Құрастырушылар


РСNА ақуызымен ДНҚ тізбегінің әрекеттесуі



бет21/103
Дата20.10.2022
өлшемі12,21 Mb.
#44325
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103
Байланысты:
метод-молбиология-леч.дело.пр.2к.каз.

РСNА ақуызымен ДНҚ тізбегінің әрекеттесуі


ДНҚ –полимеразалар (әсіресе бактериялардың ДНҚ –полимераза ІІІ-) нуклеотидтердің аналық тізбекке комплиментарлы синтезделуін қамтамасыз етуімен бірге 31→51-экзонуклеазалық –та қызмет атқарады. Соңғы қызметі ДНҚ синтезі барысында дұрыс –комплиментарлы нуклеотидтердің орнына, бұрыс, комплиментарлы емес нуклеотид, жалғанған кезде жүзеге асады. Осы кезде ДНҚ –полимераза бұрыс жұптасқан нуклеотидті «байқап» қалып оны өсіп келе жатқан 31 ұшынан шығарып (үзіп) алып тастайды. Осылайша полимеразалар өз жұмыстарын үнемі бақылап отырады (25сурет).
в) Кез келген жаңадан синтезделген ДНҚ фрагменттері-(ұзын лидерлік не Оказаки фрагменттері) праймерлерден («РНҚ -ұйытқыдан») басталады.
Аналық (матрицалық) тізбек бойымен жылжып отыратын ферменттік кешен келесі ДНҚ фрагментіне жанасқаннан кейін, ДНҚ-полимераза ІІІ ферменті «қыстырушы» PCNA ақуызын ашып, кешенді матрицадан ажыратады және ДНҚ синтезін тоқтатады.

Синтезделген ДНҚ фрагменттерінің түйісуі

Осыдан кейін ДНҚ полимераза І-іске кіріседі. Ол өсіп келе жатқан ДНҚ фрагментінің 31 ұшына жалғанады және 3 белсенділікке ие болады.


Біріншіден ол «алдыңғы» немесе 51 31 –экзонуклеазалық белсенділікке ие болады, яғни ол бұрынғы ДНҚ тізбегінің «РНҚ-ұйытқысының» (праймер) 51 ұшынан бір-бірлеп нуклеотидтерді алып тастап отырады, ал босаған жерге өз фрагментінің 31 ұшына дезоксинуклеотидтерді жалғайды (ДНҚ-полимеразалық белсенділік).
Сонымен қатар, ДНҚ-полимераза ІІІ-сияқты «артқы» 31→51 экзонуклеазалық белсенділік арқылы өз жұмысын қадағалауды да «ұмытпайды». ДНҚ-полимераза-І-қызметі өсіп келе жатқан ДНҚ фрагментінің бұрынғы ДНҚ фрагменттерінің дезоксинуклеотидтерімен түйіскеннен кейін аяқталады.
Эукариоттарда ДНҚ-полимераза ІІІ-қызметін  және  –ДНҚ полимераза кешені атқарады; бұл жерде 3151 экзонуклеазалық белсенділік -ДНҚ –полимеразаға тиесілі болса, ДНҚ-полимераза І-қызметін, 5131 –экзонуклеазалық қызметті ерекше фермент нуклеаза (Н) ДНҚ-полимеразалық белсенділікті (босаған жерді толтыру) β-ДНҚ полимераза атқарады. Репликация










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет