Күтілетін нәтиже
|
Барлық оқушылар: символдың не екенін, түс және белгі символдарын біледі. Кейбір символдардың
мағынасын түсінеді.
|
Оқушылардың көпшілігі: өнер туындыларындағы символдың рөлін (сондай-ақ ұлттық ою-өрнектердегі) түсініп, сол арқылы туындыны түсіне алады. Өз символ-
дарын ойлап табады.
|
Кейбір оқушылар: белгілі бір түсініктер мен құбылыстарды білдіретін бейнелер ойлап табады.
|
Бұрын алған білімдері
|
Суретшінің әсерлегіш құралдары. 1-сынып. Түстің әсерлі мүмкіндіктері. 2, 3-сынып.
Ою-өрнектер. 1, 2-сынып.
|
Пәнаралық байланыс
|
Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: әдебиеттік оқу, қазақ тілі. Оқушылар тақырыпты
талқылап, әдеби туындыларды тыңдау барысында дұрыс әрі бейнелі түрде сөйлеу дағдыларын дамытады.
Шығармашылық шабыттарын ояту үшін жұмысқа кіріспес бұрын №2 қосымшадағы өлеңдерді оқиды.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ
кезеңдері
|
Жоспарланған жұмыс түрлері
|
Дереккөздер
|
Сабақ тақырыбына кіріспе
|
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Тақтаға және қабырғаларға бейнелеу өнері және өнер түрлері
туындыларының репродукциялары ілінген.
|
Әр алуан өнер түр- лері бейнеленген фотосуреттер.
|
|