Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар: Теңіз бейнеленетін бейнелеу өнері жанры қалай аталады? Жауап. Марина.
Теңізді бейнелейтін әйгілі суретшілерді ата. Иван Айвазовский, Уильям Тернёр, Поль Синьяк.
Реңк дегеніміз не? Суретші оны палитрада қалай шығарады?
Жауап. Реңк – бір түстің түрленуі. Суретші палитрада әртүрлі түстерді араластыру арқылы алады.
Гуашь бояуларының қасиеттері мен бояу жағынды- лары туралы білетіндеріңді есіңе түсір.
Жауап. Гуашь – суда еритін қоймалжың бояулар. Бояу жағындысымен нысандарды, сонымен қатар теңіз толқынын бейнелеуге болады.
Акварель бояуларының қасиеті туралы не білесің? Жауап. Акварель – суда еритін мөлдір бояу.
Бұл бояумен судың мөлдірлігін беруге болады.
Теңіздің түсі қандай болады? Теңіздің қандай түстерін білесіңдер?
Жауап. Теңіздің түсі алуан түрлі болады: жарықтың түсуіне қарай қара, ашық көк, көгілдір, қызыл, ақшыл көк түс.
Қара, Қызыл, Сары, Ақ теңіз.
Пуантилист-суретшілердің сурет салу мәнері қандай? Олар қысқа түрлі түсті нүкте, дақтармен сурет салған («пуант» – французша «нүкте» деген мағынаны білдіре- ді). Түстерді бұлай араластыру оптикалық деп аталады.
Суды қандай материалдармен және жолдармен бейне- леуге болады?