Құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат


Анабиоз – ағзадағы тіршілік процесінің уақытша бәсеңдеуі немесе тоқтатылуы  26. Жылу мөлшері



Pdf көрінісі
бет15/67
Дата01.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#112263
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67
Байланысты:
ФИЗИКА ҰБТ2023 ТЕОРИЯ ЖИНАҚ 7-11сынып. Мұхамеджан Нұрболат

Анабиоз
– ағзадағы тіршілік процесінің уақытша бәсеңдеуі немесе тоқтатылуы 
26.
Жылу мөлшері
– дененің жылуберілу кезінде алған немесе жоғалтқан энергиясы
27.
Массасы тұрақты дененің температурасы өзгерген сайын, дененің алған немесе 
берген жылу мөлшері де өзгереді 
28.
Жылу мөлшері мен температура өзгерісінің арасында тура пропорционал тәуелділік 
бар екені тәжірибе жүзінде дәлелденген
29.
Дененің массасы артқан сайын, оның температурасын белгілі бір мәнге арттыру 
үшін жұмсалатын жылу мөлшері де көбейе береді. Жылу мөлшері мен массаның 
арасында тура пропорционал тәуелділік бар 
30.
Заттың меншікті жылусыйымдылығы
– массасы 1 кг заттың температурасын 1
0
С 
-ге өзгерту үшін қанша жылу мөлшері керек екенін көрсететін физикалық шама 
31.
Заттың меншікті жылусыйымдылығы жоғары болған сайын, температурасы 
өзгергенде оған берілетін немесе одан бөлінетін жылу мөлшері арта түседі 
32.
Құрамында көміртек бар отындарды 
органикалық отындар
деп атайды 
33.
1 кг отын толығымен жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін 
отынның 
меншікті жану жылуы
деп атайды 
34.
Кез келген массасы m отын толық жанғандағы Q жылу мөлшері отынның меншікті 
жану жылуы мен сол отынның массасының көбейтіндісіне тең 
35.
Қоршаған ортамен жылу алмаспайтын денелер жүйесін 
жылуоқшауланған жүйе
деп атайды 
36.
Екі денеден тұратын тұйық жылуоқшауланған жүйедегі жылулық тепе-теңдік 
кезінде ыстық дененің берген жылу мөлшері суық дененің қабылдаған жылу 
мөлшеріне тең болады 
37.
1 калория
– 1 г судың температурасын 1
0
С – ге арттыруға қажетті жылу мөлшері 
38.
Денелер жүйесінің 
толық энергиясы
деп механикалық және ішкі энергияның 
қосындысын айтады 
39.
Тұйық жылуоқшауланған денелер жүйесіндегі толық энергияның шамасы, жүйеде 
болып жатқан өзгерістерге қарамастан, тұрақты болып қала береді 
40.
Табиғаттағы энергия жоқтан пайд болмайды және ешқайда жоғалмайды: ол тек бір 
түрден екінші түрге ауысады, бір түрден екінші денеге беріліп отырады. Тұйық 
жүйедегі толық энергия тұрақты шама болып табылады 
41.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет