Раупова Надежда Алимовна КӨркем еңбек оқыту əдістемесі мазмұны



бет72/128
Дата15.11.2023
өлшемі436,32 Kb.
#123800
түріҚұрамы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   128
Байланысты:
Көркем еңбек оқыту әдістемесі 3-сынып

Сіз оқушыларға қолдау

Бағалау

Құндылықтармен байланыс

көрсету үшін не істейсіз?

Сабақта оқушыларды

Бейнелеу өнерінің алуан түрлі

Сабақтың барысында оқушы-

бағалау:

туындылары (пейзаж, портрет,

ларды бағалайды:

1) оқушылардың

натюрморт). Оқушылар

Жарайсың, сен сұрақтарға

мұғалімнің және

осылайша дүниежүзі

толық жауап бересің! Сен өте

оқулықтағы сұрақтарға

мәдениетімен сусындайды.

байқампазсың! Сен табиғат

жауабы;

Эстетикалық көзқарастарын

нысандарын жақсы суреттейсің

2) ойынға қатысуы;

қалыптастыру мақсатында №2

(суретшілер туындыларын)!

3) туындылардың

қосымшадағы материалдар мен

Сен тапсырманы жақсы

репродукцияларын

тақпақтарды пайдаланады.

орындауға тырыстың! Сен

суреттеуі;




жұмыстарды талқылауға

3) жұмысты талдап,




белсене қатыстың! және т.б.

талқылауға қатысуы;







4) жұмыс дәптерінде







орындалған







тапсырмалар (жақсы







жасалған жұмыстарды







ғана бағалаңыз).




Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен
бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады. Оқушылардан олар өздерін мұрайжайда сенімді ұстай ала ма екенін сұрау керек. Бейнелеу өнерінің түрлері мен
жанрларын айта отырып, экскурсия жүргізе ала ма екен? Олардың жауаптарын тыңдаңыз.



20–21-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Түс және символ.
Белгі символдары. Өнер түрлерін білдіретін белгілер жасаймыз.
Таныстыру, талдау және бағалау

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

СЫНЫП: 3

Қатысқан оқушылар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Оқушыларды бейнелеу өнеріндегі «символ» түсінігімен таныстыра отырып, шығармашылық қабілеттерін
артыру.

Бағдарламалық міндеттер

3.1.2.2, 3.3.2.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: «символ» түсінігімен, бейнелеу өне- ріндегі түс және белгі (рәміз, нышан) түрлерімен таныстыру. Жұмыс істеу барысында меңгергендерін пайдалануға үйрету.
Оқушылардың шығармашылық міндеті: белгілі бір өнер түрін білдіретін 2–3 белгі жасау (тәсілін өздері таңдайды).

Оқушылардың міндеті

Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, әртүрлі түстердің, қолөнер шеберлерінің туындыларын- дағы белгілерді сипаттау. Жаңа термин сөздерді үш тілде білу.
Тірек сөздер: символ, түс символикасы, символды бейне, ою-өрнектің символикалық мәні бар, өнер түрлерінің символдық бейнесі, ежелгі грек музалары әр алуан өнер түрлерін білдірген.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Символ дегеніміз не?

Жауап. Символ – қандай да бір түсінік пен құбылысқа тән шартты белгі. Әр халықтың, адам топтарының өз символдары бар.

  1. Символ қандай болу керек?

Жауап. Символ қысқа ғана болып, ең басты нәрсені білдіруі керек.

  1. Қазақ мәдениеті мен қолөнерінде қызыл, ақ, қара және басқа да түстер нені білдіреді?

Жауап. Қазақ мәдениеті мен қолөнерінде қызыл түс отты, өмір мен әдемілікті білдіреді. Ақ түс – тазалық пен адалдықтың, бақыттың, көктегі күштердің түсі. Қазақ қолөнеріндегі қара түс – құдірет пен күш-қуаттың, молшылықтың белгісі. Көгілдір түс – аспан түсі. Жасыл түс өмірдің бастауын білдіреді. Сары түс – даланың,
даналықтың белгісі.

  1. Көптеген халыққа ортақ бірнеше белгілерді атаңдар.

Жауап. Ағаш өмірді, ал Азия халықтары үшін кең
даланы білдіреді. Құс – аспанның, балық – судың, жүрек
– махаббаттың белгісі.




  1. Қазақ ұлттық ою-өрнегі нышан-белгілерден тұрады деп айтуға бола ма?

Жауап. Иә, басқа халықтардың ою-өрнектеріндегідей қазақ халқының өрнектерінде де жануарларды, өсімдік- тер мен аспан шырақтарын білдіретін өрнектер қолданылады.

  1. Бірнеше ою-өрнек түрін атап, олар нені білдіретінін айтыңдар.

Жауап. «Қошқармүйіз», «түйетабан», «құсқанаты»,
«гүл», «жұлдыз».

  1. Символдарды білу не үшін керек?

Жауап. Символдар суретшінің ойын, символдар арқылы көрерменге не айтқысы келгенін білу үшін қажет.
Мемлекеттің елтаңбасы мен туында символдар
бейнеленеді. Ондағы түстер мен бейнелерге қарап мемлекет туралы біраз ақпарат жинайсың.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет