Құрастырушылар


Тақырыпты жоспарымен таныстыру



бет3/103
Дата20.10.2022
өлшемі12,21 Mb.
#44325
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
метод-молбиология-леч.дело.пр.2к.каз.

Тақырыпты жоспарымен таныстыру

  • Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы

  • Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.

    НҚ екі түрі белгілі: ДНҚ, РНҚ. НҚ –полимерлер, олардың мономерлері болып нуклеотидтер саналады. Нуклеотидтер өз кезегінде 3 бөліктен құралған.ҚантФосфор қандығыАзоттық негіздер


    Нуклеолтидтер молекуласында азоттық негіздердің нуриндік –Аденин (А) не Гуанин (Г); немесе примидиндік –цитозин (Ц) не Тимин (Т), Урацил (У) деген түрлері, қант ретінде –дезоксиребоза не рибоза, 1 фосфор қышқылының қалдығы (монофосфат) кездеседі. ДНҚ (дезоксинуклеотид қышқылы) нуклеотидтері дезоксирибозадан А, Г, Ц, Т азоттық негіздерінен, 1 фосфаттан (монофосфат) құрылған, оларды д АМФ, д ГМФ, д ЦМФ, д ТМФ деп атайды. ДНҚ молекуласы қосширатпалы болып келеді (Ф. Крик, Д.ж. Уотсон). Оның алғашқы, екінші реттік, үшінші реттік құрылыстары белгілі.
    ДНҚ молекуласының алғашқы құрылысы- бір жіпшеде нуклеотидтердің (А, Г, Ц, Т) бірізділікпен тізбектеніп орналасуы болып табылады. ДНҚ алғашқы құрылысы фосфодиэфирлік байланыс арқылы тұрақтанады, яғни бір жіпшедегі нуклеотидтер бір-бірімен фосфаттық топ арқылы байланысқан:
    ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылысы оның екі жіпшесіндегі азоттық негіздердің бір-бірімен комплиментарлы сутектік байланыс арқылы байланысуы (А-Т; Г-Ц) арқылы түзіледі ДНҚ жіпшелерінің 51 және 31 ұштары белгілі, ДНҚ молекуласының қосширатпасы (тізбектері) бір біріне антипаралель орналасқан;
    (51) ... АТТГАЦГГЦ ......( 31)
    (31) ... ТААЦТГЦЦГ...... (51)
    Сонымен қатар А-Т арасында 2 сутектік байланыс болса, Г-Ц арасында 3 сутектік байланыс болады сондықтан-да Г-Ц байланысы, А-Т байланысына қарағанда әлде қайда мықтылау болып келеді. ДНҚ молекуласының 3 реттік құрылысы ретінде оның ақуыз (гистонды ақуыздармен) байланысын айтуға болады.
    Хромосомаларда ДНҚ молекуласы гистонды ақуыздармен байланысып нуклеогистон құрайды, ол хроматин жіпшесі ретінде белгілі. Хроматин жіпшесінің тірегін нуклеосома денешіктері құрайды, ол 4 түрлі гистонды ақуыздардың –(Н2а, Н2в, Н3, Н4) қос молекуласынан құрылған. Осындай әр бір денешікті ДНҚ молекуласы екі рет ширатылып оралады және оның ұзындығы 140 н.ж. тең. Нуклеосома денешіктері бір бірімен тығыз жабысып орналаспай біршама алшақтау орналасқан.
    Нуклеосома денешіктерінің араларындағы ДНҚ учаскелерін линкерлік (жалғаушы) учаске деп атайды, ал әрбір линкерлік учаскемен гистонды ақуыздың 5 түрі –Н1 гистон байланысқан. Хроматин жіпшесінде ДНҚ өте көп, 600 000-ға жуық, нуклеосома денешіктерін түзеді. Нуклеосома денешіктері хромасомалардағы ұзындығы 190 см ДНҚ молекуласының өлшемі жағынан микроскопиялық, бірнеше микрометрге -180 мкм. тең, 46 хромосомаларда тығыздалып, ширатылып орналуына мүмкіндік береді.
    Жасуша ядросындағы барлық хромосомаларда орналасқан ДНҚ ұзындығы 190 см. тең, ал нуклеосома жіпшенің ұзындығы ДНҚ ұзындығынан 6,2 есе кем. Нуклеосома жіпшелері әрі қарай ширатылып хроматин жіпшелеріне айналады. Хроматин жіпшелерінің ұзындығы нуклеосома жіпшелерінің ұзындығынан 18 есе кем, ал ДНҚ молекуласының ұзындығынан 6,2х18=100 есеге кем.
    Ақуыз молекуласы - полимер, оның мономерлері болып аминқышқылдары саналады. Қазіргі кезде табиғатта анықталған аминқышқылдардың жалпы саны-300-дей, бірақ ақуыз молекулаларында олардың тек 20-α-аминқышқылдары ғана кездеседі. Бұл аминқышқылдарды ақуыздық, протеиндік аминқышқылдары деп атайды. α-Аминқышқылдарының барлығының құрылысы жалпы алғанда бір-біріне ұқсас, яғни олар амин тобынан (NН2), көмірсутектен (СН), карбоксил топтарынан (СООН) құрылған қаңқадан (остав) және ортаңғы көміртек атомымен (Сα ) альфа орны бойынша байланысқан радикалдан тұрады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет