Құрастырушы: профессор, п.ғ. к., доцент Алпысов А.Қ


Тәжірибелік сабақтардың мазмұны



бет57/82
Дата31.12.2021
өлшемі1,85 Mb.
#22749
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82
Байланысты:
Силлабус. М-31. МФ-31. МИ-31 МПМ. Алпысов А.К. (1)

Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
1-Тақырып. Математиканы оқыту әдістемесі пәні
1) Мақсаты.

Математиканы оқыту әдістемесі – математика пәнінің ерекшеліктеріне негізделген оқу-тәрбие жүйесі жайындағы ғылым. Мақсаты - математиканы оқыту мен математика пәнін игеру арқылы тәрбиелеу ісін ұйымдастыру, математиканы оқыту әдістемесі арқылы оқу материалдарын беру, математикалық білімді саналы меңгеру және білімін практикада қолдану іскерліктерін шыңдау. МОӘ-нің мазмұнын, оқытудың әдістері мен түрлерін, тәрбие жұмысын өзара тығыз бірлікте бір-бірімен байланыстыру. Оқу процесінің тиімділігі сабақтың жүйелілігі мен сапасы, бағдарламаның орындалу барысы, білімнің тереңділігі бойынша бүкіл оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жоспарлау. Математика ғылымының басқа ғылымдармен байланысын көрсету.



2) Сұрақтар.

1. МОӘ-нің пәні, мазмұны, мақсаты, міндеттері.

2. МОӘ-нің тарихы, қазіргі жайы, даму перспективалары.

3. МОӘ-нің атқаратын қызметтері.

4. МОӘ-нің басқа ғылымдармен байланысы.
3) Тапсырмалар.

1. «Математиканы оқыту әдістемесі» пәні ретінде анықтама беріңіздер.

2. Математиканы оқыту әдістемесі - педагогика ғылымының бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Қандай басты мәселелер математиканы оқыту әдістемесінде оқытылады? Барлық курс қандай бөлімнен тұрады? Орта мектептегі математиканы оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттеріне, мазмұнына талдау жасаңыздар.

3. Академик А.Н. Колмогоров математиканың даму тарихын 4 кезеңге бөледі:

1) Математиканың пайда болу кезеңі.

2) Элементар математиканың қалыптасуы.

3) Айнымалы шамалар математиканың даму кезеңі.

4) Қазіргі математика кезеңі.

Әр кезеңге сипаттама беріңіздер. Қазіргі математиканың қандай әдіс-тәсілдері мектеп бағдарламасында көрініс тапқан?

4. Мына сыныптар бойынша: а) V-VI сыныптар; б) VII-IX сыныптар; в) X-XI сыныптарға математиканы оқытудың мазмұны мен мақсаттарына сипаттама беріңіздер.

5. Математиканы оқыту әдістемесі өзара тығыз байланысты сұрақтарға жауап іздейді: 1) Математиканы неге оқытады? 2) Математикадан нені алып оқытады? 3) Математиканы қалай оқытады? Мазмұнын ашыңыздар.

6. Математиканы оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып есептелетін жалпы және жас ерекшелік психологиясымен тығыз байланыста болатынына сипаттама беріңіздер.

7. Басқа ғылымдар сияқты математиканы оқыту әдістемесі қандай заңдары бойынша дамиды және мазмұнына талдау жасаңыздар.

8. Математиканы оқыту әдістемесінде оқытылатын басты мәселелерді тұжырымдаңыздар.

9. Математиканы оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысын сипаттаныздар.

10. Математиканы оқытудың жалпы, арнайы, нақты әдістемелеріне сипаттама беріңіздер.

11. Математиканы оқыту әдістемесі пәнімен байланыста болатын пәндерге түсініктеме беріңіздер.

12. Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы және жеке міндеттерін тұжырымдаңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет