Сызықтық спектрлер – жеке спектрлік сызықтардан тұратын атомдардың ұшып
шығуы мен жұтылуының оптикалық спектрлері.
70.
Сызықты емес оптика – қуатты жарық шоқтарының қатты денелерде, сұйықтарда
және газдарда таралуын және олардың затпен өзара әрекеттесуін қарастыратын
физикалық оптика бөлімі.
71.
Дененің жұтылу қабілеттілігі – жиіліктер интервалында дененің жұтқан сәулелену
ағынының осы интервалда денеге түскен сәулелену ағынына қатынасына тең
физикалық шама.
72.
Энергетикалық жарқыраудың спектрлік тығыздығы немесе температурасы дененің сәулелену қабілеттілігі – жиіліктер интервалында алынған энергетикалық
жарқыраудың осы жиіліктер интервалы шамасына қатынасына тең физикалық шама.
73.
Спектрограф – күрделі жарықты жіктеуге және спектрлерді суретке түсіруге
арналған аспап.
74.
Спектроскоп – күрделі жарықты жіктеуге және спектрлерді бақылауға арналған
аспап.
75.
Жылулық сәулелену – қыздырылған денелердің ішкі энергияларының есебінен
шығарылатын электромагниттік сәулелену.
76.
Фотоэффект – жарық немесе басқа кез келген электрмагниттік сәулелену әсерінен
заттан электрондардың ұшып шығуы.
77.
Дененің энергетикалық жарқырауы – температурасы дене бетінің бірлік ауданы
арқылы барлық бағытта барлық жиіліктер диапазонында таралатын энергияның
сәулелену уақытына қатынасына тең физикалық шама.
78.
Комптон эффектісі – сулелену жиілігінің азаюымен қатар жүретін бос электронда
электрмагниттік сәулеленудің шашырауы.
79.
Бөлшектердің дифракциясы – зат молекулаларында (атомдарында) бөлшектердің
шашырау процесі, осы кезде бөлшектерде толқындық қасиеттер байқалады.
80.
Табиғи радиоактивтілік – радиоактивті сәулелену арқылы ядролардың өздігінен
басқа ядроларға айналуы.
81.
Заттағы α-бөлшектердің тоқтағанға дейінгі жүріп өткен жолы