Раупова Надежда Алимовна КӨркем еңбек оқыту əдістемесі мазмұны


Алған білімнің өмірмен байланы- сы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу



бет70/128
Дата15.11.2023
өлшемі436,32 Kb.
#123800
түріҚұрамы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   128
Байланысты:
Көркем еңбек оқыту әдістемесі 3-сынып

Алған білімнің өмірмен байланы- сы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мұражай және көрме залдарына дайындалып бару керектігі туралы әңгімелесу. Сауатты көрермен мұражайдан көбірек әсер алады. Ол өнер түрлерін тереңірек түсінетін
болады. Тек туындыны көріп қана қоймай, мысалы, кескіндеме портретін немесе графикалық пейзажды алатын болсақ, онда қандай әсерлегіш құралдар қолданылғанын, суретші оның көмегімен не айтқысы келгенін түсіну керемет емес пе? Бейнелеу өнерінің кез келген түрін қызықты кітап тәрізді оқуға болады. Сендер туындының түрі, оның басты әсерлегіш
құралдары, композицияның өлшемі мен пішімі

Тақтада әртүрлі штрихтар мен бояу жағындыларын көрсету үшін қағаз парақтары ілінеді. Фломастерлер.

Оқулық.



Анималист- суретшілер мен пейзажшылардың







туралы көп нәрсе білесіңдер. Бүгін туындының жанрын анықтап үйренесіңдер. Сонда мұражайға келіп, қандай да бір туындының қандай жанрға
жататынын лезде білесіңдер. Бәлкім, араларыңда мұражайға не көрмеге барып экскурсия жүргізіп, білімін көрсететіндер де табылар.

графикалық және кескіндеме
жұмыстары.

Материал- ды
түсіндіру

Бүгін біз сендермен бірге вернисажға барамыз (вернисаж – өнер туындылары сатылатын көрменің салтанатты ашылуы). Вернисажда бейнелеу өнерінің әр алуан түрлерінің туындылары бар, қараңдаршы, олар өте көп (оқушылардан «дүкендегі» бейнелеу өнері түрлерін атауды сұрайды). Оқушылар өткен сабақтың материалын қайталап, бейнелеу өнері түрлерін анықтайды. Оқушылардың назарын
кескіндеме туындыларының көптігіне, олар алуан түрлі екеніне аударыңыз, жұмыстарда не
бейнеленгенін айтсын (портрет, пейзаж, натюрморт). Оқушылар бірінші, екінші сыныптың материалынан портрет, пейзаж, натюрморттың не екенін біледі.
Мұның бәрі бейнелеу өнерінің жанрлары екенін айту керек. Туындының жанрына қарап не бейнеленгенін білеміз: егер табиғат бейнеленсе, ол – пейзаж, егер адамдар бейнеленсе, онда портрет, егер жансыз
табиғат бейнеленсе, онда натюрморт. № 2 қосымшадағы тақпақтарды оқиды.
Бейнелеу өнерінің жанрлары туралы әңгімелескенде, балалардың назарын оқулықтағы иллюстрацияларға аудару керек. Оларға қарап, бір жанр бейнелеу өнерінің әр түріне жататынын білуге болады. Мысалы оқулықтың 70-бетіндегі пейзаж жанры кескіндемеге, графикаға, сәндік-қолданбалы өнеріне де жатады.
Басқа жанрлардың да осылайша бейнелеу өнерінің қандай да бір түріне жататынын анықтауға болады. Балалар мыналарды үйренуі керек: 1) жанр және түр түсініктерін анық білу – түр туындының немен салынғаны арқылы байқалады, оның басты әсерлегіш құралы не (егер туынды бояумен салынып, онда
бастысы түс болса, ол – кескіндеме және т.б.), ал
жанр картинада не бейнеленгеніне қарай анықталады;
2) бір жанр бейнелеу өнерінің әр түрінде көрінетінін түсіну, яғни кескіндемеде, графикада, мүсін өнерінде және сәндік-қолданбалы өнерде. Кейбір туындыларда бірнеше жанр болуы мүмкін, мысалы, портрет табиғат аясында немесе натюрморттың жанында салынады. Одан әрі «Вернисажда» ойынын ойнайды: картинаны сатып алатын оқушылар оның түрін, жанрын анықтап, ерекшеліктерін атап, әсерін жеткізуі тиіс.

Оқулық. Анималист- суретшілер мен пейзажшылардың графикалық және кескіндеме
жұмыстары.
№1, 2 қосымша- дағы материал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет