Құрастырушылар


Трансляция немесе ақуыз биосинтезі



бет34/103
Дата20.10.2022
өлшемі12,21 Mb.
#44325
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103
Трансляция немесе ақуыз биосинтезі полипептидтің N ұшынан басталып С ұшына қарай жүреді. Ақуыз биосинтезіне рибосоманың екі бөлшегі, а-РНҚ, т-РНҚ, 20 аминқышқылдар, аминоацил-т-РНҚ-синтетаза ферменттері және басқа –да қосымша ақуыз факторлары қатынасады және олар түрліше қызметтер атқарады. а-РНҚ ақуыз биосинтезі үшін матрица (қалып) болып табылады, р-РНҚ лар (5s рРНҚ, 5,8s рРНҚ, 18s рРНҚ, 28s рРНҚ) рибосома бөлшектерінің құрамына кіреді, ал рибосомалар болса цитоплазмада ақуыз биосинтезін жүргізуші органеллалар болып табылады. Рибосомалар гиалоплазмада еркін күйінде (полисомалар) кездесуі мүмкін, оларда ішкі ақуыздар синтезделінеді және мембраналармен байланысқан күйінде кездесуі мүмкін. Бұл жерде «экспорттық», мембраналық және лизосомалық ақуыз молекулалары синтезделінеді.
Трансляция немесе ақуыз биосинтезіне еркін аминқышқылдар (жалпы саны 20) қатынаспайды, т-РНҚ лармен байланысқан аминоацил–т–РНҚ (аа-тРНҚ–Ала–тРНҚ Ала; Мет-т–РНҚмет т.б.) күйінде қатынасады. Әрбір аминқышқылдарына сәйкес келетін, оларды тасымалдайтын т-РНҚ-лар болады. Гиалоплазмада кездесетін еркін аминқышқылдар (20) өздеріне сәйкес келетін т-РНҚ–ларға қалай болса солай емін-еркін байланыса алмайды. Ол үшін алғаш аминқышқылдардың активтенуі қажет және бұл үдеріс энергия жұмсауды қажет етеді. Энергия көзі болып АТФ гидролизі саналады. Аминқышқылдарының активтенуін және активтенген аминқышқылдардың өздеріне сәйкес т-РНҚ молекуласының акцепторлық ұшына қондырылуын қадағалайтын, басқаратын ерекше ферменттер–аминоацил–тРНҚ –синтетаза ферменттері болады. Әрбір 20 аминқышқылдарына сәйкес келетін аминоацил-т-РНҚ-синтетаза ферменттері белгілі, демек олардың да соңы -20. Аминоацил–т-РНҚ-синтетаза ферменттерінде 2 танып білуші орталық болады: бірі-аминқышқылдарға, екіншісі т-РНҚ-ға арналған.





Аминаацил-тРНҚ синтетаза ферментінің белсенді орталықтары

т-РНҚ-ның а-РНҚ кодондарымен әрекеттесуі комплиментарлық және антипаралель принциптеріне сәйкес жүреді, яғни а-РНҚ кодондарының мағынасы 51→31 бағытында жазылған болса, т-РНҚ-ның антикодондары 31→51 бағытында оқылады. Бұл кезде кодонның және антикодонның алғашқы 2 нуклеотидтері бір-бірімен тек комплиментарлы байланысады (А-У және Г-Ц), ал үшінші негіздің байланысуы өзгеше болады және ол төмендегі нұсқа бойынша жүзеге асады:


Т-РНҚ антикодонының
Үшінші нуклеотиді Ц А У Г И

Онымен әрекеттесетін Г У А Г У Ц У Ц А
А-РНҚ кодонының
Нуклеотидтері

а) Егер т-РНҚ антикодонының үшінші нуклеотиді Ц не А болса онда ол тек бір түрлі кодонмен байланысады (Ц-Г; А-У);


б) Ал, егер т-РНҚ антикодонының үшінші нуклеотиді У не Г болатын болса, ол 2 түрлі
А У
кодондармен байланыса алады (У Г )
Г ; Ц .
в) Ал егер антикодонның 3 нуклеотиді инозин (И) болатын болса, онда ол 3 түрлі кодонмен жұптаса алады И-У,Ц,А;
Әрбір т-РНҚ-лар аминқышқылдарды біренеше рет тасымалдай алады.
Ақуыз синтезі рибосома бөлшектерінің (кіші бөлшегі, үлкен бөлшегі) өзара қосылып, біртұтас органелла пайда етуінен басталады (инициация). Рибосома бөлшектерінің қосылуы белгілі бір тәртіппен жүреді және ол рибосоманың белсенді (актив) орталықтарының қатынасуымен жүзеге асады. Рибосоманың актив (белсенді) орталықтары оның бөлшектерінің (кіші, үлкен) түйісуші беттерінде орналасқан. Біртұтас рибосома пішіні жүрекке ұқсас болады, оның оң жақ бөлігін –кіші бөлшек, сол жақ бөлігін –үлкен бөлшегі құрайды. Екі бөлшектер арасында үлкенді –кішілі қуыстар болады. Осы қуыстарда аРНҚ, пептидил-тРНҚ және кезекті аминоацил –тРНҚ орналасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет