«Түс нені жақсы көреді?» ойыны
Жүргізуші: «Жасыл түс нені жақсы көреді?» деген сұрақ қояды.
Жауаптар əртүрлі болады: бірінші нұсқада жасыл түсті заттың бəрін атап шығады. Бұл ең оңай жауап нұсқасы.
Шыршаны (қолтырауын, құрбақа, ағаш, тотықұс), сондықтан оған өз түсін сыйлаған. Басқа жауап түрлері:
Күнді, өйткені өсімдік атаулының бəрі Күннің астында өседі.
Құстардың сайрағанын, өйткені құстар бұтақтарда тұрып əн салады, жасыл түс оларды тыңдап тұрады.
Гүлдерді, өйткені олар əрдайым жасыл түстің жанында, оларға көрік беріп, көңіл күйін көтереді.
Тыныштықты, өйткені табиғатта – орманда, егістікте тыныштық орнайды.
Өз реңктеріне сүйсіне қарайды жəне т.б. Кім көбірек жауап берсе, сол жеңеді.
«Заттардың түсі қандай?» ойыны
1-нұсқа.
Мұғалім сынып ішін аралап жүріп, оқушының иығынан қағып (жүргізуші болатын оқушыны), бір түсті атайды (қызыл).
Оқушы сондай түсті заттарды атайды (көкнəр). Сыныптағы қалған балалар өз нұсқаларын атайды (бір оқушы бір затты айтады). Жүргізуші өзінің жауабын айтады (батқан күн). Келесі оқушы тағы бір затты атайды (қызанақ), жүргізуші тағы да басқа затты атайды (күзгі жапырақ) жəне т.б. Егер соңғы нұсқаны жүргізуші айтса, ол жеңеді. Мұғалімнің орнына барады. Одан кейін басқа түспен ойынды жалғастырады.
2-нұсқа.
Жүргізуші бір түсті жасырады (қызыл). Балалар тек сол түсті заттарға сұрақ қояды. Жүргізуші «иə» немесе «жоқ» деп жауап береді. «Жоқ» деген жауап алған бала сұрақ қоя алмайды. Мысалы:
Шыршаның түсі сондай ма?
Жоқ. (Сұраған бала ойыннан шығады.)
Күннің түсі сондай ма?
Иə. (Сұраған бала ойында қалады.)
Сары түс пе?
Жоқ. (Сұраған бала ойыннан шығады.)
Қызанақтың түсі ме?
Иə. (Сұраған бала ойында қалады.)
Қызыл түс пе?
Иə!
Тапқан бала жүргізуші болады.
Бастапқыда мұғалімнің өзі жүргізуші болғаны дұрыс. Ол балалардың сұрағына нақты жауап бере алады (мысалы, бала «Күннің түсі қандай?» деген сұраққа қате жауап беруі мүмкін).
Достарыңызбен бөлісу: |