Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)
Фолдинг айқындайтын факторларды, табиғи формасын, К.Анфинсен тәжірибесін альбом бетіне түсіру
Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)
Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)
Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
Үйге тапсырма беру 2 мин (2%)
Жасушаның генетикалық аппараты. Ген туралы түсінік. Прокариот және эукариот гендерінің құрылымдық ұйымдасуы.
7. Сабақтың тақырыбы: Жасушаның генетикалық аппараты. Ген туралы түсінік. Прокариот және эукариот гендерінің құрылымдық ұйымдасуы.
Сағат саны: 90 мин ( 100%)
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Оқыту : Студенттерге жасушаның генетикалық аппараты, яғни тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі, болып ДНҚ молекуласы саналатынын, ДНҚ молекуласына тіршіліктің түпкілікті қасиеттері-өздігінен көбею (репликация); өздігінен жаңару; өздігінен реттелу сияқты қасиеттер тән екендігін түсіндіру.
Генетикалық аппараттың 3 құрылымдық деңгейі белгілі: гендік, хромосомалық, геномдық
тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.
Оқыту әдісі: Жаңа инновациялық әдістер арқылы тақырыппен таныстыру (презентация), мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер,тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау, сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер
Материалды – техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.
а) техникалық құралдар: Микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер,нұсқау карталар, кестелер,
сөзжұмбақтар, плакаттар жинағы.
Достарыңызбен бөлісу: |