басында оқушылардың есіне қауіпсіздік ережесін салады.
Сіз оқушыларға қолдау көрсету үшін не істейсіз?Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат
нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)!
Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға
белсене қатыстың! және т.б.
тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз).
Құндылықтармен байланыс Бұл сабақта оқушылардың
белсенді өмір әрекеттері мен эстетикалық көзқарастары қалыптасады. Демалу
мәдениетімен танысады.
Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен бә- рін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды,
қандай нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.