«Ассоциациялық аймақ» кестесі. Оқушылар тақтадағы кестеге ақын туралы білетіндерін жазады, әңгімелейді.
Бірінші беттің қорытындысы.
Абай балалық кезінде ақылды, көп оқыған, ізденімпаз бала болған. Мен сендерге Абайдың осындай қасиеттерін тілеймін.
Журналымыздың екінші беті: Абай - лирик ақын(интерактивті тақтадан слайд көрсетіліп,слайд бойынша оқушылар әңгімелейді).
Абай он екі жасынан бастап өлең жазған. Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе, жылдың төрт мезгілін суреттейтін өлеңдері күшті ақындық шеберлікпен, зор мәдениеттілікпен жазылған жырлар.
Балалық шағымыздан-ақ «Күз», «Жаз», «Жазғытұры», «Қыс» өлеңдерін жаттап өстік.
Абай лирикасын түсініп оқу арқылы табиғат құдіретіне ғашық болмай өсу, сүйсінбеу мүмкін емес.
Сондай-ақ, ғашықтар арасындағы сүйіспеншілік лирикасы да жастарды кіршіксіз таза сезімге, шынайы махаббат иесі болуға баулиды.
Махаббатсыз – дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар- деп, махаббатты тірліктен жоғары қойса, келесі өлеңінде; Ғашықтың тілі – тіл, Көзбен көр де ішпен біл, - деп, махаббатты таза, кіршіксіз, әдептен озбайтын, ішкі таза нәзік сезім, сыпайы сыйластық болған жерде ғашықтық, сүйіспеншілік болатынын айшықтап тұрады.
Оқушылар білетін өлеңдерін естеріне түсіріп, жатқа айтады.
Журналымыздың үшінші беті: Абай – білім жаршысы Журналымыздың бұл санында кемеңгер ақын жас қауымды білім-ғылым іздеуге өзінің ғибратты өлеңдерімен ұран етіп, ерінбей оқып, білуге шақырады. (интерактивті тақтадан слайд көрсетіліп,слайд бойынша оқушылар әңгімелейді).
Абай ақын сияқты өлең шығаруға сендер де талпыныңдар.
Журналдың төртінші беті: Абай-сазгер Абай ақын ғана емес, сонымен бірге, сазгер – қазақтың халық музыкасын терең білген адам.
Абайдың табиғатты суреттейтін өлеңдерінің ішінде «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің орны ерекше. Өлеңде айлы түн мен жайлаудағы елдің түнгі тіршілігінің сұлу да сырлы көріністері табиғи қалпында суреттелген. Өлең 1888 жылы жазылған.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй .
(Абайдың әнін тыңдату).
Төртінші беттің қорытындысы.
«Ән-күйсіз адам өмірін елестету қиын» деп Абай атамыз айтқандай, сендер де ән мен күйді сүйіп, айтып үйренуге тырысыңдар.
Журналымыздың бесінші беті: Абай-аудармашы(слайд көрсету).
Абай Құнанбаев 1886 жылдан бастап Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Абай 1892 жылы «Қараңғы түнде таң қалғып» өлеңін М.Ю.Лермонтовтың «Из Гёте» өлеңінен аударған.
Бесінші беттің қорытындысы.
Абай Құнанбайұлы қазақ және орыс мәдениетін жақындастырған аудармашы. Сендер де Абай атамыздай орыс тілінен қазақ тіліне, ағылшын, т.б. тілдерге еркін аударма жасап, мемлекеттік тілімізді жақсы меңгеруге талпыныңдар.
Журналдың алтыншы беті: Абай-философ(слайд көрсету).
Абайдың қарасөздері 1890-1898 жылдары жазылған. Абайдың қарасөздерінің саны – 45. Абай – философ, оған дәлел – оның жазған 45 қарасөздері.
Алтыншы беттің қорытындысы.
Ибраһим мырза – данышпан философ кісі болған.
Абайдың мақсаты: наданды өнерлі, ақылсызды ақылды, жалқауды еңбекқор, епсізді епті, берекесізді берекелі ету еді. Сондықтан да Абай атамыздың асқақ арманын жүзеге асыруымыз керек. Абай – бізбен мәңгі бірге, ол – өлмек емес! «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деп бекерге айтылмаған.