Сабақтың тақырыбы: Ғимарат үлгі- лерін ойлап тауып, суретін салып үйренеміз
Мектеп
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні
СЫНЫП: 3
Қатысқан оқушылар саны
Қатыспағандар
Оқу мақсаттары
Шығармашылық қабілеттерін дамыту, суретті кезең-
кезеңімен жетілдіруге үйрету.
Бағдарламалық міндеті
3.1.4.1, 3.2.3.1
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер
Мұғалім үшін: суретті кезең-кезеңімен жетілдіруге бағытталған ойын өткізу. Сәулет кешендерін салу жолдарын үйрету.
Оқушылардың шығармашылық міндеті:«Бізге үй тұрғызу түк емес!» ойынына қатысу, №1 жұмыс
дәптерінің 26– 31-беттеріндегі (таңдаулары бойынша) тапсырманы орындау.
Оқушылардың міндеті
Сәулет кешендерін суреттеу, өз ойын түсіндіру,
мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
Тірек сөздер:сәулет кешендері, сәулет ансамблі, сәулет өнері, өнер туындылары, кезең-кезеңімен сурет салу, жобаны біртіндеп жақсарту.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: Сәулет өнері дегеніміз не?
Жауап. Сәулет өнері – түрлі ғимараттарды жобалау және тұрғызу.
Сен тұратын қалада әдемі сәулет туындылары көп пе? Жауап. Оқушылардың тұратын жеріне қарай жауаптар әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір жауаптарды түсіндіріп өткен дұрыс.
Есіңде қалған әдемі ескерткіштер бар ма? Оларды атап, суреттеңдер. Ол ғимараттарды қай қалада көрдің- дер?
Жауап. Тек қаланы атап қоймай, ғимараттарды да суреттеп, қандай ғимараттар екенін айтуды тапсырады (стадион, театр, мұражай, тұрғын үй және т.б.).
Қалаларыңда алуан түрлі және әдемі ғимараттар болғанын қалайсыңдар ма?
Жауап. Толық жауап беріп, қалаларға әр алуан және
әдемі ғимараттар не үшін керек екенін түсіндіру керек.
Сәулетшілерге ерекше ғимараттар ойлап табуға көмектескілерің келе ме?
Сәулет құрылыстары қандай болу керек?
Жауап. Олар берік болуы тиіс (қауіпсіз, ыңғайлы, әдемі). Егер оқушылар сұраққа бірден жауап беруге қиналса,
жетекші сұрақ қойыңыз. Сонымен, үй қандай болу керек? – Берік! Егер төбесі өте аласа немесе керісінше өте биік, не баспалдақтары биік, терезесі үлкен не кіші болса, мұндай үй ыңғайлы болар ма еді? Демек, үй
ыңғайлы болуы керек. Біз сәулет құрылыстарын өнер туындысы дейміз, демек, үй әдемі болуы тиіс! Бұл кез келген сәулет құрылысына қойылатын негізгі талаптар. Оқушыларға бірнеше әйгілі сәулет құрылыстарын түстік шешіміне, композициялық және шығармашылық ерек- шеліктеріне қарай суреттеуді ұсынады.
Күтілетін нәтиже
Барлық оқушылар: суретті кезең-кезеңімен салу мүмкіндіктерін біледі. Кезеңмен жұмыс істеп,
жұмыстарын жақсарта алады.