Құрастырушы: профессор, п.ғ. к., доцент Алпысов А.Қ



бет40/82
Дата31.12.2021
өлшемі1,85 Mb.
#22749
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82
Байланысты:
Силлабус. М-31. МФ-31. МИ-31 МПМ. Алпысов А.К. (1)

7.1 Сабақ, оның құрылымы.

7.2 Сабаққа қойылатын негізгі талаптар.

7.3 Мұғалімнің сабаққа даярлануы және сабақ жоспары.

7.4 Математикадан өздігінен орындайтын жұмыстарды

ұйымдастыру
7.1 Сабақ – орта мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі. Сабақ оқыту жұмысын ұйымдастырудың мақсатын, мазмұнын, оқытудың әдістері мен жабдықтарын сипаттайды. Негізгі сипаттамалардың ішінде сабақтың мақсаты негізгі роль атқарады. Оқушыларға математикалық білім, білік, дағды қалыптастыру – оқытудың білім беру мақсатынан туындайды. Математиканы оқытуды барынша тиімді түрде ұйымдастыра отырып, жалпы, білім, білік, дағдының қалыптасуына ықпал жасау болып табылады. Оқыту процесінің бір тұтастығы жалпы тәрбиенің мақсаттары мен оқушының жеке басының дамуы арқылы жүзеге асырылады. Математиканың оқу бағдарламасы белгілі бір тәрбиелік мәні бар мәселелердің жүзеге асуын алдын–ала қарастырады. Мұғалім әрбір сабақтың тәрбие берерлік мүмкіндіктерін барынша мұқият талдауы қажет [1]. Сабақтың мақсатына сай оқу мазмұны таңдап, реттеледі. Сабақтың мақсатын дұрыстап қою мұғалімнің оқу бағдарламасына, оқулыққа, әдістемелік құралдарға, дидактикалық материалдарға сүйеніп оқу материалын тиімді түрде таңдап алуына мүмкіндік береді. Оқу пәні «математиканың» ерекшелігі мектеп оқулығындағы белгілі бір тақырыптың логикасын сақтай отырып, оның мазмұнын сабақ түрінде баяндау. Оқытуға үйлесімді әдістерді таңдап алу өте қиын әдістемелік мәселе. Педагогикалық әдебиетте оқытуға үйлесімді әдістерді таңдау туралы ұсыныстар бар. Сондай ұсыныстардың бірі: егер әдіс өзіне байланысты төмендегі шарттардың ең болмағанда біреуін қанағаттандыратын болса, онда таңдап алынған әдіс оқытуға үйлесімді, яғни,

а) сабақтың мақсатына сай;

б) үйренуге тиісті материалдың ерекшелігі (қиындығы, жаңалығы, сипаты);

в) сынып оқушылардың ерекшелігі;

г) кабинеттің дидактикалық материалдармен, көрнекі, техникалық құралдармен жабдықталуы;

д) сабақ кестесі бойынша сабақтың өтілу мерзімі, сынып оқушыларының саны сияқты шарттар;

е) мұғалімнің дара ерекшелігі (мінезінің сипаты, әр түрлі әдістермен қарулану деңгейі, оның сынып оқушыларымен қарым–қатынасы).

Оқу үрдісі, оқу жабдықтары, әдістер мен тәсілдер, сондай-ақ оқытуды ұйымдастыру формасымен тығыз байланысты болады. Әрбір әдіске, оқыту тәсіліне сәйкес өзінің тиісті мұғалім мен оқушының арасындағы, оқушылардың сөз арасындағы қарым–қатынасты анықтайтын ұйымдастыру формасы болады.

Мұғалім сабақта жалпы топтық және оның дара формасындағы бүкіл оқу үрдісін басқарады. Оқу үрдісін ұйымдастырудың жоғарыда көрсетілген түрі сабақта әр түрлі реттілікпен және әр түрлі үйлесімдікпен қолданылады. Қазіргі жағдайда оқыту үрдісі тиімді түрде білім, білік дағдысын қалыптастыру, ұжымдағы қарым – қатынас т.б. үйлесімді түрде ұйымдастыру формасы қолданылады. Сабақта уақыттан ұту, бірін–бірі оқыту жағдайын тудыру, жеке бастың дамуына айтарлықтай ықпал жасау сияқты оқытудың ұжымдық формасы үлкен роль атқарады [8].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет