Құрастырушылар: б.ғ. к. Утаубаева А. У., оқытушы, магистр Сарсенова А. Н



Pdf көрінісі
бет80/82
Дата04.11.2023
өлшемі5,89 Mb.
#122157
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Глоссарий
Абберация – мутацияның əсерінен хромосоманың құрылымының зақымдануы. 
Аллеломорфты белгілер – бір геннің əр түрлі аллельдерінің əсерінен пайда болған 
белгілер. 
Аллополиплоидия – Бір организмнің жасушасында əр түрдің диплоидты 
хромосомалар жиынтығы. 
Антигендер – организмге кірген бөгде заттар иммундық жауап туғызады. 
Антидене – жоғары сатыдағы организмдердің иммундық жүйесі бөліп шығаратын 
белок, олар бөгде молекулалық заттарды ерекше түрде байлайды. Антидене организмдерде 
пайда болған антигендерге жауап ретінда бөлінеді. 
Антикодон – тРНК молекуласының бөлігі, үш нуклеотидтан тұратын жəне өзіне 
сəйкес амин қышқылын кодтайтын иРНК ның үш нуклеотидтен тұратын бөлшегін таниды. 
Аутбридинг – генетикалық туыс емес өкілдерді шағылыстыру. 
Бактерофагтар – бактерияларда өсіп-өнетін вирустар. 
Биотехнология - əр түрлі микробиологиялық синтезді, генетикалық жəне клеткалық 
инженерияны, ферменттер инженериясын қолдану арқылы өсімдіктің, жануарлардың 
организміне ықпал ететін жəне жасанды қосылыстарды өндірістік реакторларда алу үшін 
көп бағытта жүргізілетін ғылыми-техникалық салксы. 


Вектор – дербес еселенетін генетикалық құрылым, оның көмегімен өзгертілетін 
геномға тиісті генді жеткізіп орналастыруға болады. 
Ген – тұқым қуатын ақпараттық құрылымдық бірлік. 
Ген инженериясы – алдын ала белгілі жаңа қасиеттері бар тірі оргаизмдерді жасау 
мəселелерін зерттейтін молекулалық биологияның саласы. 
Генетикалық код – белок молекуласына қажетті амин қышқылдарының орнын 
анықтайтын ДНҚ молекуласындағы үш негізден тұратын тізбек. 
Генотип – организмдегі гендер жиынтығы. 
Делеция – мутацияның нəтижесінде хромосоманың орта бөлігінің жоғалуы. 
Иммунитет – генетикалық бөгде белгілері бар заттардан жəне тірі денелерден 
организмнің қорғану əрекеті. 
Иммундық реакция – генетикалық бөгде заттарды құртуға, бейтараптандыруға 
бағытталған организмнің бейімділік жауабы. 
Инбридинг - өте жақын туыстас өкілдерді шағылыстыру. 
Кариотип – түрге тəн хромосома жиынтығы. 
Клеткалық инженерия – қайта құрастыру, будандастыру, өсіру негізінде жасушаның 
жаңа типін жасау əдісі. 
Клон – жыныссыз өсіп даму арқылы бір ортақ тектен тараған жасушалар немесе 
ұрпақтар. 
Кодон – триплет. 
Комплементарлық – бірін – бірі толықтырушы гендендің болуы, олар бірге əсер 
етіп, белгінің пайда болуына себеп болады. 
Локус – хромосомадағы белгілі бір геннің орны. 
Мейоз – жыныс жасушасы ядросының екі рет қатарынан бөлінуінің нəтижесінде 
төрт гаплоидты жасушаның пайда болуы. 
Мозаиктер - əртүрлі генотипі бар жасушалардан тұратын организм. 
Мутаген – физикалық жəне химиялық аген мутацияның жиілігін жоғарылатады. 
Мутация – генетикалық материалдың негізгі қасиетін өзгертетін тұқым қуатын 
өзгеріс. 
Ноненс кодондар – амин қышқылдарының ешқайсысына сəйкес калмейтін 
трансляцияны тежеуші ролін атқаратын кодондар. 
Онкогендер – эукариоттар жасушаларынан залалды ісіктерге өзгерте алатын 
белоктарды кодтайтын гендер. 
Онтогенез – организмнің жеке дамуы, туғаннан бастап өмірінің аяғына дейінгі 
өзгерістер жиыны. 
Партеногенез – еркектің гаметасынсыз ұрғашының гаметасынан организмнің 
дамып өсуі. 
Плазмидтер – хромосомамен байланыссыз дербес өмір сүретін сақина тəріздес 
ДНҚ молекулалары. 
Полимерия – бір белгіге əртүрлі, бірақ ұқсас ететін аллельді емес гендердің өзара 
əрекеттесуінің түрі. 
Полиплоидия – гаплоидтық жиынтықпен салыстырғанда хромосомалар санының 
өсуі. 
Профаг – бактериялық жасушаға тұқым қуу материалы қосылған фаг. 
Рестриктазалар – ДНҚ-ны кесетін фермент. 
РНҚ- полимеразалар – ДНҚ үлгісімен РНҚ синтездейтін ферменттер. 
Селекция – мал тұқымын, өсімдіктер сорттарын микроорганизмдердің
бактериялардың жəне вирустардың расаларын өзгертетін ғылымның саласы. 
Транспозон – геномда өз орнын ауыстыра беретін ДНҚ фрагменті. 
Фенотип – организмдегі барлық белгілердің жиынтығы 
Шағылыстыру – белгілері бойынша айырмашылығы бар бір түрдің өкілдерін 
жұптау. 


Эволюция – тірі табиғаттың тұқым қуу, өзгергіштік жəне сұрыптау арқылы дамуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет