Құрастырушылар: б.ғ. к. Утаубаева А. У., оқытушы, магистр Сарсенова А. Н



Pdf көрінісі
бет59/82
Дата04.11.2023
өлшемі5,89 Mb.
#122157
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82
Плазмалық векторлар: 
Вектор ретінде пайдаланатын плазмидалар, бактериялық 
клеткада клондағанда құрамында төмендегідей элементтері болу керек: 
1)
Ori
сайты, ол берілген бактерияның түрінің клеткасында ДНҚ-ның 
репликациясы дұрыс болуы жəне плазмиданың өсуі үшін; 
2)
Доминанттық сұрыптаушы маркер, ол бөгде ДНҚ-ның үзіндісі 
отырғызылған плазмиданы таситын клетканы таңдап алады; 
Бірегей рестрикция сайты, яғни векторда бір-ақ рет кездесетін сайт болуы керек. 
Фагтық векторлар: 
Ең жиі қолданылатын фагтық векторлар ƛ-фагтың 
туындылары. Фагтың оң жəне сол иіндерінде литикалық циклге қажетті түгел гендер бар; 
керісінше, иіндер арасында жəне лизогенияны бақылайтын гендер алыс орналасқан. 
Мұндай модификацияланған фагтар литикалық циклді өтеді, бірақ лизогения болмайды. 
Космидтік векторлар: 
Космидтер табиғатта кездеспейді, олар плазмидамен ƛ-
фагтың қисындасуының нəтижесінде жасанды түрде жасалған. Космидада ішек 
таяқшасында репликациялана алатын оri бір ізділігі, доминанттылық селекциялық маркер 
Арʳ, бірегей инсерцияға жəне ДНҚ-ның фрагменттерін өркендететін сайттар болады. ДНҚ 
фрагментінің космидтік векторда клонданатын көлемі 35-45 нб құрайды. 
Гендермен монипулияция жасау биотехнологиялары:
1970 жалдардың басында 
рекомбинантты ДНҚ-ның in vitro алынғаны жөнінде алғашқы ақпараттан кейін, жаңа 
ғылым- ген инжденериясы пайда болды. Оның негізгі бағыттары – трансгендік 
жануарларды жəне өсімдіктерді жасау жəне гендік терапияның принциптерін жете зерттеу 
болды. Бөгде генетикалық материал енгізудің нəтижесінде жаралған организмдерді 
трансгенді деп атайды. 
Гентикалық инженерияның мақсаты негізгі үш міндетті атқару: 


1) Рекомбинантты ДНҚ түрінде атқаратын қызметі белсенді генетикалық 
құрылымдарыды жасап, оларды басқа клеткаларға тасымалдау;
2) рекомбинантты ДНҚ-ларды клеткаға енгізу əдісін жете зерттеу;
3) енгізілген клеткада гендердің қалыпты экспрессиялануына жағдай туғызу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет