Құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат



Pdf көрінісі
бет17/67
Дата01.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#112263
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67
Байланысты:
ФИЗИКА ҰБТ2023 ТЕОРИЯ ЖИНАҚ 7-11сынып. Мұхамеджан Нұрболат

қайнау температурасы
деп атайды 
58.
Қайнау
– қайнау температурасында сұйықтың тұтас көлеміндегі булану процесі 
59.
Меншікті булану жылуы
– қайнау температурасындағы 1 кг сұйықты буға 
айналдыру үшін қажет жылу мөлшеріне тең физикалық шама 
60.
Қысымның төмендеуі қайнау температурасының төмендеуіне алып келеді 
61.
Қысымды көбейту арқылы, керісінше, сұйықтың қайнау температурасын арттыруға 
болады 
62.
Бір күйден екінші бір күйге ауысқан дененің ішкі энергиясының өзгерісі денеге 
берілген жылу мөлшері мен сыртқы күштердің істеген жұмысының қосындыларына 
тең 
63.
Жылу құбылыстары үшін энергияның сақталу заңы 
термодинамиканың бірінші 
заңы
деп аталады 
64.
Газға берілген жылу мөлшері оның ішкі энергиясының өзгерісіне және оның 
механикалық жұмыс атқаруына жұмсалады
65.
 Мәңгі қозғалтқыш
– отын немесе басқа энергия қорын жұмсамай-ақ механикалық 
жұмыс жасай алатын қозғалтқыш 
66.
Жеке бөлініп алынған энергия көзінің салқындауының арқасында үздіксіз жұмыс 
жасау мүмкін емес 
67.
Температурасы төмен денеден температурасы жоғары денеге жылу берілуі мүмкін 
емес
68.
«Жұлулық өлім»
- термодинамиканың термині, ол кез келген тұйықталған 
термодинамикалық жүйенің энергиясының барлық түрі жылу энергиясына 
ауысатын соңғы күйін білдіреді 
69.
Жылулық қозғалтқыш
– газдың немесе будың ішкі энергиясын механикалық 
энергияға айналдыруға арналған құрылғы 
70.
Жылу мәшинесінің пайдалы әрекет коэффициенті
– қыздырғыштан алынған 
энергияның қанша бөлігі механикалық энергияға айналатынын көрсететін 
физикалық шама 
71.
Идеал жылулық мәшине
– жүргізілген жұмыс пен берілген және шығарылған 
жылу мөлшерінің айырымы тең болатын мәшине 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет