Құрастырған Мұхамеджан естеміров әмірсейт қажы Дәулеталиев уағыз (365 КҮнге арналғАН уағыздар) Шымкент, 2015 ж



Pdf көрінісі
бет27/32
Дата06.03.2017
өлшемі1,6 Mb.
#7845
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

сөздерін қайталаңдар...» деген. Тағы бір хадисте: «Хаййә алас-Саләһ (Намазға асық!), 
Хаййә аләл-Фәләх (Азаттыққа, мәңгілік бақытқа жетуге асық!)» деген кезде «Ләә хаула 
уәләә қууата иллә биллаһ (Күш қуат тек Аллаға ғана тән)» деген сөздерді айту керектігін 
өсиет еткен. Өйткені намазды өз деңгейінде орындау өте жауапты, игі амал. Осылайша 
мүмін, азаншының дауысын естігенде «күш қуат тек Аллаға ғана тән» деу арқылы «Уа, 
Аллаһ  тағалам!  Егер  де  Сенің  күш-қуатың  болмаса  намаз  да  өз  деңгейінде  өтелмей 
мәңгілік бақытқа жете алмас еді» деген болады.
Расулуллаһ  (саллаллаһу  алейһи  уә  сәлләм)  бір  хадисiнде  былай  деген:  
«Ей, менiң үмметiм Азан бiткен соң мына дұғаны оқыңдар: «
Аллаһуммә раббә һәзиһид 

197
дауәтит таммәти, уәс саләтил қаимәти, әти Мұхаммадәнил-уәсиләтә уәл фадийләтә, 
уәд-дәражатар-рафийъа, уә бъасһу мақамән махмудәнил лазий уа адтәһу».  
Мағынасы:  «Иә  Аллаһ  тағалам!  Мына  толық  азан  мен  оқылатын  намаздың 
Раббы!  Хазірет  Мұхаммедке  арқау  болуды,  ерен  ерекшелікті  және  жоғары  дәрежені 
бер! Және де оны өзің уәде еткен «Махмуд шыңына» жеткіз. Сенің өзің берген уәдеңді 
орындайтыныңа ешқандай күмән жоқ».
ДЕНЕГЕ СУРЕТ САЛУ (ТАТУИРОВКА) ДҰРЫС ПА? БҰЛ ҒҰСЫЛ АЛУҒА 
НЕМЕСЕ ДӘРЕТКЕ КЕДЕРГІ БОЛА МА?
  Бұл  мәселені  екі  бөлек  қарастырғанымыз  жөн.  Өйткені  денеге  сурет  салдыру 
мен сурет салынған денемен құлшылық жасаудың айырмашылығы бар. Денеге сурет 
салу немесе салдыру - Алланың жаратқан тәнін өзгерту болып саналады. Сондықтан 
Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.):  «
Денеге  сурет  салғанға  да,  салдырғанға  да  Аллаһтың 
лағынеті болсын» деп, бұл істің харам екендігін айтқан.  Исламды кейіннен қабылдаған 
жан, бұл істің харам екендігін кеш білсе, мүмкіндігінше денесіндегі суретті кетіргені 
дұрыс. Ал кетіре алмаса, оны күштеп кетіру үшін жаны мен тәнін азапқа салудың қажеті 
жоқ. Тек тәубе қылып Алладан кешірім сұрауы керек. Ең бастысы, денесіне салынған 
сурет оның ғибадат қылуына бөгет болмағаны дұрыс. Шайтан: «сенің денеңде сурет 
бар.  Намаз  оқыма,  ораза  ұстама»,  –  деп  адамды  азғыруы  мүмкін.  Салынған  сурет 
терінің астына піспелеп, бояу жіберіп әшекейлегендіктен терінің үстіне су тиюіне бөгет 
болмайды. Сондықтан салынған суреттің үстіне дәрет алуға, ғұсыл жуынып ғибадат 
қылуға, намаз оқуға болады.
              Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  Амр  ибн  Асқа:  «
Исламға  кіру  –  бұрынғы 
күнәларды жояды» деген хадисі осы мәселені айшықтай түседі. Өйткені Ислам дінінде 
пенденің мұсылман болмай тұрып істеген күнәларын толықтай кешіріледі.
ЗЕКЕТ КІМДЕРГЕ ЖӘНЕ ҚАНДАЙ ОРЫНДАРҒА БЕРІЛЕДІ?
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «
Маған зекет бер» – деген адамға былай 
жауап берген: «Ұлы Алла зекеттің берілетін орындары жайында пайғамбарының 
да, басқаның да үкіміне разы болмай, өзі берді. Оны сегіз топқа бөлді. Егер сол 
сегіз топтың ішінде болсаң, саған есеңді беремін» (Әбу Дәәуд, Зекет, 24). Иә, зекеттің 
берілетін орындарын Аллаһ Тағала «Тәубе» сүресінің алпысыншы аятында тағайындап 
білдіреді: «Шын мәнінде садақалар (зекеттер), кедей-кепшіктерге, түгі жоқ міскіндерге, 
зекетті  жинауға  тағайындалған  адамдарға,  көңілдері  жібітілуі  мақсат  етілгендерге 
(жаңа мұсылмандарға), құлдарды азат етуге, қарызға батқандарға, Аллаһ жолына және 
қиналған жолаушыларға берілуі Аллаһ тарапынан парыз етілді» (Тәубе, 60).  Бұл аятта 
айтылған сегіз топты былай түсіндіруге болады: 
           
1.Пақырлар.  Пақыр  деп  нисап  мөлшеріне  жететін  байлығы  жоқ  адамдар 
айтады.
      
2. Міскіндер. міскін деп – түгі жоқ адамдар айтылады.  
           
3.Зекет  жинауға  тағайындалған  арнайы  адамдар.  Зекеттің  жиналуы, 
сақталуы,  есептеліп,  лайық  адамдарға  таратылып,  тапсырылуы  сияқты  жұмыстар 
үшін мемлекет тарапынан тағайындалған адамдар. Бұларға зекеттен белгілі бір бөлігі 
олардың еңбек ақысы ретінде беріледі. Зекет жинап еңбекақы алуға ол адамдардың бай 
болуы бөгет емес.  

198
            4.Муәллафатул-қулууб.  Мұсылман  болу  бақытына  әлі  кенелмеген  кейбір 
адамдардың жаманшылығынан сақтану үшін және Ислам дінін жаңадан қабылдаған 
иманы әлсіз адамдардың, тіпті әлі Исламды қабылдамаған кейбір адамдардың көңілін 
жібіту  үшін  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  кедей  болсын,  ауқатты  болсын,  оларға  зекеттен 
белгілі бір мөлшерде үлес беріп отырған. Міне, осы аталмыш үш топ Құранда айтылып, 
зекеттен белгілі бір үлес тағайындалған «муалләфатул-қулууб» тобына жатады. Бірақ, 
Хазіреті Омар дәуірінде бұл топқа зекет беру тоқтатылған. Себебі, Ислам діні дүниеге 
қанат  жайып,  қуаттанғаннан  кейін  бұлардың  көңілін  жібітіп,  жаманшылықтарынан 
сақтанудың  қажеті  болмай  қалды.  Бірақ  кейбір  ғалымдардың  фәтуасына  сүйенсек, 
қажет болған жағдайда, қайтадан бұл топқа беруге болады.
 
5.Құлдар. Қожайынынан азат болу үшін белгілі ақшаға келіскен құлдарға зекет 
беріледі. Міне, бұл Ислам дінінің құлдарды азат ету жолында жұмсаған еңбектерінің 
бір көрінісі. 
          
6. Қарызға батқандар. Қарызынан тыс нисап мөлшеріндегі малға ие болмаған 
немесе басқасында алатын қарызы болып, қайтарып алуы мүмкін болмағандар «қарызды 
адамдардың» тобына жатады. Пақырға зекет бергеннен гөрі қарызынан қиыншылық 
көріп жатқан адамдарға зекет беру – абзал. Өйткені, қарызынан құтылу – қарызы бар 
үшін басты міндет. 
   
7.Аллаһ  жолында.  Бұл  топқа  Аллаһ  ризалығы  үшін  ілім  іздеушілер,  Аллаһ 
Тағаланың  дінін  қорғау  және  жастарымызды  имандылық,  адалдық,  адамгершілік, 
әділдік сияқты жақсы қасиеттерге тәрбиелеу үшін, жалпы қоғам пайдасына шешілетін 
қайырлы істер үшін бар күштерін салып еңбек етушілер кіреді. 
  8.Қаржылары бітіп, жолда қалғандар. Бұларға негізгі тұрғылықты жерлерінде 
ақшалары  барлар  жатады,  яғни,  бай  болса  да  оларға  зекет  беріледі  (қажылар,  ілім 
ізденушілер, т.б. сияқты). 
ШОШҚА ЕТІН ЖЕУ КҮНӘ МА?
Доңыз – ең әуелі бүкіл әлемдердің Раббы Аллаһ Тағала «жемеңдер» деп тыйғаны 
үшін  харам.  Мұсылмандар  Аллаһ  Тағаланың  тыйған  тыйымдарының  астарлы 
хикметін,  зиянын  білмесе  де  «неліктен,  неге?»  деместен  дереу  бойұсынуға  тиіс. 
Себебі,  оны  бұйырып  тұрған  ұлы  иеміз  Аллаһ  Тағала.  Мына  дүниеге  біздер  сынақ 
үшін жіберілгенбіз. Аллаһ Тағаланың адал еткен нәрселері шексіз, санасаң шегіне жете 
алмайсың. Ал, керісінше, харам еткен дері санаулы әрі шекті. Солай бола тұра, кейбір 
адамдар осыншама адал нәрселерді ысырып қойып, Алла Тағаланың сынақ үшін харам 
еткен  санаулы  нәрселеріне  барып  ұрынады.  Құдды  ол  харамды  жемесе  яки  ішпесе 
аштыққа ұрынатындай. Бойұсынудың ең ұлысы һәм ең сауаптысы – істің зияны мен 
пайдасын есепке алмастан, тек бүкіл әлемдердің раббы – Алла Тағала бұйырғаны үшін 
ғана орындау. Мұнымен қоса, Алла Тағаланың тыйған кез-келген тыйымдарында бұл 
дүниелік һәм ана дүниелік пайдалар бар екені де сөзсіз. Доңыз етінің харам болуының 
да әр түрлі хикметтері бар. Оларды қысқаша қайыратын болсақ: 
1. Доңыздың денесінде улы заттар бар. Доңыз еті өте майлы келеді. Бұл май 
жеген адамның қанына сіңеді. Сөйтіп, қан май түйіршіктеріне толып қалады. Қандағы 
өлшемінен көп бұл май артерия тамырларының қатаюына, қан қысымының көтерілуіне 
және жүрек талмасына себеп болады. Бұған қоса, доңыз майының құрамында sutoksin 
«сутоксин» делінген улы зат бар. Ол денеге енген соң қайта сыртқа шығарылуы үшін 
лимфа бездерінің шамадан тыс жұмыс істейді. Ал бездердің бұлай қарқынды жұмыс 

199
істеуі,  әсіресе,  жас  балалардың  лимфа  бездерінің  асқынуына  және  ісінуіне  әсерін 
тигізеді. Ауруға ұшыраған баланың тамағы қатты ісігендіктен, доңыз кейпін елестетеді. 
Міне,  сондықтан  бұл  ауру  медицина  тілінде  «skrofuloz»  немесе  «доңыз  ауруы»  деп 
аталады.  Ауру  қатты  асқынған  жағдайда  лимфа  бездері  жарақатқа  айналып,  қатты 
ісінеді. Науқастың ыстығы көтеріліп, қатерлі жағдайға душар болады. 
2.Доңыздың  денесінде  көп  мөлшерде  күкірт  қышқылы  болғандықтан  оны 
жеген  адамның  ағзасында  күкірттің  мөлшері  шамадан  тыс  көбейеді.  Ал,    күкірт  өз 
кезегінде  шеміршек,  бұлшық  ет  және  сіңірлерге  сіңіп,  буындарда  тұз  жиналу  және 
омыртқаның жылжуы сияқты ауруларға себеп болады. Доңыз етін жиі жеген жағдайда, 
денедегі  қатты  шеміршектердің  жұмсарып,  физикалық  күш  түскен  кезде  ауырлыққа 
шыдамайтын  болып  қалады.  Яғни,  адамның  буындары  босаңсып  кетеді.  Доңыз  етін 
жейтін адамдардың қолдары ісіп, денелерінде май қабаттары пайда болады. Мысалы, 
ол  адам  спортпен  айналысқан  күннің  өзінде  жалқаулық  пен  жайбасарлықтан  арыла 
алмайды. 
 
3.Доңызда  өсу  гармоны  да  көп  мөлшерде  кездеседі.  Бірнеше  жүз  грамдық 
салмақпен ғана туылған торайлар алты айдың ішінде жүз килоға жетеді. Торайлардың 
мұншалықты тез өсіп, үлкеюі доңыздың денесіндегі өсу гармонының өте көп мөлшерде 
болуына тікелей байланысты. Бұл гармондар доңыздың етін жеген адамдардың денесіне 
де өтетіндіктен, ол ағзаға кері әсерін тигізеді. Денедегі тканьдардың ісіну мен қабынуына 
әкеп соғады. Мұрын, жақ, қол, аяқ сүйектерінің табиғи қалыптан тыс үлкейіп, өсуіне 
және жалпы дененің майлануына себеп болады. Былайша айтқанда доңыз еті семіздікке 
себепші болады. Бұл гармондардың ең үлкен зияны – денеде қатерлі ісіктің (рактың) 
пайда болуына жағдай жасайды. Мал дәрігерлері еркек доңыздардың үлкен бөлігі бір 
жастан кейін қатерлі ісік ауруына көптеп шалдығатындықтарын айтады. 
4. Доңыз етінің құрамындағы хистамин (histamine) және имидазол (imidazole) 
деп аталатын заттар көп. Олар  ағзада көбеюі адамның терісінде қышу тудырады, 
есекжем, бөртпе (экзема), дерматит сияқты тері ауруларға себеп болады. Бұған қоса, бұл 
заттар соқырішек, өт жолдары, тамыр ауруларына да көп жағдайда себеп. Сондықтан 
дәрігерлер жүрегі ауыратын адамдарға доңыз етін жеуге болмайтынын ескертеді. 
5.Доңыздың  етін  жеу  салдарынан  адамда  пайда  болатын  тағы  бір  ауру  – 
трихина ауруы. Доңыздар бұл ауруды трихина атты құрттары бар тышқандарды жеу 
арқылы өздеріне жұқтырады. Доңыздардың денесінде бұл құрт көптеп кездеседі. Бірақ 
трихина ауруы доңыздарға қатты әсер етпейді. Ал адамдар үшін бұл ауру өміріне қауіп 
төндіретіндей қатерлі ауру болып саналады. Трихина құрттары асқазан және ішектер 
арқылы  қанға  өтеді.  Сосын  бүкіл  денеге  тарайды.  Трихина  құрттары,  әсіресе,  жақ, 
тіл,  мойын,  жұтқыншақ  және  көкірек  бұлшықтарының  тканьдарында  орналасады. 
Сондықтан осы мүшелердің бұлшықтарының тартылып қалуына (сал болуына) себеп 
болады.  (Мустафа  Зарқа,  Фәтәәуа,  221-бет.  «Дарул-қалам»  баспасы,  Димашқ.  2001 
ж.). Бұған қоса, қан тамырларының бітелуіне, менингит және мидың асқынуына әкеп 
соғады.  Трихина  ауруы  кей  жағдайда  адам  өліміне  де  себеп.  Бұл  аурудың  тағы  бір 
жаман жағы - нақты емінің болмауы. Трихина көбінесе батыс елдерінде кеңінен етек 
алған. Мал дәрігерлерінің қатты қадағалауына қарамастан, Швейцария, Англия және 
Польшада трихина ауруы кең тараған. Ал, мұсылман елдерінде бұл ауру жоқтың қасы. 
Медицина ғылымы дамығаннан кейін ғана доңыз етіндегі трихина сияқты зиянды 
құрттар  мен  микроптардың,  улы  заттардың  бар  екенін  білудеміз.  Ал,  Құран  қанша 
ғасыр бұрын доңызды «харам» деп кесіп үкім берген. Сондықтан доңыздың денесінде 
әлі де біз біле білмейтін, ғылым дәлелдей қоймаған зиянды нәрселердің жоқ екендігіне 

200
кім  кепіл?!  (Махмуд  Хамди  Зақзуқ,  Хақайқул-Ислам  фи  муажаһати  шубуһатил-
мушаккикин, 649-бет. Кайр қаласы, Мажлисул-ағла ли шуунил-Исламия. 2004 ж.). 
6.Адамдар мен жан-жануарлардың табиғаты мен мінездерінің қалыптасуында 
жеген қоректерінің де рөлі бар. Мысалға, арыстан, қасқыр сияқты етпен қоректенетін 
аңдар жыртқыш болып келсе, керісінше сиыр, қой, қоян сияқты шөппен қоректенетін 
жануарлар  жуас.  Көбіне  көкөністермен  қоректенетін  адамдардың  табиғаты  жұмсақ, 
биязы  болып  келетіндігі,  ал  етті  көбірек  жейтін  адамдардың  табиғатының  қаттылау 
болатыны анықталған. Қазақта адамның мінезін суреттеген кезде «жылқы мінезді», «қой 
мінезді» деуі де осы айтқандарымызды айқындай түседі. Доңыз – өзінің ұрғашысын 
қызғанбайтын  хайуан.  Сондықтан  доңыз  етін  жейтін  адамдарда  қызғану  сезімінің 
әлсірейтіндігі  байқалған.  Француз  ойшылы  Саворин  қоректенудің  маңыздылығын 
түсіндіре келе «Маған немен қоректенгеніңді айт, сенің кім екеніңді айтайын» деген 
екен. (Адем Татлы, Мерак еттиклеримиз, Жиһан иайынлары, Станбул). 
Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ.
ҚАСИЕТТІ ҮШ АЙ 
Иә, мүбәрак саналған режеп, шағбан, рамазан барша мұсылман әлемінде қасиетті 
айларға жатады. Бұл қасиетті күндер мен түндерді біздің тәубе-истиғфар жасауымызға 
зор мүмкіндік беретін сәт десек те болады. Мұсылмандардың күнәларынан арылып, 
жақсылық  пен  әсемдікке  шынайы  және  тікелей  жол  тартуына  зор  мүмкіндік.  Адам 
ешбір  дәнекерсіз  өз  жан-дүниесімен  Ұлы  Жаратушыға  жалбарынып,  Алланы  еске 
алып, тәубе-истиғфар ететін кез.  
Үш  айдың  қасиетті  болуы  Рағайып  пен  Миғраж  түнінің  режеп  айына,  Бәраат 
түнінің шағбан айына, Қадір түнінің рамазан айына дөп келуіне тікелей байланысты. 
Бұл  жайлы  Қасиетті  Құран  Кәрім  аяттары  мен  пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с.) 
өмірі мен мүбәрак сүннеттерінен мол мәлімет алуға болады.   
Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  рамазан  айымен  қатар  режеп,  шағбан  айларында  ауыз 
бекіткен.  Режеп  айы  кіргенде  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.):  «Раббым,  режеп  пен  шағбан 
айларын берекелі қыла гөр. Бізді рамазанға аман-есен жеткізе гөр!» (Ахмад ибн Ханбал, 
Мүснәд, I/259) деп дұға тілейтін. 
Қасиетті үш ай режеп айымен басталады. Ал режеп Ислам діні келмей тұрып та 
құрметті ай болған. Ислам діні келісімен бұл айға деген құрмет күшейе түсті. Мұны 
қасиетті Құран Кәрімде: «
Олар сенен тыйым салынған айда соғысуға бола ма? – 
деп сұрайды. 
Сен оларға бұл айда соғысу – үлкен күнә, – де. Ал адамдарды құдай 
жолынан тайдыру, күпірлік келтіру, Мәсжид-әл-харамда (ғибадат етуге) тосқауыл 
болу,  ол  жерден  адамдарды  қуып  шығару  –  құдай  алдында  таудай  үлкен  күнә. 
Бүлік жасау – кісі өлтіруден де ауыр қылмыс. Олар (мүшрік кәпірлер) сендерді 
діндеріңнен бездіргенше тоқтамай, сендермен күресе береді. Сендерден кімде-кім 
өз дінінен безіп, кәпір болып өлсе, оның істеген әрекеттері бұл дүниеде де, қияметте 
де түкке тұрмайды. Олардың орны – тозақ, онда олар мәңгі қалады» («Бақара», 
2/217), – дейді. 
Бұл 
қасиетті 
айлардың 
қадірін 
осы 
аяттар 
анық 
аңғартады.  
Режеп айында қасиетті екі түн бар. Айдың алғашқы жұмасы Рағайып түніне, ал жиырма 
жетінші түні Миғраж түніне сай келеді. Рағайып түнін «жақсылық пен игілікке толы және 
аса құнды, ерекше бағалауды қажет ететін түн» деп түсінеміз. Ислам ғұламаларының 
айтуына қарағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл түні адамның жан сарайына шуақ берер 

201
амалдар жасап, нұрлы сырларға қанығып, Ұлы Жаратушыға мадақ келтіріп, шүкіршілік 
жасап, дұға, кешірім тілеп, намаз оқыған. 
Бұл мүбәрак түннің ерекшелігінің бірі, «Қасиетті рамазан айының келетіндігінен 
хабар беруінде. «Режеп, шағбан, рамазан» айлары бірінен соң бірі келіп, мұсылмандар 
өз - өзін қадағалап, біртіндеп тақуалықтың шыңына шыға алады. 
Пайғамбарымыз  (с.ғ.с)  өзіне  қарсы  дұшпан  болған  жабайы  тобырмен  табанды 
күрес жүргізген шақта, қасиетті Миғраж (түнгі серуен) орын алған еді. Миғраж сенімді 
дерек көздеріне қарағанда Мәдинаға көшпестен бір жарым жыл (621 ж.) бұрын болған. 
Режеп айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түні пыраққа мініп түнгі 
сапарда  көк  жүзінен  өтіп,  Ұлы  Жаратуышымен  ерекше  суретте  қауышып,  тікелей 
байланысқа шыққан болатын. 
Қасиетті айлардағы сауапты амал турасында Айша анамыз Пайғамбарымыздың 
(с.ғ.с.): 
«Шағбан айындағы секілді көп ораза тұтқандығын көрмедім», (Мүслім, 
Сиям, 176)– дейді. 
Айша (р.а): Алла елшісі (с.ғ.с.) Рамазанға дейін шағбан айын толықтай оразамен 
өткізетін. Сонда мен: «
Уа, Расулалла! Шағбан сіз үшін айлардың ең сүйіктісі ме? 
Сол үшін ораза тұтасыз ба?», – деп сұрадым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Иә, бір жыл 
ішінде бақилық болатындардың тізімі осы айда жазылады. Сондықтан да менің 
де ажалымның құлшылық үстінде жетуін қалаймын». 
Алланың  сүйікті  елшісінен  не  үшін  шағбан  айында  көп  ораза  тұтатындығы 
сұралғанда: «Шағбан – амалдар Алла тағалаға ұсынылатын ай. Мен де амалдарымның 
ораза тұтқан кезімде ұсынылғанын қалаймын. Шағбан – адамдардың басым көпшілігінің 
рамазан мен режеп айларының ортасында мән бермей кететін ай. Мен ол айды босқа 
өткізгім келмейді», – деп жауап берген. 
Шағбан айының маңыздылығы туралы: Әнас (р.а.) былай дейді: «
Алла елшісінен 
(с.ғ.с.)  «Рамазаннан  кейін  қандай  ораза  маңызды?»,  –  деп  сұралғанда,  ол: 
«Рамазанға құрмет ретінде шағбан айы», «Қай садақа абзал?», – дегенде, «Рамазан 
айында берілген садақа», – деп жауап берді» (Тирмизи, Зекет, 28 Ибрахим Жанан, 
Кутуби Ситта, аудармасы, 9/66). Мүбәрак шағбан айының 
15-түні – Бәрағат кеші. Бұл 
түнде періштелер жер бетіне түседі, дұғалар қабыл болады.  
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл түннің маңыздылығын былайша түсіндіреді: «Шағбан 
айының  жартысы  толған  түнді  құлшылықпен  (мағынасы  мен  маңыздылығына  сай) 
өткізіңдер.  Күндіз  ауыз  бекітіңдер.  Өйткені,  Алла  тағала  күн  ұясына  батқан  шақта: 
«Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Рызық сұраушы бар ма, берейін. Ауру-сырқауға 
ұшыраған бар ма, шипасын берейін» деп таң шапағы атқанға дейін рахымын төгеді».  
Сондықтан да бұл мүбәрак айларда Алла тағалаға шүкіршілік етіп, Пайғамбарымызға 
(с.ғ.с.)  салауат  айтуымыз  керек.  Өйткені,  жүрек  тек  Алланы  еске  алғанда  ғана  жай 
табады. Ал дұғалар сәлем жолдау арқылы қабыл болады. Ұлы Раббымыз режеп пен 
шағбан  айларын  мүбәрак  етіп,  рамазанға  амандықпен  жетуімізді  баршамызға  нәсіп 
етсін.
КҮН МЕН АЙ ТҰТЫЛҒАНДА ҚАНДАЙ НАМАЗ ОҚЫЛАДЫ?
Дінімізде күннің тұтылуын – «
кусуф», айдың тұтылуын – «хусуф» деп атайды. Бір 
елде күн тұтылса, сол елдің имамы азансыз, қаматсыз халықпен екі рәкат намазды жария 
оқиды.  Бір  хадисте  айтылады.  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  күн  тұтылғанда  қиямда  ұзақ 
тұрып, екі рәкат намаз оқып былай деді: «
Бұл құбылыстар – Аллаһтың ұлылығын 
паш  еткен  дәлелдер.  Аллаһ  осындай  құбылыстармен  құлдарын  қорқытуды 

202
қалайды.  Бұндай  нәрсені  көрген  кезде  ең  соңғы  парыз  намазы  секілді  намаз 
оқыңдар»( Бухари, Кусуф, 1, 17). Ай мен күнге байланысты Аллаһ Тағала былай дейді: 
«Т
үн мен күндіз және күн мен ай – Аллаһтың (құдіретін көрсететін) дәлелдерінен. 
Күнге де, айға да сәжде етпеңдер. егер құлшылық қылатын болсаңдар соларды 
жаратқан Аллаһқа сәжде етіңдер», (Фуссилат, 41/37). Бұл аяттағы «сәжде етіңдер» 
әмірі ай мен күн тұтылғанда намаз оқу мағынасын білдіреді. Бұл намаз үлкен мешітте 
оқылса, абзал. Бірақ басқа жерлерде де оқи алады. Намаздан кейін имам күн ашылғанға 
дейін жамағатқа қарап отырып, дұға етеді. Жамағат «әмин» дейді. Ал хусуф намазы ай 
тұтылған кезде әркім үйінде құпия немесе жария түрінде екі немесе төрт рәкат намаз 
оқиды. Әбу Ханифа бойынша, мешітте жамағатпен оқу сүннетте жоқ. Оқыса артықтық 
қылмайды. Ай тұтылуы түнде болатындықтан жамағаттың мешітке жиналуы қиындық 
тудырады (Касани 1. 282).
ТӘҺАЖЖҮД ДЕГЕН ҚАНДАЙ НАМАЗ?
Құптан намазынан кейін немесе аз уақыт ұйықтап тұрғаннан кейін оқылатын нәпіл 
намазды «
түнгі намаз» дейді. Түннің жартысынан бастап, сәре уақытының аяқталуына 
дейінгі уақытта тұрып оқылған намазды «
тәһажжүд намазы» дейді. Тәһажжүд намазы 
екі рәкаттан сегіз рәкатқа дейін. Бұл намаз–Аллаһ Елшісіне парыз. Оның дәлелі мына 
аят: (Мұхаммед) «Түнде оянып, өзіңе тән нәпіл оқы». (Исра, 17/79). Осы намазға үмбетін 
қызықтырғаны жөнінде аяттар бар: (Мұхаммед) «
Сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен 
бірге болған бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір 
шамасында намазға тұрғаныңды біледі» (Мүзәмміл, 73/20). Пайғамбарымыз (с.а.у.): 
«Түнгі  намазды  үнемі  оқыңдар.  Өйткені,  түнгі  намаз  оқу  –  сендерден  бұрын  өткен 
салихалы жандардың әдеті. Раббыларыңа бағынудың белгісі. Жамандықтарды бүркеп, 
күнә жасаудан сақтайды», (Тирмизи, Дә\'ауат, 101.) – деп түнгі намазға шақырған. 
ҚАЖЫЛЫҚҚА ЖАҒДАЙЫ КЕЛГЕН КІСІ ОНЫ ДЕРЕУ ӨТЕУІ ШАРТ ПА?
Қажылық ғибадатының парыз болуы үшін белгіленген шарттар бір адамда толықса, 
ол  кісіге ертерек  қажылық жасау парыз. Шамасы келе тұра қажылықты  кешіктірген 
күнәкар  болады.  Пайғамбарымыз  (с.а.у.):  «Қажылықты  орындауда  асығыңыздар! 
Өйткені, сендердің ешқайсыларың өлімнің қай уақытта келіп жететінін білмейсіңдер», 
–  дейді  (Әбу  Дәәуд,  Мәнасик,  5.  Ибн  Мажә,  Мәнасик,  1).  Қажылық  ғибадатының 
парыздығының шарттары: Белгілі бір адамға қажылық ғибадатының парыз болуы үшін 
төмендегі шарттар орындалуы керек: 
1.Мұсылман  болу.  Мұсылман  еместерге  қажылық  парыз  емес.  Сондықтан 
мұсылман емес адам қажылық ғибадатын орындап болғаннан кейін Ислам дініне кірсе, 
шамасы жеткен жағдайда қайтадан баруы керек. 
2.  Ақыл  –  есі  дұрыс  және  балиғат  жасына  жету.  Балиғат  жасына  жетпеген 
балалар  мен  ақыл-есі  дұрыс  еместерге  қажылық  парыз  емес.  Бұл  екеуі  қажылықты 
атқарса, сосын бала балиғат жасына жетсе, ақыл-есі кем адам жазылса, қажылықты 
шамалары жеткен жағдайда қайта орындаулары парыз. Жас баланың балиғат жасына 
дейінгі жасаған қажылығы – нәпіл қажылық саналады. 
3. 
Азат болу. Қажылық ұзақ уақыт атқарылып, ұзақ сапарды талап ететіндіктен 
тұтқындарға,  түрмедегілерге,  құлдарға  қажылық  ғибадаты  парыз  емес.  Өйткені, 
тұтқындарда ондай мүмкіншілік жоқ. 
4. 
Уақыт. Арафат тауында арнайы белгіленген тұру уақыты мен зиярат тауабы 

203
уақытына өмірі жетпеген адам үшін қажылық парыз емес. 
5. 
Қажылық ғибадатын орындауға шамасының жетуі. 
а) Денсаулығы болуы. Денсаулығы нашар, алып жүретін адамы жоқ соқыр, ақсақ, 
сал  сияқты  ауруларға  ұшырағандарға  және  көлікке  өздігінен  міне  алмайтын  қарт 
кісілерге қажылық парыз емес. 
ә)  Қажетті  қаражаты  болуы.  Қажыға  барып-келу  қаржысын,  жолда,  қажылықта 
жейтін  азығына  және  әйел,  бала-шағасының,  жалпы  қарауына  міндетті  адамдардың 
қажылықтан  қайтып  оралғанға  дейінгі  қаражатын  көтере  алатын  адамға  қажылық 
парыз. 
б) Баратын жолдың сенімді болуы. Қажылыққа барудың парыз болуы үшін жол 
сенімді болуы керек. Баратын жолда соғыс немесе басқа да қатерлі жағдайлар туындаса, 
қажылыққа бару парыз емес.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет