Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (15 %)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Везикулалық тасымалдану
Трансмембраналық тасымалдану
Ұсақ молекулалы заттардың биомембрана арқылы өткізілуі
Транслоказалар
Антипорт қызметі
Симпорт қызметі
Заттардың өткізілуінің кейбір жүйелері
Катиондық арналар
H-холинорецепторлар
Көлденең жолақ бұлшықет ұлпасында Са 2+ иондарының тасымалдану жүйесі
Сабақтың мақсаты мен міндеті:
Студенттерге мембрана арқылы заттардың өткізілуін, ұсақ молекулалы заттардың өткізілуін, жай диффузия, жеңілдетілген диффузия, белсенді тасымалдану, транслоказа қызметін үйрету.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.
14 мин (15%)
1.Биомембраналардың құрылысы
2.Биомембраналардың қызметтері
3.Мембрана липидтері
4.Мембрана ақуыздары
5.Құрылымдық ақуыздар
6.Тасымалдаушы ақуыздар
7.Жасушааралық әрекеттесулерді қамтамасыз ететін ақуыздар
Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)
Тақырыпты жоспарымен таныстыру
Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы
Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.
Ұсақ молекулалы заттардың өткізілуі.Ұсақ молекулалы заттардың биомембрана арқылы өткізілуінің 3 жолы белгілі:
а) жай диффузия;
б) жеңілдетілген диффузия;
в) белсенді тасымалдану.
Жай диффузия-өздігінен, ешбір көмексіз, концентрация градиенті (жоғары концентрациядан төменгі концентрация) бағытында заттардың мембрана арқылы өтуі. Мұндай әдіс арқылы кіші молекулалы гидрофобтық органикалық қосылыстар (май қышқылдары, зәр қышқылдары) және ұсақ, бейтарап молекулалар (Н2О, СО2, О2) өтеді. Мембрана арқылы шектелген қуыстардың (органеллалар) концентрация айырмашылығы көбейген сайын диффузия жылдамдығы да пропорциональ өседі, ал олардың концентрациясы теңессе диффузия тоқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |