Раупова Надежда Алимовна КӨркем еңбек оқыту əдістемесі мазмұны



бет116/128
Дата15.11.2023
өлшемі436,32 Kb.
#123800
түріҚұрамы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   128
Байланысты:
Көркем еңбек оқыту әдістемесі 3-сынып

«Түсті тап» ойыны

1-нұсқа.
Жүргізуші түсті жасырады. Балалар қай түс екенін табады (оған жүргізуші тек «иə» немесе


«жоқ» деп жауап береді). Мысалы, сары түсті жасырады, оқушылар сұрақ қояды.

  • Ол кемпірқосақтың түстерінің бірі ме?

  • Иə.

  • Ол суық түс пе?

  • Жоқ.

  • Жылы ма?

  • Иə.

  • Құрама ма?

  • Жоқ. (Демек, бізде тек екі түс қалды – қызыл жəне сары, дəл жауап беру үшін тағы бір қосымша сұрақ қойған дұрыс.)

  • Қарбыздың ішінің түсі сондай ма?

  • Жоқ.

  • Бұл қызыл түс пе?

  • Жоқ.

Демек, сары түс. 2-нұсқа.
Жүргізуші түсті жасырып, оны ым-ишарамен білдіреді. Мысалы, қызыл түсті жасырып, күйіп қалғанын немесе саусағын кесіп алғанын не алма жеп жатқанын көрсетеді. Көк түс – аспанға қарап не жүзіп жатқанын бейнелейді. Балалар түстерді атауы тиіс.
Ойында екі жеңімпаз болуы мүмкін: біріншісі – түсті жақсы бейнелеген оқушы, екіншісі –
дұрыс тапқан бала.
«Менің көңіл күйім» ойыны

Жүргізуші бала тақтаға шығып, мимика арқылы көңіл күйін көрсетеді.


Балалар жауап ретінде сəйкес түс үйлесімін көрсетеді. Жүргізуші кім жылдам əрі дəл тапқанын анықтайды. Сол бала жүргізуші болады.
«Шатысу» ойыны

Балаларға табиғат патшалығындағы түстерге бірдеңе болған деген хабар келеді. Онда тəртіпсіздік жайлаған: шыршаның түсі күлгін, аспандағы Күн жасыл түсті, алмаағашындағы алмалар көк, саваннадағы арыстандар ашық көк түсті, теңіз суы қызғылт сары түсті жəне т.б. Егер балалар не болғаны туралы қызықты оқиғалар тауып айтса, бəрі де орнына келеді (əрқайсысы ертегі ойлап табады): «Алмалар неге көк түсті?», «Сары түсті Күн қалай жасылға айналды?», «Теңізге қызғылт су қайдан келді?» жəне т.б.


Осы оқиғалар бойынша сурет салып, оларды кейін альбомға жинап қоюға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет