Разноцветная Простая Урок Естественных Наук Образование Презентация


Халықаралық атаулардың қазақ тіліне қабылдануы



бет2/8
Дата07.01.2022
өлшемі490,99 Kb.
#18158
1   2   3   4   5   6   7   8
Халықаралық атаулардың қазақ тіліне қабылдануы

СТРАНИЦА 08





Халықаралық терминнің қазақ тіліне енуі

Халықаралық терминдердің тілімізге ену кезеңі — Алаш зиялыларының өмір сүрген кезеңінен басталады. Бұл кезең терминология жөніндегі ой-пікірлердің құндылығымен ерекшеленеді. Алаш зиялыларының көсемі А.Байтұрсынұлы бастаған ғалымдар тобы халықаралық терминдердің тілімізге енуі, қабылдануы жəне олардың қолданысы жайлы өз пікірлерін айтып кеткен. Бұл кезеңнің қоғам үшін, біздің ұлт тіліміз үшін маңызды бағыттарының бірі — зиялы қауымның жат сөздерді тіліміздің заңдылығына сəйкестендіріп қабылдауы болатын.

Алайда 1910–1930 жылдар аралығында қазақ зиялыларының қаламынан туындап, кейін қолданылмай қалған терминдердің барлығы болмаса да, басым көпшілігі негізсіз шеттетілген. Ондай терминдердің бір тобы өткенімізді саралап қарай бастаған соңғы жылдары араға 70–80 жыл уақыт салып барып қайта қолданысқа енгізіліп, терминқорымыздан орын алып жатыр.


  • ХХ ғасырдың 50–70-жылдары аралығында қазақ тілінің терминдер жүйесі қалыптастырылды, реттелді, бұл тармақ əсіресе практикалық тұрғыдан біршама тиянақталды деген тұжырым жасалған болатын жəне бұған дəйек ретінде қазақ терминологиясының 70–80 пайызын кірме, яғни интернационалдық (халықаралық), терминдер құрайтындығы көрсетілген еді.

  • Қазақ тіліне шеттен енген сөздерге қазақша балама іздей бастасақ, «жоқ, бұл халықаралық термин, оны қазақшаға аударуға болмайды» деп шыға келеміз. Ал шындығында, «халықаралық терминдер дегеніміз қандай сөздер»? – дегенге Республикамыздағы белгілі терминолог Байынқол Қалиұлы былай дейді:
  • «Халықаралық терминдер дегеніміз арғы тегі латын, грек сөздері негізінде пайда болған еуропа тілдерінің сөздері. Ол сөздер орыс тіліне еніп, орыс тілінің тілдік заңдары бойынша азды-көпті өзгерістерге түсіп, қалыптасқан. Бұл сөздер қазақ тіліне (түркі тілдеріне де) енген жағдайда, «олар ешқандай өзгерістерге түспей, орыс тілінде қалай айтылса, солай айтылуы, қалай жазылса солай жазылуы керек» деген талап қойылады. Сондағы дәлелі: бұлар – дүниежүзі халықтарына ортақ сөздер».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет