Раупова Надежда Алимовна КӨркем еңбек оқыту əдістемесі мазмұны



бет66/128
Дата15.11.2023
өлшемі436,32 Kb.
#123800
түріҚұрамы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   128
Байланысты:
Көркем еңбек оқыту әдістемесі 3-сынып

Материалды түсіндіру

Бұл сабақ әңгіме түрінде өтеді. Оқушылар өнердің негізгі түрлерімен танысады. Оқушылар олардың көпшілігімен таныс, мұғалім балалардың танымын
«өнер» түсінігімен кеңейтеді. Өнердің көпқырлы екенін, олар көрермендермен түрлі құралдар
арқылы тілдесетінін түсінуі керек: (бейнелеу өнері, театр, кинематограф, балет), тыңдарманмен
(музыка, вокал өнері), оқырманмен (әдебиет). Әрбір өнер түрінің басты әсерлегіш құралдары бар:
музыкада – дыбыс, әдебиетте – сөз. Балалар
бейнелеу өнерінің басты әсерлегіш құралдарын еске түсірсін. Бірнеше әсерлегіш құралдан тұратын өнер түрлері да бар. Мысалы, адам театрға балетке бара жатса, ол көрермен әрі тыңдарман, оған бидің әсем ырғақтары да, музыка дыбысы да, декорация, костюм де, сөзбен жазылған, либретто деп
аталатын сюжет те әсер етеді. Бірнеше түрден тұратын өнер түрлері синтетикалық деп аталады. Оқушылардан мына өнер түрлерін де сұрау керек (кинематограф, театр, цирк).
Одан әрі бейнелеу өнеріне ауысады. Мұнда да оқушыларға бәрі таныс (олар кескіндеменің, графиканың, сәндік-қолданбалы өнер мен мүсін өнерінің не екенін біледі), алайда олар «бейнелеу өнерінің түрлері» бойынша жалпы түсініктерін
байланыстырған жоқ, енді олар бейнелеу өнерінің бір түрін екіншісінен қалай ажыратуға болатынын түсінуі керек. Ал оларды ажырату қиын емес: олар басты әсерлегіш құралдары арқылы ажыратылады: кескіндемеде – түс пен реңк; графикада – сызық, штрих; мүсін өнерінде – көлем. Ал сәндік- қолданбалы өнері аталғандардың бәрін жинақтап, тұрмыс заттарын әшекейлеуге қолданылады.

Оқулық.

Өнер түрлерінің, бейнелеу өнері түрлері


(графикалық, кескіндеме, мүсін және сәулет өнері) фотосуреттерінің репродукциялары.
№2 қосымшадағы материалдар.

Өздік жұмысты орындау

Оқушыларға бейнелеу өнерінің әр түріне жататын жұмыстардың репродукциялары ұсынылады, оларды бейнелеу өнерінің негізгі түрлеріне қарай 4 бөлікке бөлу керек. Мысалы, бейнелеу өнері түрлері жазылған қағазды тақтаға іліп қойып, оқушыларға әрқайсысының астына сәйкес
туындыларды қойып шығуды тапсырады. Жұмыстардың барлығын нөмірлеп, кестені дәптерлеріне сызып, оған туынды нөмірі мен
бейнелеу өнері түрлерінің атауын сәйкестендіріп сызады. Альбомға графика, кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнеріне қатысты суреттерді салуға тапсыруға болады.

Жұмыс дәптері, қалам не жай қарындаш.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет