Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)
Тақырыпты жоспарымен таныстыру
Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы
Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.
Ұсақ молекулалы заттардың өткізілуі.Ұсақ молекулалы заттардың биомембрана арқылы өткізілуінің 3 жолы белгілі:
а) жай диффузия;
б) жеңілдетілген диффузия;
в) белсенді тасымалдану.
Жай диффузия-өздігінен, ешбір көмексіз, концентрация градиенті (жоғары концентрациядан төменгі концентрация) бағытында заттардың мембрана арқылы өтуі. Мұндай әдіс арқылы кіші молекулалы гидрофобтық органикалық қосылыстар (май қышқылдары, зәр қышқылдары) және ұсақ, бейтарап молекулалар (Н2О, СО2, О2) өтеді. Мембрана арқылы шектелген қуыстардың (органеллалар) концентрация айырмашылығы көбейген сайын диффузия жылдамдығы да пропорционал өседі, ал олардың концентрациясы теңессе диффузия тоқталады.
Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)
Ұсақ молекулалы заттардың өткізілуі жобасын альбом бетіне түсіру.
Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)
Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)
Оқушылардың білім деңгейін бағалау. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
Үйге тапсырма беру 2 мин (2%)
Жасушаға сигнал берілудің негізгі этаптары.Медициналық ерекшелігі.
14. Сабақтың тақырыбы. Жасушаға сигнал берілудің негізгі этаптары. Медициналық ерекшелігі.
Сағат саны: 90 мин ( 100%)
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Оқыту : Студенттерге жасушааралық сигнализация, сигналдардың берілуін, жекелеген эндокриндік жасушалардың түрліше гормондарды секрециялайтындығын, нейромедиаторлардың санының көп болатындығын түсіндіру.
тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
дамыту: жаңа қосымша инновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.
Оқыту әдісі: Жаңа инновациялық әдістер арқылы тақырыппен таныстыру (презентация), мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер,тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау, сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер
Достарыңызбен бөлісу: |