Құрастырушы: профессор, п.ғ. к., доцент Алпысов А.Қ


Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін игеру тиімділігін арттыруда оқытудың ғылыми әдістері



бет25/82
Дата31.12.2021
өлшемі1,85 Mb.
#22749
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
4.2 Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесін игеру тиімділігін арттыруда оқытудың ғылыми әдістері ерекше орын алады. Математиканы оқытудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы оқушылар ойлау қабілетін дамытып, математика сабақтарында қалыптасқан тәсілдер мен ұғымдарды іс жүзінде қолдана білу қабілетін арттырады.

Математиканы оқытудың ғылыми әдістеріне:

1) бақылау мен тәжірибе;

2) салыстыру мен аналогия;

3) анализ бен синтез;

4) индукция мен дедукция;

5) жалпылау, нақтылау және абстракциялау жатады.

1) Бақылау деп қоршаған ортаның табиғи жағдайда қарастыратын және объектілері мен құбылыстарының қатынастарын және қасиеттерін зерттеу, айқындау әдісін айтады. Объектілерді танып білу арқылы ақпарат алудың ең маңызды әдістерінің бірі – бақылау болып табылады. Бақылауды дұрыс ұйымдастыру оқушылардың математикалық деректер мен ұғымдарды табысты игеруіне, заңдылықтарды көре білуге және қорытындылар жасауына көмектеседі.

Бақылауды мынадай жоспар бойынша ұйымдастыруға болады:

1) бақылаудың мақсатын анықтау;

2) бақыланатын объектілердің қасиеттері мен қатынастарын айқындау;

3) зерттелетін объектілердің ерекшеліктері мен белгілері арасындағы байланыстарды тұжырымдау;

4) бақылау нәтижелеріне талдау және қорытындылар жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет