның (ғ.с.) ұлты араб та, еврей де емес. Құран Кәрімде: «Ибраһим (ғ.с.) 
яһуди де, христиан да емес еді, нағыз мұсылман еді. Ортақ қосушылардан емес еді. 
Расында адамдардың Ибрагимге (ғ.с.) ең жақындары оған ергендер мен осы пайғамбар 
(Мұхаммед (ғ.с.) және де мүміндер. Алла мүміндердің иесі[1]», – деп баяндалады.
Аяттағы «нағыз (ханиф) мұсылман» дегеннің мағынасы – «Барлық діндерден бас 
тартып,  дұрыс  дінге  ден  қоюшы».  Сондай-ақ,  тағы  бір  мағынасы  –  «Алла  тағаланы 
бір деуші, қажылық етуші, құрбандық шалушы, сүндетке отырушы және Кағбаға бет 

178
бұрушы». Бұл – Алла тағала қош көрген ең жеңіл дін.
Арабтан шыққан пайғамбарлар
Құран Кәрімде есімдері кездесетін араб пайғамбарлар бесеу, олар: Һұд, Салих, 
Шұғайыб, Исмаил және Мұхаммед (с.ғ.с.).
1.Һұд  (ғ.с.)  Ъад  қауымына  жіберілген.  Бұл  Баида  арабтары.  Амман  мен  Хардамаут 
аралығында Йеменде Ахқафта өмір сүрген.
2.Салих (ғ.с.) Самуд қауымына жіберілген. Олар да баида арабтары. Олар Хижаз бен 
Табук арасын мекен еткен.
3.Шұғайыб (ғ.с.) Мадиан еліне жіберілген.
4.Исмаил  (ғ.с.)  Ъамалиқ  пен  Йемен  халқына  жіберілген.  Исмаил  Ибраһимнің  (ғ.с.) 
тұңғыш баласы.
5. Ал, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бүкіл әлемдегі адамзат пен жындарға ортақ Алла Елшісі 
екені мәлім.
«Исраил ұрпақтары»
Исраил  –  ибрани  тілінде  Абдулла  (Алланың  құлы)  деген  мағынаны  білдіреді. 
Исраил  –  Яқұб  (ғ.с.)  пайғамбардың  есімі.  Яқұб  –  Ибраһимұлы  Исхақтың  ұлы  (ғ.с.). 
Мұны Құран Кәрімде: «Тәурат түсірілуден бұрын, Исраилдың (
Яқұбтың (ғ.с.) өзіне 
ғана арам еткенінен басқа барлық тағам Исраил ұрпақтарына халал еді...[2]», –аятынан 
аңғарамыз.
Қасиетті Құран Кәрімде Ибраһимнің (ғ.с.) екі ұлы бары баяндалады. Тұңғышы 
Исмаил (ғ.с.) Меккеде тұрақтап, арабтан қыз алып, осы елге сіңісіп кетеді. Ендеше, 
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шежіресі Исмаилге (ғ.с.) барып тірелетінін ескерсек, діни 
тұрғыдан да, тегі жағынан да Ибраһимді (ғ.с.) «атам» деуі әбден заңды.
Ал, Ибраһимнің (ғ.с.) екінші ұлы – Исхақ (ғ.с.). Исхақтың жалғыз ұлы Исраилдің 
(Яқұб)  он  баласы  болғаны  белгілі.  Олардан  тараған  ұрпақты  Бәну  Исраил  (исраил 
ұрпақтары) деп атайды.
Исраил ұрпақтарына пайғамбарлардың көптеп түсуінің себебі
Құран Кәрімде Исраил ұрпағының әлемдегі басқа халықтардан артықшылығы 
жөнінде:  «Әй,  Исраил  ұрпақтары!  Сендерге  берген  нығметімді  һәм  әлемге  артық 
еткенімді  еске  алыңдар[3]»,–  деген  аят  бар.  Бұл  артықшылық  –  сол  замандарда 
пайғамбарлардың жіберілуі және иләһи кітаптардың түсуі.
Ал,  Исраил  ұрпақтарына  пайғамбарлардың  көп  жіберілуінің  сыры  олардың 
шектен тыс бұзылуы, күнә жасауы және Аллаға қарсы шығуында жатыр еді. Сондықтан 
оларды үнемі тура жолға салушы пайғамбарлар жіберіліп отырды. Өйткені, денесі мен 
жүйкесі көп ауыратын адам дәрігерге қаралуы керек болғандай, бұзылған қоғам ұдайы 
жол сілтеуші адамдарға қажетсінді.
Алайда, жер бетіндегі ең жақсы үмбет Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбеті екенінде дау жоқ. 
Бұл жайлы Құран Кәрімде: «Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, қарсылықтан 
тыятын, сондай-ақ Аллаға сенетін қайырлы бір үммет боп шығарылдыңдар...[4]»,– деп 
сүйіншіленген.
Құран Кәрімдегі: «Және саған бұрынғы пайғамбарларды баян қылдық, сондай-
ақ  пайғамбарлардың  саған  баян  етпегеніміз  де  бар...[5]»,–деген  аяттан  адамзатқа 
жіберілген пайғамбарлар есімі Құранда түгел айтылмағанын біле аламыз.
Алайда, Алла тағала барлық заманда, барлық халыққа ескертуші және жолбасшы 
пайғамбар жіберіп отырғаны даусыз.  Бұған «...Негізінде бір ескертуші болмаған бір 
үммет  жоқ[6]»  және  «...Сондай-ақ,  әр  елдің  бір  жолбасшысы  бар[7]»,–  деген  аяттар 
айқын дәлел.

179
 
[1] Әли Ғымран сүресі, 67-68 аяттар 
[2] Әли Ғымран сүресі, 93-аят 
[3] Бақара сүресі, 47-аят 
[4] Әли Ғымран сүресі, 110-аят 
[5] Ниса сүресі, 164-аят 
[6] Фатыр сүресі, 24-аят 
[7] Рағыд сүресі, 7-аят
БІЗ ӘҺЛИ СУННАМЫЗ БА?
Иә, сөзсіз, Ханафи мазхабы әлһи сунна уал жамағат боп табылады. Ақида, хадис 
және фиқһ саласының теңдессіз ғұламасы Әбу Жағфар әт-Тахауи өзінің ақида кітабында: 
«Бұл (кітапта) дін фиқһ ғұламалары: Әбу Ханифа Нұғман бин Сабит, Әбу Юсуф Яқұб 
бин Ибраһим әл-Ансари және Әбу Абдулла Мұхаммед бин Хасан әш-Шайбани мәзһ 
абының және дін негіздері бойынша әлемдер Раббысына иман етіп және амал еткені 
бойынша әһли сунна уал жамағат ақидасының баяны[1]»,-деп жазған.
Әрине,  әһли  сунна  уал  жамағат  сенімі  Құран  және  хадиске  негізделеді.  Әлһи 
сунна  уал  жамағат  құрамына:  ханафи,  малики,  шафиғи  және  ханбали  мәзһабтары 
кіреді. Бұл терминнің мағынасы: Пайғамбар (с.ғ.с.) және оның сахабаларының жолы 
деген  мағынаны  білдіреді.  Бұл  атау  Құран  және  хадиске  сүйеніп  қойылғаны  мәлім. 
Құран Кәрімде: «(Мұхаммед (ғ.с.) Менің жолым осы. Алла жаққа шақырамын. Мен 
және маған ергендер ашық дәлел үстінде...[2]» және сонымен бірге хадисте: «Менің 
және менен кейінгі тура жолдағы орынбасарларым сүннетіне берік болыңдар[3]»,-деп 
айтылған.
Сонымен  қатар,  бұлай  атау:  нәпсі  мен  бидғатшыларға  қайшы  жол  екендігін 
айқындайды.
Әһли сунна уал жамағаттың теріс ағымнан ажыратушы белгілері бар. Бұл жайлы Әбу 
Ханифа  өзінің  «Уасыиа»  кітабында  жазған.  Бұл  еңбекте  әлһи  суннаның  негізгі  он 
екі қасиеті көрсетілген. Аталмыш кітапта: «Шәкірттерім және бауырларым біліңдер! 
Әһли сунна уал жамағат мәзһабының он екі қасиеті бар. Кімде-кім бұл қасиеттермен 
тура жүрсе, бидғатшы және нәпсіге ілесуші болмайды. Мырзамыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
шапағатына лайық болу үшін осы қасиеттерді берік ұстаңдар[4]»,-деген.
[1]Шейх Мұхаммед бин Мұхаммед  бин Махмуд Бабирти, «Шарх ақида Тахауиа», 16-бет 
[2] Юсып сүресі, 108-аят 
[3] Термизи, Хаким, Ибн Мажаһ 
[4] Шарх уасыиа имам Әбу Ханифа, 51-бет, Шейх Мұхаммед бин Мұхаммед  бин Махмуд Бабирти
АЛЛА ТАҒАЛА АРШЫСЫНЫң КӨЛЕңКЕСІ КІМДЕРГЕ БҰЙЫРАДЫ?
Әбу  Һурайра  (р.а.)  хадисінде:  «Жеті  түрлі  адамға  Алла  тағала  ешбір  сая  жоқ 
күні аршының көлеңкесінен жай береді, Олар: әділ имам (басшы), Аллаға бойұсынып 
өскен жігіт, мешітке жүрегі байланған кісі, бірін-бірі Алла жолында жақсы көріп, Алла 
разылығы үшін бас қосып, Алла разылығы үшін мәжілістерінен айырылатын екі кісі, 
мансапты  да  көрікті  әйел  шақырғанда:  мен  Алладан  қорқамын  деген  кісі,  Оң  қолы 
бергенін  сол  қолы  білмейтіндей  жасырын  садақа  еткен  кісі;,  жалғыз  қалғанда  Алла 

180
тағаланы еске алып, көзінен жас алған адам »,-деп баян етілген.
1.Әділ имам. Имам сөзінің екі ұшы бар. Дүниелік және діни. Әділет бар жерде 
берекет бар.
2.Иманды жігіт. Ұрпақ тәрбиесі ұлт тәрбиесі. Иманды жас ата-анасының қас-
қабағына  қарайды.  Үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет  ете  біледі.  Оның  жүрегіндегі  иманы 
бойындағы күш-қайратына дұрыс бағыт көрсетеді.
3.Жүрегі мешітке байланған адам. Мешіт мұсылманның құлшылық және ілім 
алатын ордасы. Мешіт мұсылманның қорғаны. Оны жаман ой мен ұнамсыз әрекеттерден 
тияды.
4.Имани достық. Адамның достығы ізгілік пен иманға негізделсе, оның жемісін 
бұл дүниеде және ақыретте көрмек.
5.Ойнас пен зинадан қашу. Арсыз әрекеттен аулақ болу. Арсыздық белең алған 
қоғам түрлі бәлелерге ұшырайды. Хадисте: «Бір елде ойнас пен өсімқорлық белең алса, 
олар өз бастарына Алла тағаланың ғазабын құп көргені »,-деп айтылған.
6.Қайырымдылық.  Адамдардың  бір-біріне  қол  үшын  беріп  жәрдемдесуі  – 
қоғамның  негізгі  тіректерінің  бірі.  Ал,  сол  қайырымдылықты  көзбаяушылық  етпей, 
шынайы ықыласпен жасау адамилықтың биік көрінісі.
7.Ихсан  –  ниет  пен  амалдың  керемет  үйлесімі.  Әрбір  амал-әрекетті  Алла 
разылығы үшін жасау. Ал, күнә істерден адамдардың сыны мен мінінен қорқып емес, 
Жаратқаннан қорқып тиылу. Оның ең биік көрінісі жалғыз қалғанда да зәредей күнә 
жасамай, Жаратушысы біліп, көріп тұр деп сену.
Аталған  қасиеттердің  иелену  әрбір  мұсылманның  қолында.  Бірақ,  таудай 
талаппен  қоса  табандылықты  қажет  етеді.  Бұл  қасиеттердің  барлығы  да  салауатты 
қоғамды қалыптастырады. Сол үшін де қиямет күні бойында осы қасиеті бар адамдар 
жоғары дәрежеде болады.
БАЛГЕРГЕ БАРУ КҮНӘ МА?
Көріпкел, балгер, құмалақшы, жұлдызшы және тәуіп. Бұлардың атаулары әртүрлі 
болғанымен  тірлігі  бір.  Олар  түрлі  тәсілмен  ғайыптан  хабар  берумен  айналысады. 
Адамның  өткен  шағы  мен  болашағы  жайлы  айтқысы  келеді.  Олар  карта,  кофе,  тас 
немесе құмалақ пайдалануы мүмкін.
Көріпкелдер жайлы Құран Кәрімде: «
Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін 
бе?  Олар  әрбір  өтірікші,  күнәкарға  түседі.  Олар  шайтандарға  құлақ  салады. 
Олардың көбі өтірікші[1]»,-деп айтылған.
Ғайып  тек  Аллаға  аян.  Шын  мәнінде,  ғайыпты  тіпті  таңдаулы  пайғамбар  да, 
ең  ұлық  періште  де  білмейді.  Алла  тағала:  «(Мұхаммед  (с.ғ.с.)  Алла  қаламайынша, 
өзім үшін пайда, зиян келтіру күшіне ие емеспін. Егер көместі білген болсам, әрине, 
жақсылықты көбейтіп алар едім. Сондай-ақ, маған бір сәтсіздік жұғыспас еді. Мен иман 
келтірген елді ескертуші және қуантушы ғанамын» де[2]»,–деп беймәлім өткеннің мен 
бұлыңғыр болашақтың ақиқаты айтылған.
Фиқһ ғалымдары пікірінше, көріпкелдікпен айналысу (ғайыпты білемін деп жариялау) 
және сол ісін кәсіп етіп тапқан табысы – харам. Бұл шариғат рұқсат етпеген жолмен 
келген ақша. Сонымен бірге, «тәуіпке барып өткен және болашақ жайлы немесе бір 
істің немен бітерін сұрау да харам» деп пәтуа берген.
Айша  (р.а.)  анамыз  риуаят  етеді:  Адамдар  көріпкелдер  жайлы  сұрағанда  пайғамбар 
(с.ғ.с.): «Олар түкке тұрғысыз»,– деп жауап береді. Адамдар: «Уа, Алла елшісі! Олардың 
кейде айтқан сөзі рас боп шығады»,–дейді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Ол бір шындық сөзді 

181
жын естіп, серігінің (көріпкелдің) құлағына сыбырлайды, ал ол оған жүз жалған сөзді 
араластырып айтады[3]»,–деген екен. 
[1]Шұғара сүресі, 221-223 аяттары 
[2]Ағраф сүресі, 188-аят 
[3]Бұхари 2210, Муслим 2228
НАМАЗ ОҚЫМАЙ БАҚИЛЫҚ БОЛҒАН 
АТА-АНАҒА ДҰҒА БАҒЫШТАУ
Тахауи ақидасында: «Үлкен күнә жасаған адам тозақта мәңгі қалмайды. Егер тек 
Алла тағалаға иман еткен күйде қайтыс болған болса. Тіпті, дүниеден тәубе етпей кетсе 
де[1]»,-деп айтылған. Бұл жөнінде Құран Кәрімде: «Алла тағала өзіне ортақ қосылуды 
жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды...»[2], – дейді.
Ал, хадисте: «Бір кісі пайғамбарға (с.ғ.с.) келіп: «Уа, Алла елшісі! Екі міндет 
не?», – деп сұрады. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Кімде-кім Алла тағалаға серік қоспай қайтыс 
болса, жәннат оған міндет болады. Ал, кімде-кім Алла тағалаға серік қосып қайтыс 
болса, тозақ міндет болады», – деп жауап берді»[3].
Ал, марқұмға сауап тиетіндігі жайлы Әбу Һурайра (р.а.): «Адам қайтыс болса, 
барлық амалы тоқтайды. Бірақ үш жолмен (сауап) үздіксіз барып тұрады, ол: тоқтаусыз 
садақа (яғни, адамдар игілігі үшін салған көпірі, мешіті, медресесі, мектебі, ауруханасы 
т.б.),  пайдалы  ілімі,  артынан  қалған  ізгі  ұрпағының  дұғасы[4]»–  деген.  Мұсылман 
қайтыс болып, жамбасы жерге тигенде өзінің амалы тоқтайды. Ал, перзентінің алақан 
жайып жасаған дұғасы артынан сауап боп барып тұратыны шүбәсіз.
Иә,  бұл  Алла  тағаланың  шексіз  мейірімділігі  және  кеңшілігі.  Адам  баласын 
мәңгілік  тозақ  құтқаратын  оның  шынайы  иманы.  Алайда,  айтпағымыз  «мен 
мұсылманмын» деп намаз оқымай, ораза тұтпай жүре беріңдер деу емес. Керісінше, 
Алла тағаланың алдындағы парыздарыңызды түгел орындауға ұмтылыңыздар. Себебі: 
«Тозақта тозақтан да жаман төрт нәрсе бар: тозақта мәңгі отта қалу тозақтан жаман, 
тозақта періштелердің кәпірлерді азаптауы тозақтан жаман, тозақта шайтанның жанында 
болу  тозақтан  жаман  және  тозақта  Алла  тағаланың  қаһары  тозақтан  жаман[5]»,-деп 
айтылғандай бір сәт тозақта болудың өзі қорқынышты. Бірақ, қандай жағдайда болса 
да, Алла тағаланың рақыметімен үміт үзбеңіздер.
[1]Шарх ақида әт-Тахауиа, хукм әһли кабира фил ахира, 103-бет
[2] «Ниса» сүресі, 48-аят.
[3] Мұхтасар тафсир Ибн Касир, І-том, «Ниса» сүресі, 48-аят, 487-бет.
[4]Сахих Муслим 3/1255, Термизи 3/660, Әбу Дауд 3/117, Муснад Ахмад 5/269.
[5] Мунаббиһат, 17-бет
МҰНАФЫҚ ДЕГЕН КІМ?
Абдулла бин Амр (р.а.) риуаят етеді: «Кімнің бойында төрт белгі болса, нағыз 
екіжүзді  (мұнафық).  Ал,  осы  төртеуінің  бірі  табылса  одан  арылмайынша  кісіде 
екіжүзділіктің нышаны болғаны, ол: аманатқа қиянат етеді, сөйлегенде өтірік айтады, 
сертін бұзады және дауласса арамдыққа барады[1]».
Мұнафық  –  ішкі  дүниесі  сыртқы  көрінісіне  қарама-қайшы  адам.  Екіжүзділік: 
иман,  амал  және  мінез-құлықта  кездеседі.  Иманға  бойлаған  екіжүзділік  күпірлікке 
алып барады. Хадисте айтылған төрт белгіден адамның екіжүзілігін аңғаруға болады. 

182
Шын мәнінде, бұл аталған төрт белгі жүрегінде кәміл иманы бар адамда ешуақытта 
болмайды.
1.Қиянат  –  аманатқа  жеңіл  қарау  және  немқұрайлық  таныту.  Ал,  аманат 
адамға табысталған мал-мүлік, ар-намыс және Алла тағала парыз еткен барлық амалдар 
жатады.  Сол  себепті,  Алла  тағала  Құранда:  «Әй,  мүміндер!  Аллаға  және  Елшісіне 
опасыздық қылмаңдар, тағы біле тұра аманаттарыңа қиянат етпеңдер[2]»,-деп Кітабына 
және елшісіне қарама-қайшы әрекет етуді қиянат деп әмір еткен.
2.Жалған  сөйлеу  –  екіжүзділіктің  негізі.  Мұсылман  кейде  жалқау,  кейде 
қорқақ болуы мүмкін. Алайда, қандай жағдай болса да мұсылманның тілінен өтірік сөз 
шықпайды.
3.Уәдені бұзу өтіріктің бір қыры. Құранда: «Енді Аллаға берген уәделеріне 
қарсы  келіп,  өтірік  айтқандықтары  үшін  Алла  өзіне  жолығатын  күнге  дейін 
олардың  жүректеріне  екі  беткейлік  салып  қояды[3]»,-деп  айтылған.  Ия,  уәдені 
бұзу сенімсіздік тудырады. Адамның күнделікті өмірі мен жұмысына орасан кедергі 
келтіреді.  Ақыр  соңы  үлкен  олжадан  мақұрым  етеді.  Ол  –  басқалардың  оған  деген 
сенімі.
4.Дауда  арсыздыққа  барады.  Екіжүзді  адам  кісі  ақысын  мойындамай, 
арсыздықпен оның ар-намысы мен мал-мүлкіне қол сұғады.
Бұл төрт жаман қасиет кейде мұсылманның бойынан табылуы мүмкін. Ондай 
болған  жағдайда  оған  кәпір,  нағыз  Мұнафық  деуге  болмайды.  Ол  мінез-құлқында 
екіжүзділік  бар  адам  боп  есептеледі.  Бұл  имам  Науаидің  аталмыш  хадиске  берген 
түсіндірмесі.  Мұнафықтарға  қатысты  мына  хадиске  назар  аударыңыз.  Әбу  Һурайра 
(р.а.) риуаят етеді: «
Мұнафықтың белгілері үшеу: сөйлесе өтірік айтады, уәде берсе 
бұзады және аманатқа қиянат етеді[4]»,-деп айтылған.  Бұл үш белгі адамның ішіндегі 
арам пиғылын айқындайтын нышандар. Алайда, екіжүзділік белгісі осы үш белгімен 
шектелмейді. Екіжүзділік белгілері көп. Бірақ, бұл үшеуі адамның ниеті, амалы және 
сөзінің бұзылғандығын көрсететін негізгі белгілері. 
[1] Бұхари, Муслим және сунандарда: Әбу Дауд, Термизи, Насаи
[2]Әнфал сүресі, 27-аят
[3] Тәубе сүресі, 77-аят
[4] Муслим, Термиз және Насаи
 
ШАЙТАН ҚАЛАЙ ЖӘНЕ ҚАЙДАН ЖАРАТЫЛҒАН?
Шайтан   сөзі  «азғын,  қарсы  келуші»  деген  мағынаны  білдіреді.  Түбірі  – 
«алыстады», «ұзақтады» деген мағынаға саятын – «Шәтанә/طشَنَ طشيُن، شُطُنوًا» етістігінен 
шыққан. Оған бұл атау Раббымызға қарсы келіп, Оның әміріне теріс әрекет еткені  үшін 
тағылған.
Оның  тағы  бір  аты  «Ібіліс»  –  үмітін  үзді  деген  мағынаны  білдіретін  «سلبأ» 
етістігінен шығады. Алланың кешірімі мен мейрімінен үмітін үзгендіктен   оған «Ібліс» 
аты берілген.
Шайтан жаратылысы жайындағы ғалымдар арасындағы пікірлер екіге бөлінеді: 
періште ме әлде жын ба?
Сахаба  Абдулла  ибн  Аббас  шайтанды  періштелердің  бірі  деп  санағандығы 
деректерде айтылады. Шайтан Аллаға қарсы келіп, оның лағынетіне душар болғаннан 
кейін Шайтан атанды, оның алдыңғы аты «Харис» еді деседі[1].
Ал, ислам ғалымы табиғин Хасанал Басри (р.а.) Шайтанды періште емес, жындардың 

183
атасы деп санаған. Хасан әл-Басри бұл туралы өзінің бір сөзінде былай тұжырымдайды: 
«Ешбір  уақыт  Шайтан  періштелердің  бірі  емес-тін.  Ол  жындардың  атасы.  Құдды  
Адамның (ғ.с.) бүкіл адамзаттың атасы болғаны секілді».
Сондай-ақ,  Құран  Кәрімде 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет