Кірме күрделі терминдерді құрылымына қарай екі топқа жіктеп қарастырылды:
Екі компоненті де өзге тілден енген терминдер.
Бірінші топқа: биосфера, кронблок, метаморфоза, термометр, гидростатистика, вискозиметр, борометр.
2. Бір компонентті кірме сөзден екіншісі төл сөзден тұратын терминдер.
Екінші топқа: автокөтергіш, гидросоққыш, автотұрақ т.б.
Бір компонентті төл сөзден, екіншісі кірме сөзден тұратын іркесті терминдер: бензин буы, газ қондырғылары, цемент ертіндісі, герметикалық құрылғы, бұрғылау мастері, нақтылы диаметр, бұрғы станогі, құбыр муфтасы, бұрғылау технологиясы т.б.
Енді осы терминдердің тағы бір ерекшелігі көп жағдайда екінші компонентіне
тәуелдік жалғауының үшінші жағында келетін терминдер: таль жүйесі, газ қысымы, жуу секторы, шарошка тістері, мотор майлары, бұрғылау рейсі, ротор ішпектері, газ торабы т.б.