Поли-(А)-фрагменттің қысқару және ыдырау жобасы
Оған сәйкес, поли-(А)-фрагмент өзінің 31 ұшымен а-РНҚ-ның белгілі бір трансляцияланатын учаскесімен әрекеттесіп ілмек пайда етеді және онымен сутектік байланыс арқылы байланысып қос тізбектік құрылым түзеді. Осындай қос тізбекті күйінде поли-(А)-фрагменттің 31 ұшы 31-РНҚаза ферментінің әсеріне берілмейді.
Аталған учаске арқылы рибосома өткен кезде шамалы уақытқа дейін ілмек үзіледі және а-РНҚ-ның 31 ұшы РНҚаза әсеріне ілігіп бір бірлеп 10-15 нуклеотидтер үзіліп шығарылады. Содан кейін, учаскеден рибосома кеткеннен (трансляция аяқталғаннан) кейін, қайтадан ілмек қалыптасып қос тізбек пайда болады, бірақ ол 10-15 нуклеотидке қысқарып үлгереді.
Поли-(А)-фрагментте 50 нуклеотид қана қалған кезде а-РНҚ-ның 31ұшында ілмек пайда бола алмайды және РНҚ-аза ешбір кедергісіз а-РНҚ-ны түгелдей ыдыратады.
Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)
Генетикалық ақпараттардың берілу жолдары, ДНҚ молекуласының биосинтезінің механизмін альбом бетіне түсіру.
Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)
Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)
Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
Үйге тапсырма беру 2 мин (2%)
Генетикалық код. Ақуыз биосинтезі. Ақуыз биосинтезінің кезеңдері инициация, элонгация, терминация. Амин қышқылының модификациясы.
5. Сабақтың тақырыбы: Генетикалық код. Ақуыз биосинтезі. Ақуыз биосинтезінің кезеңдері инициация, элонгация, терминация.
Сағат саны: 90 мин ( 100%)
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Оқыту : Студенттерге генетикалық код және оның қасиеттерін, әмбебаптылығын, коллинеарлығын, триплеттілігін, ақуыз биосинтезінің механизмдерін түсіндіру.
тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.
Оқыту әдісі: Жаңа инновациялық әдістер арқылы тақырыппен таныстыру (презентация), мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер,тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау, сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер
Достарыңызбен бөлісу: |