Құрастырушылар



бет30/103
Дата20.10.2022
өлшемі12,21 Mb.
#44325
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103
Байланысты:
метод-молбиология-леч.дело.пр.2к.каз.

пре-а-РНҚ –да «қалпақша» нуклеотидтерінің рибоза қалдықтарының метилденуі байқалады.
Пре-т-РНҚ-да модификациялану көптүрлі болып келеді, мысалы: уридин қалдығы тотықсызданады (дигидроуридин пайда болғанға дейін), басқалары-изомерленеді (псевдоуридин), үшінші біреулері –метилденеді (метилуридин). Аденозиннің кейбір қалдықтары дезаминденіп инозинге айналады, соңғыларының (инозин) кейбіреулері тағы да метилденеді (метилинозин).
Жоғарыда сипатталған құбылыстар ядрода бірнеше пісіп жетілген РНҚ молекулаларының пайда болуына алып келеді; мысалы:
а) 4 түрлі рРНҚ—ның: 28Ѕ рРНҚ; 18Ѕ рРНҚ; 5.8Ѕ рРНҚ; 5Ѕ рРНҚ;
б) бірнеше ондаған т-РНҚ-ның (әрбір 20 аминқышқылына 1-4 ке дейін);
в) мыңдаған аРНҚ молекулаларының түзілуіне.
а-РНҚ-лардың ыдырауы
Бактериялардың а-РНҚ-ның 51 ұшынан ыдырауы

Бактериялар а-РНҚ-сының ыдырауы 51 ұшынан басталып а-РНҚ синтезделу (51-31) бағытында жалғасады. Сонымен қатар, бактерияларда ядро болмайды, ал а-РНҚ-лары әжептеуір ұзын, полицистронды болып келеді.


Осылардың бәрі, а-РНҚ-ның бір тізбегінің бір мезгілде 3 түрлі үдерістерге қатынасуына мүмкіндік береді:
- өзінің (а-РНҚ) ДНҚ молекуласынан пайда болуына (транскрипция);
-рибосомаларда трансляциялануына, яғни қызмет етуіне;
-өздігінен ыдырауына, яғни 51 РНҚазалар әсерлерінен 51 ұшының біртіндеп қысқыруына .



Бактериялар а-РНҚ-ның транскрипциялану, трансляциялану және
ыдырау үдерістерінің қабаттасып келу жобасы.


Эукариоттар а-РНҚ-ның 31 ұшынан ыдырауы

Эукариоттар а-РНҚ-ның тіршілік ұзақтығы 10 минуттан (қысқа тіршілік ететін а-РНҚ) 2 тәулікке дейін созылады. Қысқа уақыт тіршілік ететін а-РНҚ-ларға реттеуші ақуыздар а-РНҚ-лары жатады.


Эукариоттар а-РНҚ-сы моноцистронды болып келеді. Олардың ыдырауы бактериялардағыдай 51 РНҚазалар көмегімен емес, 31 РНҚазалар арқылы жүзеге асады, яғни әдетте ол 31-ұшындағы 200 нуклеотидтерден құрылған поли-(А)-фрагменттен басталады.
Демек, бұл фрагмент ДНҚ теломералары сияқты буферлік қызмет атқарады. Оның ұзындығының жайлап қысқаруы белгілі бір уақытқа дейін нуклеин қышқылының маңызды, кодтаушы бөлімдерін ыдыраудан сақтайды. а-РНҚ-ның поли- (А)-фрагменті 31 РНҚ-аза ферменті әсерлерінен үнемі қысқармайды, оның қызметтік белсенділігіне сай, мезгіл-мезгіл қысқарады. а-РНҚ-ның әрбір трансляциясы аяқталғаннан кейін рибосома поли-(А)-фрагменттен 10-15 нуклеотидтерді үзіп алып тастайды. Осы фрагментте 50-ге жуық нуклеотидтер қалған кезде а-РНҚ РНҚаза әсеріне ілігіп тез ыдырайды.
Бір а-РНҚ 10-15 ретке дейін трансляциялана алады, себебі 15 рет трансляцияланғанда поли-(А)-фрагмент 150-ге дейін нуклеотидтерінен айырылады (15х10=150) және оның ұзындығы сындарлы ұзындыққа-50 нуклеотидке дейін жетеді.
Поли-(А)-фрагменттің ыдырауы мен трансляция арасындағы байланысты қалай түсіндіруге болады?
Оның тетігі (механизмі) төмендегідей болуы мүмкін.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет