Психологиялық дайындық: Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын (балалармен бірге)
Арайланып таң атты
Алтын шапақ таратты
Қайырлы таң, балалар!
Аман Отан – панамыз,
Аман ата – анамыз
Қайырлы таң, балалар!
Өткенді қайталау (дәптермен жұмыс) Наурыздың он алтысы
Класс жұмысы
Сандық диктант 1 Қазір жылдың қай мезгілі?
2 Көктем айларын ата
3 Көктемде ауа райы қандай болады?
4 Құстар қайда ұшып келеді?
5 Көктемде не гүлдейді?
6 Үстеу деген не?
7 Үстеудің түрлерін ата.
8 Мезгіл үстеуді тап.
9 Мекен үстеуді тап.
10 Сын – қимыл үстеуді тап.
(жауабын сәйкестендіріп, санмен жазу)
1 Бәйшешек 10
2 Заттың іс – қимылының мезгілін, мекенін,жай – күйін білдіретін сөздер 9
3 Наурыз, сәуір, мамыр 8
4 Көктем 7
5 Жылынады, қар ериді 6
6 Жылы жаққа 5
7 Мезгіл, мекен, сын – қимыл 4
8 Жоғары, мұнда, артқа, төмен 3
9 Тез, ауызша, жазбаша, жақсы, жаман 2
10 Кеше, бүгін, ерте, кеш, қазір 1
Жауабы: 1 топ
4, 3, 5, 6, 1 ,2, 7, 10, 8, 9
2 топ
7, 8, 6, 5, 10, 9, 4, 1, 3, 2
Бағалау: «5» - 9,10 ұпай
«4» – 7,8 ұпай
«3» – 5,6 ұпай
Бірін-бірі бағалау (өзара тексеру) Балалар, енді мына жұмбаққа назар аударыңдар:
Қар еріп, су ағады,
Сарқырап сайға толады.
Күн ұзарып жылиды,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: -көктемде (суреті)
-Көктем туралы кім тақпақ біледі? (оқушылардың жауабы)
Психологиялық ортаны қалыптастыру (ортаға шеңбер құрып көктем туралы ән айту)
Сабақтың мақсатын қою
-Балалар, наурызда қандай мерекелер бар?
-Наурыз қандай мейрам?
-Наурыз мерекесінде адамдар не істейді?
-Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Наурыз мерекесі».
Біз сабақта жаңа мәтінмен танысамыз. Мәтінді толық түсіну үшін жаңа сөздермен және сөз тіркестерімен танысамыз. Өзіміз үйренген сын тұрғысынан ойлау тәсілдері бойынша бірнеше стратегиялық тапсырмалар орындаймыз.