Он үшінші апта
№ 13 дəріс тақырыбы
. Мутагенез, ДНҚ репарациясы жəне кроссинговердің
молекулярлық механизмі.
Жалпы сұрақтары:
Нуклеин қышқылдарының мутациялық өзгергіштіктері.
Спонтанды жіне индуцирленген мутациялар. Мутагендер жəне олардың қызметінің
механизмдері. Гендік мутациялар.
Пайдаланатың құралдар:
проектор, слайдтар
Тірі организмердің маңызды қасиеттерінің бірі ұрпақтан ұрпаққа таралатын
өзгергіштіктің пайда болуы. Мутациялық өзгергіштік көп өзгергіштіктің бір түрі болып
табылады. Мутация деген атауды ғылымға Гуго де Фриз енгізген.Мутация-əртүрлі
физикалық жəне химиялық факторлардың əсерінен организмде тұқым қуатын өзгерістің
пайда болу процесі. Мутация клеткадағы геннің табиғи не жасанды жолмен өзгеруі.
Организмнің табиғи не жасанды факторлар əсерінен тұқым қуатын өзгеріске бейімділігі
мутабильдік деп аталады.
Мутагенез
– күрделі процесс. Оның соңында не полипептидтің алғашқы
құрылымындатұқым қуалаушылық өзгереді, не тұқымқуалаушылықтағы ақпарат
толықғымен жетпейқалады. Мутагенез негізінде генетикалық нуклеин қышқылдарының
өзгеруі жатыр. Бұл кезде ДНҚ-ның өзгерген аумағында транскрипцияның үзілуі болуы
мүмкін. Ол ДНҚ байламының үзілуіне де, ДНҚ фрагментінің түсіп қалуына да, негізінің
əр түрлі өзгерістеріне де қалыптасқан.
Мутацияның түрлерін топтастырудың бірнеше негізі бар.
Достарыңызбен бөлісу: