Құрастырушылар


Пептидилпролилизомераза реакциясы



бет41/103
Дата20.10.2022
өлшемі12,21 Mb.
#44325
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   103
Байланысты:
метод-молбиология-леч.дело.пр.2к.каз.

Пептидилпролилизомераза реакциясы
Шаперондар немесе температуралық шок ақуыздары (Hsp-heat shok proteins) барлық эукариоттар жасушаларында кездеседі. Ғалымдар оларды жеміс шыбынының дене температурасы шамалы ғана градусқа көтерілгенде кездейсоқ анықтап тапқан. Олар жасушада барлық уақытта синтезделінеді, бірақ стресс жағдайларында-дене температурасы көтерілген кезде, оның синтезделу қарқыны өсе түседі.
Шаперондар көптеген маңызды қызметтер атқарады:
1) Жаңадан синтезделген ақуыздардың фолдингін қамтамасыз ету;
-фолдинг үдерісінде «бұрыс» сыртқы әрекеттесулерді болдырмай жаңадан синтезделген ақуыздарды агрегациялаудан сақтандыру;
-«бұрыс» ішкі әрекеттесулерден сақтандыру;
-«бұрыс» әлсіз байланыстарды құбылмалы (өзгермелі) ету;
2) Ақуыз рефолдингін бақылау, яғни бұрын синтезделінген және осыған дейін қалыпты қызмет атқарған ақуыздардың табиғи, нативті құрылымы бұзылған (сәулелену, оксиданттар және жоғары температура әсерлерінен) немесе толық не ішінара денатурацияланған жағдайында, олардың қайтадан фолдингтануын қамтамасыз ету.
3) Ақуыздардың жасушаішілік тасымалдануына қатынасу. Мысалы, митохондрияларға тасымалданатын ақуыздармен цитоплазма шаперондары байланысып, олардың күні бұрын, митохондрия матриксіне өткенге дейін, фолдингтануін болдырмайды.
4) кейбір ақуыздардың белгілі бір конформациясында (аяқталмаған фолдинг күйінде) болуын қаматамасыз ету. Мысалы, цитоплазмадағы гликокортикоидты гормондардың ақуыз рецепторлары.
Шаперондардың кейбір түрлеріне сипаттама:
Шаперон Gro EL Нsр-60 ақуызы тобына жатады, оның массасы 60 кДа, ал Gro ES массасы 10 кДа тең.
Бұл жүйе бактерия жасушаларында және эукариоттар митохондриялары мен хлоропластарында кездеседі.



Gro EL/Gro ES кешенінің құрылысы
Бұл жүйе ақуыздары бір-бірімен түптерімен кіріккен екі «қазан» пайда етеді, олардың біреуі «қақпақпен» жабылған.
Әрбір «қазанның» қабырғалары және түбі шеңберленіп орналасқан Gro EL ақуызының 7 молекуласынан (субъединицадан) құрылған.
Әрбір субъединицада 3 домен болады (10 сурет):
-апикальдық («қазан» тесігінде орналасқан);
-аралық («қазанның» қабырғасын қалыптастыруға қатынасады);
-экваторлық («қазанның» түбін және «қазандар» арасындағы байланысты қалыптастырады).
«Қазан» тесігі оның басқа бөлімдеріне қарағанда тарлау болып келеді, ал орталық бөлігінің диаметрі 9 нм тең.
Е.соli жасушасында 700 ге жуық осындай кешен болады. Осы кешеннің бір «қазанының» «қақпағы» -Gro ES ақуызының 7 субъединицасынан құрылған.
«Қақпақтың» ақуызбен байланысуы Gro EL конформациясын өзгертеді. Ашық «қазанның» ішкі бетінде гидрофобтық радикалдар көптеп кездеседі, ал жабық «қазанның» ішкі бетінде-гидрофильдік радикалдар басым болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет