Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
СЫНЫП:3
|
Қатысқан
оқушылар саны
|
Қатыспағандар
|
Оқу мақсаттары
|
Алған білімді бекіту, жиналған ақпаратты тәжірибеде
қолдану білігін дамыту.
|
Бағдарламалық міндеттері
|
3.2.2.1, 3.3.1.1
|
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер
|
Мұғалім үшін: атақты адамның портретіне жақтау жасауға үйрету. Жасаған жұмыстарын таныстыруды ұйымдастыру.
Оқушылардың шығармашылық міндеті: табиғи және
жасанды материалдарды пайдаланып, атақты адамның портретіне жақтау жасауға үйрету.
|
Оқушылардың міндеті
|
Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, жақтау жасау бойынша идеяларын ортаға салу,
оқулықтың 90-бетіндегі сұрақтарға жауап бере отырып, жасаған жұмыстарын таныстыру, жаңа термин сөздерді үш тілде білу.
Тірек сөздер: атақты тұлғалар, тақырыпқа сәйкес жақтау, сәндеу, жұмыс материалдары, жұмыс реті.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:
Ұлы музыканттың портреті орналасқан жақтауға нені бейнелеуге болады?
Жауап. Музыкалық аспаптар, ноталар.
Ұлы суретшінің портреті орналасқан жақтауға нені бейнелеуге болады?
Жауап. Палитра, қылқалам, бояу.
Саяхатшының портреті орналасқан жақтауға нені бейнелеуге болады?
Жауап. Карта, глобус, дүрбі, компас.
Әйгілі спортшының портреті орналасқан жақтауға нені бейнелеуге болады?
Жауап. Кубок, медаль, спорттық құрылғылар.
Жақтауды қандай материалдардан жасауға болады? Жауап. Жақтауды ағаштан, полимер балшықтан, сым, бұтақ, майда тастар мен ұлу қабыршағын, кепкен
өсімдіктер мен жапырақтарды желімдеуге болатын қатырма қағаздан.
Жақтауына қарап портетте кім бейнеленгенін табуға бола ма?
Сұраққа толығырақ жауап беру керек, балалар портреттегі адамның немен шұғылданатынын қалай білетінімізді нақтылып айтуы керек.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |