Кез келген мерекені адамдар ұйымдастырады. Егер адамдар қаланы, пәтерін безендірмесе, мерекелік бағдарламаларды ұйымдастырмаса мерекелік көңіл күй де болмайды. Оқушылар қандай да бір мерекеге қалай дайындалатынын айтып береді. Мысалы, Наурыз мерекесі мен Жаңа жылға қалай дайындалатындарын айтып
берсін. Оқушылар мерекенің көңілді өтуі олардың өзіне байланысты екенін түсінулері керек.
Олардың кез келген мерекені көңілді өткізуге шамасы жетеді.
Балалардың ойын алаңшаларының
фотосуреттері мен суреттері.
Материалды түсіндіру
Сабақтың басында мерекелерді талқылайды. Мерекелер әртүрлі болатыны жайлы әңгімелесуге болады. Мемлекеттік және ұлттық мерекелер бар, оларды еліміздегі барлық адам атап өтеді.
Оқушылар оларды атап шығады. Кәсіби және отбасылық мерекелер бар. Отбасылық мереке- лерге туған күн, мерейтойлар жатады. Алайда мерекелерді талқылауға көп уақыт жұмсаудың қажеті жоқ, өйткені басқа сабақтарда да айтылды ғой. Бұл пәннің міндеті мерекелерді эстетикалық көзқараспен байланыстыру, сондықтан оқушы- лармен мерекеге қалай дайындалу керегі жайында сөйлеседі. Оқушылар мереке әрдайым көтеріңкі көңіл күйді білдіретінін түсінуі керек, ал сол
көңіл күйді қаланы безендіретін адамдардың өзі жасайды. Түстің эмоционалды әсері және Наурызға қала қалай дайындалатынын,
адамдардың мереке күндері әдемі киінетіндерін, сыйлықтар әзірленіп, оларды қалай орайтындарын айту қажет. Оқушылардың кез келген мерекені гүлдендіруге күші жететініне көздері жетуі керек. Олар үйлерін әшекейлеп, сыйлық әзірлей алады, әдемі киініп, қонаққа жайнатып дастарқан жая алады (олар салфеткаға сақина жасағандарын еске түсіреді). Түсті сезу, ой ұшқырлықтары мен
ынтасы оларға мерекелік көңіл күй орнатуға көмектеседі. Оқушылар №2 жұмыс дәптерінің 26– 29-беттеріндегі тапсырмаларды орындайды.
Түспен жұмыс істеу дағдылары сыйлықты, гүлді орауға қағазды таңдағанда, құттықтау ашық хатын жасағанда, басқа да мерекелік заттарды
әзірлегенде керек болады. Одан соң оқушылар оқулықтың 104–105-бетіндегі материалды қарастырады. Балалар әртүрлі аттракциондар туралы білетін мәліметтерімен бөліседі. Олар
өздері көңілді аттракцион ойлап табады. Алдымен оқушылар дизайн туралы білетіндерін, оның
басты талаптарын еске түсіріп, сол талаптарға сай (ыңғайлылық, әдемілік, беріктік) аттракцион
жасайды. Жұмысты кез келген тәсілмен орындайды.